Отырыс бір минуттық үнсіздіктен басталды

Отырыс бір минуттық үнсіздіктен басталды

Парламент Мәжілісі кешегі жалпы отырысын Алматы облысы Ақсу ауданының Қызылағаш ауылындағы қаралы шаңырақтардың қазасына ортақтасып, бір минуттық үнсіздікпен бастады.
 «Өткен аптада Алматы облысы Ақсу ауданының Қызылағаш ауылында қайғылы апат орын алды. Осы апаттың салдарынан ауылдың біраз тұрғындары қайтыс болды. Қайғылы оқиғаға байланысты жерлестерімізді үнсіздікпен еске алайық», – деді жиынды ашқан Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Қайғылы оқиғаға қабырғалары қайысып отырған халық қалаулылары бір күндік еңбекақыларын арнайы қайырымдылық есепшотына аудару туралы шешім қабылдады. «Көп түкірсе, көл болар» дегенді жөн көрген депутаттардың арасында аса жомарттық танытқан жандар да болды. Аттарын атаудың қажеті шамалы деп ойлаймыз, сол депутаттар есепшотқа 100 мың теңгеден жылу жинап берді. Осыған байланысты Үндеу жариялаған депутаттар көмек қолын созам деушілерге аянып қалмауын өтінді. «Көздерінің жасы көл болып отырған ағайынға көмек қолын созайық, бауырластар!» – деп аяқтады Үндеудің мәтінін оқыған Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижан.

Күңіренткен сауал болды...
«Маңғыстау облысы Ақтау қаласында жантүршігерлік қанды оқиға болды. Қанішер қарақшы өмір есігін жаңа ашқан жас ғұмырды автомобильмен ұрлап әкетіп, балталап, мүшелеп, бөліп-бөліп өлтіріп, мәйітті отқа өртеп жіберген», – деп депутаттық сауалын бастаған Парламент Мәжілісінің депутаты Зейнолла Алшымбаев күңгірт залды одан сайын күңірентіп жіберді. Еліміздің бас прокуроры Қайрат Мәми мен ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовке жолдаған сауалы расымен де адам жаны шошитын оқиға екен. Онда Тыныштық Молдамұратовтың қаза тапқан қызына байланысты қылмыстық істі сиырқұйымшақтатып отырған жергілікті құқық қорғау органдарының шалағай ісіне көңілі қалып отырғандығы баяндалады. «Тыныштық Молдамұратов жергілікті құқық қорғау органдарына сенімсіздік білдіріп, бұл қылмысты тексеру үшін орталықтан аса ауыр қылмыстарды тексеретін арнайы тәжірибелі мамандандырылған топ жіберуін талап етіп отыр», – дейді Мәжіліс депутаты.

«Симба» ескерту алды
Өткен апталардағы Парламент Мәжілісінің депутаты Ирак Елекеевтің «Симба» шайына байланысты сауалы естеріңізде болар. «Кенияның қара шайын» «Қара Кенияның шайы» қылып қойған фирма жайында. Осыған байланысты депутаттың сауалына мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жауап қатыпты. Онда: «Сіз көрсеткен фактілердің орын алу себебін, кінәлілерді анықтап, заңнама талаптарына орай шара қолдану үшін осы мәселе құзыретіне жататын Алматы қаласының Тіл басқармасына хат жолданды. Сондай-ақ Алматыдағы «Симба» фирмасына да тікелей ескерту жасалды. Олар кінәларын толық мойындап, аталған шай өнімін шығару кезінде бұдан былай мұндай қателерге орын берілмейтінін мәлімдеді», – деген министр. Міне, депутаттық сауалдың «нәтижесі» деп осыны айт.

Бірі қалмай, бәрі мақұлданды
Кезекті отырыста Парламент Мәжілісінің депутаттары күн тәртібіндегі барлық заң жобаларын кері қайтармай, мақұлдап тастады. Оның ішінде «Трансферттік баға белгілеу туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Ғылым туралы» т.б. заң жобаларын атап өтсе болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста