Путин ҰҚШҰ әскерін қолданудың жаңа бір тетігін тапты

Путин ҰҚШҰ әскерін қолданудың жаңа бір тетігін тапты

РФ президенті В.Путин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бейбіт әскерін қолдану жайлы қаулыға өзгерістер енгізіп, Мемлекеттік Думаға жолдады. Бұл жайлы Интерфакс агенттігі жазды.

Путиннің бастамасымен құжатқа "үйлестіруші мемлекет" (координирующее государство) ұғымы енгізілді. Құжатта бұл ұғымға мынандай түсініктеме берілген.

"Үйлестіруші мемлекет – арнайы кеңестің шешімімен ұйымдастырушылық мәселелерді және БҰҰ-ның бейбітшілік операцияларына ұжымдық шарт ұйымының бейбіт әскерлерін қолдануды қамтамасыз етуді қолға алған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттің бірі", - делінген құжатта.

Құжаттан байқағанымыздай, ҰҚШҰ-ның бейбітшілік әскерін БҰҰ-ның бейбітшілік ұранымен іске асырылар әскери операцияларына қатысуға мүмкіндігі бар. Ал мұндай операцияларға қатысуға БҰҰ-ның құзіретті мемлекетінің рұқсатымен жүзеге асады.

Құжатты мына сілтемеден оқып, танысуға болады. 

Қаулыға 2021 жылы 16 қыркүйекте Душанбе қаласында қол қойылған. Ал ҰҚШҰ-ның бейбіт әскерін құру туралы келісімге 2006 жылы 6 қазанда қол қойылған еді.

Ал 24 ақпан күні Ресейдің Қарулы күштері Украинада арнайы әскери операция өткізу ұранымен көрші мемлекеттің территориясына басып кірді.

Айта кетейік, Қазақстанда орын алған "қаңтар оқиғасына" да Ресейден ҰҚШҰ-ның бейбіт әскері шақырылған. 

Сондай-ақ, тәуелсіздігін Ресей ғана мойындаған Донбасс пен Луганскі республикалары да ҰҚШҰ-ға мүше боп енуі мүмкін. 

bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста