Отан тарихына – жаңаша көзқарас

Отан тарихына – жаңаша көзқарас

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ел тарихына арналған жаңа кітаптар жарық көрді. Астанадағы Мемлекет тарихы институтының бастамасымен шығарылып отырған ғылыми еңбектер Отан тарихын жаңаша қаузап, Қазақстанның бүгінгі саяси-экономикалық жетістіктерін барынша көрсетуді көздейді. Мемлекеттік тапсырыс аясында жарыққа шыққан бұл кітаптар барлық орта және жоғары білім беру мекемелеріне таратылып, оқу құралдары ретінде қолданылады. Бірақ, өкінішке қарай, ол басылымдардың бүгінгі таралымы тым аз.
Ел тарихына арналған алғашқы он кітаптың ішінде «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы», «Тәуел­сіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері: Оқиғалар хроникасы», «Қа­зақстандағы білім мен ғылым: жасам­паздық хроникасы», «Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге. Оқиғалар хроникасы. I-IV томдар», сондай-ақ орыс тіліндегі «Новейшая история Казахстана: кризис и распад советской системы. I том», «Новейшая история Казахстана: выход из кризиса. II том» және «Новейшая история Казахстана: устойчивый Казахстан. III том» атты ғылыми еңбектер бар. Осы кітаптарды баспаға әзірлеу кезінде ғалымдар Отан тарихын жаңаша тұрғыда жазып, барлық маңызды деген оқиғаларды боямасыз беруге тырысыпты. Сол себепті ел тарихының хроно­логиялық сипатына ерекше мән берілген. Жалпы, Мемлекет тарихы институты бір жылдың ішінде Қазақстан тарихына ар­налған 24 кітапты даярлап шықты. Әзірге оның алғашқы он кітабы ғана таныстырылса, қалған еңбектер биылғы жылдың басты мейрамы – Тәуелсіздіктің 20 жылдығында халыққа жол тартпақ.
Бүркітбай АЯҒАН, Мемлекет тарихы институтының директоры:
— Негізі, бұл ғылыми еңбектердің басты ерекшелігі, ол – Қазақстанның тәуелсіз 20 жылдық тарихы арнайы зерттеліп, бірнеше том болып жарыққа шығып отыр. Мәселен, «Тәуелсіз Қазақ­стан: күннен күнге. Оқиғалар хроникасы. I-IV томдар» кітабында біз ел тарихын төрт кезеңге бөліп, Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет болып қалып­тасуын жан-жақты қарастырдық. Мұн­да бұрын­ғы кеңестік жүйенің құлдырап, прези­денттік институттың қалыптасуы, колхоз-совхоздардың ыды­рап, жаңа нарықтық экономикаға көшу үдерісі – бәрі-бәрі хронологиялық сипатта көр­сетілген. Бұл кітаптар рес­публи­кадағы барлық орта және жоғары білім беру мекемелеріне таратылатын болады. Бірақ, өкінішке қарай, ол басылым­дардың бүгінгі таралымы тым аз — 2-3 мыңның айналасында. Сон­дықтан оның санын әлі де көбейту қажет деп ойлаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста