Пара мен сыйлық айырмасы қандай?

Пара мен сыйлық айырмасы қандай?

«Шенеунік сыйлық алып жатқан жағдайда ендігіден бастап үш жұмысшы күн ішінде ол туралы жұмыс берушісін қағаз жүзінде хабардар етіп, оған заттың құны белгіленген чектің екеуін қыстырып беруі тиіс. Ал ризашылық ілтипат нышан құны белгілі  шектен (100$) асса, онда ол дереуарада жергіліктібилік қазынасы есебіне тәркіленеді. Сыйлық көңілінен шығып, ұнатып қалса, әлгі шенеуніктіңоны мемлекеттен ақыға сатып алуына болады екен». Міне, Ресей үкіметі таяуда пара мен сыйлық арасын ажырататын осындай қаулыны бекітті. Отандық мамандар сыбайлас жемқорлық дерті дендеп тұрған біздің қоғам үшін де мұндай халықаралық тәжірибені қолдану аса маңызды деседі.
Ресейде өз күшіне енген заң қаулысына сәйкес, құны 3 мың рубльден асқан сыйлық хабардар етілгеннен кейінгі бес күннен кешіктірілмей өткізіп беруге және сақтауға жатады. Барлық өткізіліп берілген заттар федеральдық немесе аймақтық мүлік реестріне тіркеуіне алынады әрі ол мемлекеттің меншігі боп саналады. Ал мемлекетке бұл сыйлықтарды сатуға, қайырылымдылық ұйымдарына беруіне немесе көзін мүлде жоюына құқық беріледі. Сол секілді 3 мың рубльден асқан сыйлықты шенеуніктің өзінің сатып алуына мүмкіндік жасалады. Сыйлық құны нарық бағасы негізінде айқындалып отырады.
Жалпы, аталған жаңа қаулы Ресей қоғамына ұнады да, ұнамады да. Ұнағаны – демократиялық елдердегідей сыйлық пен пара айырмасы шегін белгілеуі. Ұнамағаны – ар-ождан ережесінің қадірін кетіріп, сыйлықтың пара ретінде берілгенін біліп тұрып, ондай «лас затты» шенеуніктің сатып алуына мүмкіндік беруі.
Пара мен сыйлық айырмасын анықтау үшін бізге осы бағыттағы халықаралық тәжірибені қолданатын уақыт жетті деп ойлайтын саясаттанушы Әзімбай Ғали ресейлік  тәжірибеде қисын жағынан әлі де нақтылық керек деп есептейді. Мысалы, шетелдегідей. Францияда 35 евродан жоғары сыйлықтың барлығы параға жатады. Ол үшін арнайы қылмыстық жаза да қарастылған. АҚШ-та 305 доллардан жоғары сыйлық қазынаға өткізіледі. Алайда мұнда әрбір сыйлықтың қисыны ашық көрсетілген. Мәселен, құны 20 долларға дейінгі сыйлықтарды ала беруге болады. Егер сыйлық ақша, акция немесе құнды қағаз түрінде болса, соған қарамастан құны 20 доллар тұрмақ 20 центті құраса да одан шенеунік түбегейлі бас тартуы тиіс. Сол секілді мемлекеттік қызметкерге мысалы Бродвейдегі көрсетілімге екі билет (біреуінің бағасы – 30$) ұсынылса, онда ол оның біреуінен бас тартуы керек. Сол секілді бір мезетте арзан екі-үш сыйлық ұсынылса, мұндай жағдайда мемлекеттік қызметкер оның тек біреуін таңдауға ғана құқығы бар.
Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
– Пара мен сыйлық айырмасын анықтау үшін бізде осы бағыттағы халықаралық тәжірибені қолданатын уақыт жетті деп ойлаймын.Әрине, оның көлемі Ресейден қарағанда әлдеқайда төмен болуы тиіс (50-70$). Өйткені ол көршімізге қарағанда біздегі халықтың табыс деңгейі әлдеқайда төмен. Бұл –  біріншіден. Екіншіден, сыйлықтың берілудегі мақсатын, қисынын да әр деңгейде белгілеп, анықтап алу керек. Қанша сомадан асса, әрі ол қандай жағдайда берілгенде шенеунік алған сыйлық пара болып саналады? Осы сауалға мемлекеттік қызметкерлердің ар кодексінде нақты жауап ала алатындай болуымыз тиіс.

ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің ар-ождан кодексінде «мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлік қызметке араласуына, жеке кәсіпорын мен компаниялардың мүддесін лоббилеуге және осындай іс әрекеттері үшін жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуына тыйым салынады» деп көрсетілетінін еске сала кетелік. Ал онда пара мен сыйлық айырмасын нақты белгілейтін шек көрсетілмеген.

Бір мысал
2003 жылы АҚШ президенті Джордж Буш және оның әулеті жалпы сомасы 22 355 долларды құрайтын сыйлық қабылдапты. Оның ішінде қайық (7,5 мың$), гольф таяғы және оған қажетті зат жиынтықтары, крассовканың бірнеше түрі, етті отқа қақтаушы бұйым, сондай-ақ автор қолтаңбасы бар «Форест Гамп» кітабы да бар. Сол кезде мұның барлығы ел қазынасы есебіне тәркіленген. АҚШ заңнамасы бойынша шендінің, оның ішінде президенттің де шетелдік саяси және қоғам қайраткерлерінен алған барлық сыйлығы мемлекет меншігі боп табылады. Көбіне олар ұлттық мұражайда және кітапханада сақталады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста