Полиция қызметін мінсіз болсын деп...

Полиция қызметін мінсіз болсын деп...

Полицияның бір міндеті елдің ішкі тыныштығын күзетіп, азаматтардың бейбіт өмірдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету болғандықтан, ең алдымен, оның өзінің құқықтық тәртібі мен адамгершілік, ар-ұждан деңгейі жоғары болуы тиіс. Ішкі істер министрлігінің діттегені де – осы. Сол себепті де министрлік ішкі істер қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін көтеру мәселесіне баса мән беріп, осы мақсатта ілкімді қадамдар жасап келеді.
Соның бір айғағы – полиция қызметін­дегі заң және тәртіп қағидаттарын күшейту мақсатында құрылған қоғамдық кеңестер, ардагерлер бірлестіктері және тәлімгерлік институттар. Аталған институттар іс жүзінде полиция қызметкерлерінің құқықтық тәртібін ғана емес, олардың өз жұмыстарын же­тілдіру талпыныстарын да бақылап отырмақ. Бір ғана мысал, қазір ішкі істер қыз­меткерлерінің жұмысына байланысты Тә­лім­герлер кеңесі деген бар. Осы тәлімгер­лер кеңесінің жұмыс нәтижелері тоқсан сайын сол салаға қатысты жетекшілер өт­кізе­тін оперативтік жиындарда қаралып, кем­шіліктер болып жатса, кінәлілерге дис­цип­линарлық ықпал ету шаралары қолда­нылады. Ал жақсы нәтижелер көрсетіп жатса, жас қызметкермен қатар, оның тә­лім­гер-ұстазы да көтермеленіп отырады. Мұндай тәжірибе қызметкерлердің бір-бірін өзара қолдап, білікті маманның жұ­мыс­ты жаңа бастаған әріптестіне қызметтің қыр-сырын үйретуге мүдделі қыла­тын­дығымен де маңызды болса керек.
Жалпы, қай ұжымда болмасын, қыз­меткерлері үшін бірінші басшының жауапты болуы – заңдылық. Ішкі істер органдарында да тәртіп пен заңның сақталуына әрбір құры­лымның бірінші басшылары тікелей жауапты. Дейтұрғанмен, жеке құрамды бақылау жұмысын жетілдіру мақсатында министрлік тарапынан арнайы нұсқау (инструкция) бекітіліп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ар-намыс Кодексі қайта қаралды. Жеке құрамның ұжымдық қа­рым-қатынастарын реттеп, жұмыстың тиім­ділігін барынша арттыру мақсатымен бұл күнде арнайы инспекция да құрылған. Осы­ның бәрі жалпы полиция қызметінің жұ­мысын ғана емес, халық алдындағы беделі мен жұрт сенімін күшейтуді көздеп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста