Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Ардақты ағайын!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән берген, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.

Қоғамдағы татулық пен келісім дәстүрлері ұлтымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпы түгел тоғысқан осы мейрамның сипатына сай келеді. Наурыз бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды.

Бұл күндері мейірімділік, жанашырлық, жасампаздық сияқты қасиеттер ерекше дәріптеледі. Соның арқасында еліміз бірлігін бекемдеп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Халқымыз Наурыз мейрамын әрдайым жақсылықтың жаршысына балаған. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Түбегейлі өзгерістер қастерлі Отанымызды өркендетуге тың серпін береді деп сенемін. Ынтымағы жарасқан жұртымыздың ырысы артып, қолға алған игі бастамаларымыз оңынан болсын, ағайын!

Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!

Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!», - делінген құттықтауда.

Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Қазақстанда 21-23 наурыз күндері аралығында атап өтіледі. Бұл күндер мерекелік демалыс саналады.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста