Протондар құлаған сайын Ресейді экологиядан гөрі, пайдасы қатты алаңдатады

Протондар құлаған сайын Ресейді экологиядан гөрі, пайдасы қатты алаңдатады

Өткен сенбіде Байқоңыр ғарыш алаңында мексикалық жер серікті ғарышқа алып шықпақ болған «Протон-М» зымыраны құлады. Бұдан кейін құлауы жиілеп кеткен зымыран тасығыштар мәселесін ресейлік басылымдар жарыса жазып, қатты сынға алуда. Бірақ бұл арада Ресейді экологиядан гөрі, пайдасы қатты алаңдататындығы байқалады деп хабарлайды «Алаш айнасы».

Соңғы кездері шетелдік тапсырыс берушілермен қарым-қатынас қиындап барады деп жазады бұл ретте «Коммерсант» ресейлік басылымы.
Аталған БАҚ-қа сұхбат берген Хруничев атындағы МКҒӨО өкілі: «Протон» зымыран тасығышына қатысты коммерциялық келісім жасау қиындап барады, ұшыру шығынын орталық өз бетінше жаба алмайды, ал әр апат сайын сақтандырушы компаниялар да қызметінің бағасын зорайтып жатыр» дейді.
Мәселен, бұл өнеркәсіп 2012 жылы өзге мемлекеттің мақсатында 8 рет зымыран ұшырса, 2013 жылы – жетеу, 2014 жылы – тек үшеу ғана.
Сол секілді «Новая газета» зымыран-ғарыш саласындағы маманның мынандай пікірін келтіреді: «Енді Ресей «Протон» зымыранын сәтті ұшырып, оның қауіпсіздігін дәлелдемейінше, шетелдік әріптестер өзінің ғарыш аппараттарын бізге сеніп тапсыра қоймайды».

Ал «Ведомости» бұл апатқа сыбайлас жемқорлықты кінәлайды.

«Соңғы кездері «Протондардың» құлауының жиілеуі ресейлік статисканы аймандап етіп, масқаралап, коммерциялық ұшыру нарығындағы бәсекеге қабілеттілігімізді төмендетуде. Білікті инженерлеріміз аз, осы саладағы өнеркәсіптердің жұмысын жандандырып, ынталандыру жағы да жеткіліксіз. «Восточный» ғарыш алаңы құрылысындағы жағдай көрсетіп отырғандай, тіпті Қызыл Кремльдің қатулы қабағы ең қымбат мемлекеттік жобаларды жемқорлықтан сақтай алмай отыр. КСРО кезінде екі мақсатқа да пайдалануға болатын аса маңызды салалар репрессия үрейінің және шексіз ресурстың арқасында қарыштады. Қазір қорқытып-үркіту тиімсіз, ал қаражат шектеулі» деп жазады «Ведомости» басылымы.

Бұл арадағы бірден-бір тиімді амал – жақсылап ынталандыру арқылы кәсіби білікті мамандарға арқа сүйеу. Алайда жемқорлық басқа нәрсені талап етеді: «бөлісуге әзірлерге бейімделуді».

«Қазір үлкен мінберлерден көбісі жұмыстың кеңестік технологиясына оралу мәселесін көтеріп жүр. Ондай жағдайда, ең алдымен, бөлінген қаражатқа ортақтасуды жою керек. Сөйткен күнде де біз 1980 жылдарғы деңгейді ғана қамти аламыз» деп қорытындылайды мақаласын «Ведомости» газеті.

Әлеуметтік желілер де бұл тақырыпты айналып өтпепті.

Ресейлік қоғам белсендісі Владислав Наганов Фейсбуктегі өз парақшасында «Ғарыш саласындағы күйзелісті «патриоттық» ұрандар да бүркемелей алмайды, бізге енді жүйелі өзгерістер керек» деп жазады.

«Рогозин басшылық ететін РФ ғарыш саласы тұрақтылықты көрсетіп тұр: бірақ жағымды емес, жағымсыз жағынан. Үнемі ұшқан зымырандар құлап, сенімді жоғалтуда. Ғылыми-технологиялық потенциал мен өндірістік мәдениет құрдымға кетіп жатқан мемлекетте ғарыш аппараттарының бірінен соң бірінің құлауына таң қалудың қажеті жоқ шығар. Егер осы бетімізбен кете берсек, онда тек ғарыш саласы ғана емес, көптеген өнеркәсіптік салалардың да құруының куәсі боламыз» деп жазады ол өз жазбасында.

Ал экология, яғни құлаған «Протон» зымыран тасығышының жергілікті аумаққа, халықтың денсаулығына келтірген зияндары туралы ресейлік басылымдар ләм-мим деп тіс жарып айтпайды.

Былтыр Бақытжан Сағынтаев "Қазғарыштың" алқа мәжілісінде: "Байқоңыр" кешені аумағындағы өзекті мәселе - экологиялық ахуал. Зымыран тасығыштардың әрбір ұшырылымы халық арасында әлеуметтік ширығуды туғызады. Соған байланысты біз "Байқоңыр" кешені аумағында ҚР Экологиялық кодексін қолдану мәселесін көтердік, "Протон" зымыран тасығышы апаты кезінде қоршаған ортаның ластануынан болған шығынды есептедік, бірақ Экологиялық кодексті қолдану және шығынды өндіру мәселесі әлі күнге дейін созылып келеді", - деген еді.

Қалай дегенмен де қазір «Протон» зымырандары қолданысына уақытша тыйым салынған. Арнайы тексеруші комиссия құрылған. Зымыранның соңғы партиялары тексеруге жіберілген.

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста