Олжас Бектенов Антикор басшысы қызметінен босатылды

Олжас Бектенов Антикор басшысы қызметінен босатылды

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы - заңгер. ІІ дәрежелі "Айбын" (2014 ж.) және "Даңқ" (2021 ж.) ордендерімен наградталған. 

Еңбек жолын 2002-2005 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2005-2006 жылдары ҚР премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы, 2006-2009 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде жұмыс істеді.

2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары, 2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы болды.

2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі, 2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, 2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды.

Айта кетейік, ол 2022 жылғы ақпаннан бастап ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалған еді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/80913/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста