Оралман мәселесі – қазақ мәселесі

Оралман мәселесі – қазақ мәселесі

Осы күні қазақтың басындағы өзекті мәселелерді жіпке тізсек, оралман мәселесі соның ең негізгісінің бірі болатыны бек шындық. Тәуелсіздіктен бері тағдыр талайымен төрткіл дүниеге тарыдай шашыраған қазақты түгендеуге кіріскенімізге біраз жыл. Соның арқасында 300 мыңнан астам отбасы атажұртымен қауышыпты, қазақ халқының саны 1 млн-ға жуық еселеніпті. Қуанышты-ақ! Шетел асқан өз ұлтын бауырына тартып жатқан әлемдегі үш елдің біріне айналдық. Қазына қаражатын да ұлғайтып жатырмыз. Бір сөзбен айтқанда, «атқарылған іс аз емес» болса, атқаруға міндеттіміз бұдан да көп. Өйткені олар Отанына оралуға тиіс! Өйткені оралман мәселесі – қазақ мәселесі. Кеше Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңес кезекті отырысын осы тақырыпқа арнапты. Әйтсе де кеңестің отырысын тақырыпты талқылауға емес, түсінуге талпыныс десе де болатын еді.
Жиын барысында кеңес төрайымы Айткүл Самақова оралмандарға қатыс­ты кешегі күннен жалғасып келген жақсы­лықтарды ғана емес, бүгінгі кедергілерді де атап шыққан. Мәселен, депутаттың айтуынша, бүгінгі күні оралмандарды жаңа жағдайға бейімдеуде біршама қиын­дықтар бар. «Ең алдымен, тілдік кедергі. Орал­мандардың мемлекеттік және орыс тілдерін үйренуі жеткіліксіз. Баспана салуға, шаруамен айналысуға бөлінетін жер­лерге қатысты проблемалар әлі толық шешілген жоқ. Оралманның бәрі бірдей ипотекалық несие алуға төлем қабілеттерін растай алмайды. Жұмысқа орналасуға қатысты оралманның алдынан шығатын қиындық­тарды шешу де өзекті. Олардың ел аума­ғына орналастыру проблемасы да оңтайлы шешуді талап етеді. Өйткені бүгінгі күні оралмандардың 60 пайызы онсыз да ай­тар­лықтай демографиялық қысым туып отырған бес облысқа: Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Маң­ғыстау облыстарында шоғырланған», — дейді Айткүл Байғазықызы. Әйтсе де оралман мәселесі мұнымен тамам емес. Бас­пасөзде барынша кең талқыға түсіп жатқан мәселенің бірі болғандықтан, оны көзі қарақтылар өздері де байқап бағар. Әйтсе де алдағы уақытта Отанына оралған, ораламын деген қазақтың жайы қалай болады? Әлеуметтік кеңес отырысының бір діттегені де осы болуға тиісті еді. Алайда ортаға келіп ой айтатын органнан біршама дәрменсіздік байқалатындай. Өйткені, кеңес отырысында негізгі баяндама жа­саған Көші-қон комитетінің төрағасы Патрис Нокин мырза да, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ахметов те жарытып ештеңе айта алмады. Батыл мәлімдеме жасауға Ішкі істерге берілген комитеттің төрағасы штат саны жетпейтінін қайта-қайта алға тартып бақса, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзінің құзыретінде оралман мәсе­лесі атымен жоқ екенін анық аңғартатындай. Бірі бұлғақтаса, екіншісі алаңсыздыққа көшкен тәрізді. Ал Әлеу­меттік кеңестің ұсы­нысына келетін болсақ, бұндағы негізгі жаңалық — «Нұрлы көштің» жаңа кезеңін әзірлеу керектігі айтылады. Бұдан бөлек, кеңес ұсыныс ретінде ірі қалалардың айналасына оралмандар араласа қоныстана­тын кіші серік қалаларды салу бағдарла­масын әзірлеуге, оралман­дардың әлеумет­тік-экономикалық жағда­йы туралы кешенді зерттеу жүргізуге, сон­дай-ақ Қазақстанда тұруға рұқсатнама алған оралмандар үшін кіру визасын алу рәсімін оңтайландыру туралы мәселеге баса назар аударуға үн­дей­ді. Жиын барысында депутаттар оралмандар мәселесіне қатысты екі жауапты органнан келген рес­ми өкілді біршама сұрақтың астына алып көріп еді. Әйткенмен төрайым Айткүл Самақова қайта-қайта араша түсіп, көп сауал жауапсыз қалды. Бірсыпырасына жазбаша жауаптар жасалатын секілді.
Оралман Қазақстанға келіп, масыл болып отырған жоқ
Уәлихан Қалижан,
депутат:
– Отанына оралған қандастары­мыздың 5 пайызы ғана зейнет жасында, 51 пайызы — 18-ге дейінгі жасөспі­рім­дер мен жастар. Сондықтан да зиялы қауымның ортасындағы түрлі әңгімені мен түсіне бермеймін. Ондай әңгімеге тыйым салу керек. Тыйым салу үшін жұ­мыс істеуіміз керек. Өйткені біз орал­манның арқасында 64 пайызға жетіп отырмыз. Мына деректі қараңыз: 1996 жылға дейін Қазақстанда табиғи өсім «құлаған» еді. Сол жылдан бері ғана біз іс жүзінде өсімге қол жеткіздік. Ендеше, оралманды Қазақстанға мейлінше көп әкелу керек. Бұл — біздің ұлттық қауіп­сіздігімізбен қатар қойылып отырған дүние.
Оралманға жасалған жақсылықтың бәрі толық емес, жартылай ғана
Алдан Смайыл, депутат:
– Бүгін тың ұсыныс естіген емеспін. Бәрі — бұрынғы әңгіме. Оралманға «ана­дай жақсылық, мынадай жақсы­лық» дейміз, іс жүзінде бәрі бірдей аяғына жетпей жатыр. Осы тұрғыдан келгенде елімізде индустриялық бағ­дар­лама, оның ішінде жастарға жаңа маман­дықты игерту туралы көп әң­гі­мелейміз. Ендеше, осындай жаңа ма­ман­дыққа неге шетелдегі қазақтарды тартпаймыз. Бұл маған түсініксіз. «Нұр­лы көш» бағдар­ламасын қайтадан жасау керектігі айтылады. Бұрынғысының қорытындысы нешік, кемшілігін қалай ескереміз? Ең ақыры оралманға толық жағдай жоқ, бәрі жартылай. Ендеше, оралманға қа­растырылатын жеңілдіктер мемлекеттік тұрғыдан қайта қаралуы шарт.
Қытайдағы қазақты көшіру қазақты құтқарумен бірдей
Бекболат Тілеухан, депутат:
– 1999 жылы қолданысқа енген Адам құқықтары жөніндегі халықара­лық пактілердің негізінде Қазақстанда жә­не Қытайда бөлініп-жарылған от­басылардың туыстары өздерінің жеке кепілдігімен құзыретті органның ке­лі­сімін алу арқылы көрші елдегі отандастарымызды көшіріп әкелуші еді. Сол тәртіп 2006 жылдан бері сап тоқтап қалды. Ал халықаралық пактіге сәйкес, шекараның екі бетінде қалып қалған туыстар бір-бірін еліне шақыруға құ­қығы бар болатын. Осы халықаралық құжатты біз өзіміздің заңымыз арқылы басып тастаппыз. Бұл қалай? Қытайда 1,5 млн қандас бар. Алып көрші «батыс Қытайды игеру» саясатына үдете кіріскен уақытта сол қандастарды құт­қармаса болмайды. Өйткені қытай саясатының жемісі — 13 жасқа дейінгі қазақ баласы бара бара қазақшадан қалып, қытайшаға көшіп жатыр. Бір сөзбен айтқанда қытайландыру үдерісі керемет қарқын алып барады. Сон­дықтан да бүгін қимылдамасақ, ертең бәрі кеш болуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста