Палестина тәуелсіздігі – тартысты реттеудің кілті

Палестина тәуелсіздігі – тартысты реттеудің кілті

60 жылдан астам уақыт бойы арман болған Палестина тәуелсіздігі мәселесі – Қазақстан төрағалық етіп отырған Ислам ынтымақтастығы ұйымының жарғысында белгіленген басты міндеттердің бірі. Егер Палестина тәуелсіздік алса, ИЫҰ-ның мақсаты орындалды деуге болады. Тіпті 60 жылдан бергі арман орындалып, Палестинада азаттықтың желі есетін болса, ИЫҰ-ның бас кеңсесі әл-Құдыста (Иерусалим) орналаспақ. Қазіргі кезде ИЫҰ-ның 57 елі тәуелсіз Палестина мемлекетінің 1967 жылғы шекараларын бекітуді қолдайды.

Палестинаның тағдырын әлем шеше ме?
Жақында БҰҰ Бас Ассамблеясында Палестина басшысы М.Аббас өз еліне БҰҰ-ға толық құқылы мүше ел мәртебесін беру туралы өтініш берді. Бұл Таяу Шығыстағы түйткілді әлемдік қауымдастық ықпалы­мен реттеу қажеттігін көрсетті. БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің 15 мүшесінің 8-і Палес­тинаға қол­дау көрсетіп отыр. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері Ресей мен Қытай және тұрақты емес мүшелері: Бразилия, Оңтүстік Африка және Үндістан, сонымен бірге БРИКС елдерінен Қауіпсіздік Кеңесінің биылғы төрағасы Ливан, сондай-ақ Нигерия мен Габон Палестинаға қолдау білдірді. Егер Колумбия немесе Босния мен Герцеговина дауыс берсе, Палестина өз тәуелсіздігіне бір қарыс жақындай түсер еді. Негізі, Колумбияның Палестинаға қол­дау көрсетері сөзсіз, себебі Латын Аме­ри­касының Перу, Аргентина, Уругвай, Куба, Бразилия, Боливия және Венесуэла секілді бірнеше елі Палестина мемлекетін 1967  жылғы шекара тұтастығымен таныған­дарын мәлімдеген болатын. БҰҰ қауіпсіз­дік кеңесінің тұрақты мүшесі – АҚШ Из­раиль­дің одақтасы ретінде Палести­наның тәуелсіздігін тануға асықпайды, әзірше екі жаққа келіссөздерге жүгінуді ұсынып отыр. Ал Палестина болса, Израиль ұзаққа со­зылған нәтижесіз келіссөздердің орнына әлемдік қауымдастықтан қолдау күтеді. АҚШ Израиль мүддесі үшін Палестинаға қарсы вето қойып жіберуі де мүмкін. Ондай жағдайда Палестинаға БҰҰ-ның бақы­лаушы елі бола отырып Халықаралық қыл­мыстық сотқа (ХҚС) арыздану мүмкіндігіне қол жеткізетін болады. Егер де АҚШ Палестина өтінішіне вето қоймаған жағдайда бұл мәселе БҰҰ Бас Ассамблеясының қа­ра­уына жіберіледі. Бұл дегеніңіз, Палести­на тәуелсіздігіне жол ашылды деген сөз. Себебі қазірдің өзінде БҰҰ-ға мүше ел­дердің үштен екісі, яғни 131 мемлекет Палестина тәуелсіздігін танып отыр.
Израиль Таяу шығыс «квартеті» – БҰҰ, Ресей, АҚШ және Еуропаның келіссөздерді жалғастыру ұсынысын құптап отыр. Израиль мен Палестина арасындағы келіссөздер былтыр қыркүйек айында тоқтап қалған болатын.
Мемлекеттік атрибуттарын толық құрып үлгермеген Палестинада бір-біріне қарсы­лас екі қозғалыс бар: «Фатх» – зайырлы ұлт­шылдардың қозғалысы болса, « Хамас» ислам радикалдарының лаңкестік ұйымы де­лінеді. Бұрыннан өзара бақас екі қоз­ғалыстың тартысынан Палестинада азамат соғысы да болды. Соңғы кездері ымыраға келген екі қозғалыстың елде өз иеліктері бар: Иордан өзенінің Батыс жағалауы ФАТХ бақылауында болса, Газа секторы «Хамастың» дәргейінде. Газа секторын өз бақылауында ұстап отырған ХАМАС қоз­ғалысы Палестина елінің тек 20 пайызын ғана құрайтын территорияда мемлекет құру туралы жариялау қажет емес деп ес­еп­тейді. Хамастықтар Батыс жағалауы мен Газа секторында ғана емес, Жерорта теңізі мен Йордан өзені аралығында жатқан барлық территорияда Палестина мемлекетін жариялау қажет деп есептейді.
Ағайындылар соғысы ақырзаманға дейін созыла ма?
Сан ұрпақтан бері соғысып келе жатқан арабтар мен еврейлер бір кісінің – Ыбырайым пайғамбардың (Авраам) кіндігінен тараған ағайындылар. Еврей жұрты Ыбырайым пайғамбардың Сара деген әйелінен туған Исаактың, арабтар Агарьдан туған Исмайылдың ұрпақтары болып келеді. Талайдан бері қан төгіп, ата жауға айналған ағайынды ұлттардың бітімге келуі де оңай іс емес. Оның тарихын әріден емес, беріден қысқаша тарқата кетсек. Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында ағылшындар Па­лес­тинаны басып алып, еврейлерге жағдай жасап, жергілікті арабтарды қуып шықты. Арабтардың көтерілістері аяусыз басып-жаншылып отырды. 1939 жылы Англия Па­лестинада біріккен еврей-араб мемлекетін құру туралы жобасын ұсынып еді, бұған екі жақ көнбеді. Палестинадағы ахуал ушыққан соң ағылшын билігі Палестина мәселесін БҰҰ-ға тапсырып, 1947 жылы 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ағылшын мандатын жою, ағылшын әскер­лерін Палестинадан әкету және оның аума­ғында тәуелсіз араб және еврей мемлекеттерін құру туралы № 181 қарар қа­был­дады. Иерусалим БҰҰ-ның басқа­руын­дағы өз алдына арнаулы әкімшілік болып бөлінді. БҰҰ-ның осы шешімі бо­йынша 1948 жылы 14 мамырда Палести­наның бір бөлігінде, яғни 56 пайызы (14 мың км 2) беріліп, Израиль мемлекеті жарияланды, ал Палестинадағы араб халқы өз алдына мемлекет құра алмады. Бұл кезде Палестинада 1,2 млн араб, 650 мың ев­рей тұратын. Осы әділетсіз жағдай кейін араб-израиль соғыстарын тудырды. Израиль басып алған жерлерінен 1 миллионнан аса арабтар­ды қуып жіберіп, БҰҰ-ның 1948 жылы 11 жел­тоқсанда шығарған бос­қын­дардың отан­дарына қайтып оралу құқы туралы қа­рарын орындаудан бас тартты. 1964 жылы Палестинаны азат ету ұйымы (ПАЕҰ) құ­ры­лып, Израиль басып алған Палестина аума­ғын азат ету күресін бүгінге дейін жал­ғас­тырып келеді. Тарихта «алты күндік соғыс» деп аталған Таяу Шы­ғыстағы үшінші араб-израиль соғысы 1967 жылғы 5 маусымда басталған қақ­тығыс Палестинаның трагедиялы тағдырын айқындады. 1967 жылы алты күндік со­ғыс­та жеңіске жеткен Израиль елі біріккен Иерусалимді өздерінің «мәңгілік және бөлінбейтін» астанасы етіп жариялады. Арабтың жеті мемлекеті (Египет, Сирия, Ливан, Трансиордания, Сауд Ара­биясы, Ирак пен Йемен) Израильге қарсы соғыста күл-талқан болып жеңіліске ұшырады. 1973 жылы қазан айында қайта бас­талған Израиль мен араб елдері ара­сын­дағы соғыс БҰҰ-ның талабымен жел­тоқсан айында тоқтатылды. 1978 жылы Кэмп-Де­вид­те (АҚШ) Египет пен Израиль арасында тағы келісім жасалып, Египет Синайды өзіне қайтарып алды. 1988 жылы. ПАЕҰ тәуелсіз Палестина мемлекетінің құ­рыл­ғанын жариялады. Тек 1997 жылы ғана Израиль мен ПАЕҰ арасында жасалған келісім бойынша Палестинаның автономия ретіндегі құқы танылды. Палестина тарихында Израиль езгісіне қарсы екі бірдей интифада — халықтың жаппай қар­сылығы болды.
Палестина мәселесін бейбіт шешудің жоспарлары:
Қазіргі кезде Палестина мәсе­лесіне қа­тысты «Жол картасы», Гилад Шер-Ури Саги жоспары, Сари Нуссейба-Ами Аялон жоспары, «Женевалық бастама» жоспары, «араб кантондары» жоспары бар. С.Нусейба-А.Аялон жоспарында негізінен жанжалды реттеу­дің принциптері көрсетіл­ген. Бұл бойынша Иерусалим екі тарапқа да ашық қала болып, шаһардағы еврей квар­тал­дары Израильге, араб кварталдары Палестина әкім­шілігіне бағынуы тиіс. Еш­қандай қасиетті орындар екі жақтың мен­шігі болмауы керек. «Жол картасы» жоспары – палестиналықтар арасында ли­бе­­рал­дарға жол ашуы тиіс ашық демо­кратиялық сайлау өткізуді талап етеді. Израильдіктерге қарсы кез келген жаулау­шылық пиғылға жол бермеуді көздейді. Израильдің сыртқы істер министрі бол­ған Авиг­дор Либерман­ның «араб кантондары» жобасы бойынша автономды болып табылатын бес өзін-өзі басқаратын кантондар құрылуы тиіс екен.
Таяу Шығыстағы реттеу мәселесі бойынша Қазақстан ұстанымы
Қазақстан палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы мәселелерді шешу мақсатында олардың барлық келіссөздер әлеуетін толығымен пайдалануын қол­дай­ды. Мүдделі тараптар күш-жігерінің басты мақсаты БҰҰ ҚК 242 және 338 қарарлары, мадрид қағидаттары мен «жерді бейбітші­лікке айырбастау» формуласы негізінде бар­лық бағыттағы бейбіт үрдісті жанданды­ру Таяу Шығыс жан­жа­лы­ның барлық қаты­су­шылары «Жол кар­тасы» бейбіт реттеу жос­парында көр­сетілген өз­дерінің міндеттемелерін орындау болуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста