Парламенттің бірінші сессиясы қашан өтетіні белгілі болды

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген президент Жарлығында.
Еске салайық, елімізде мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 19 наурызда өтті. Биылғы сайлауда ел тұрғындарының белсенділігі тарихтағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болды.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу