Президент Жарлығымен Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалсын» делінген Жарлықта.
Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов 1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
1991 жылы М.Чистяков атындағы Қазан жоғары әскери командалық-зымырандық әскерлер инженерлік училищесін бітірген. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор.
Еңбек жолы:
1997 жылдың маусымынан 1999 жылдың ақпанына дейін – Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Оқыту және тәрбиелеу орталығының бастығы.
2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.
2014 жылдың қазанынан 2020 жылдың қарашасына дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының бастығы.
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы.