Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қалмұханбет Қасымов Ішкі істер министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын", - деп жазылған президенттің жарлығында.

Оның орнына 2012 жылдан бері ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды.

Қалмұханбет Қасымовтың ішкі істер министрлігіндегі жылы орнын суытпай отырғанына сегіз жыл болды. Қазақстан тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде ішкі істер министрі 8 рет ауысты. Осы ауыс-түйіс арасында ең көп қызметте болған – Қайырбек Сүлейменов (1995-2003 жж), одан кейін –Қасымов.

Қазақстанның ішкі істер министрі болып Қалмұханбет Қасымов 2011 жылы президенттің жарлығымен 11 сәуірде тағайындалған. 2015 жылы Қасымовқа полиция генерал-полковнигі атағы берілді.

Қасымов кім?

Қалмұханбет Қасымов – Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде 61 жаста. Үш бала, жеті немере тәрбиелеп отыр.
Қасымов еңбек жолын тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы болып бастаған.

1992 жылы Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облыстық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

1997 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің бастығы болған. Бұл қызметте екі ай отырған Қасымов сол жылы Алматы қалалық ішкі істер басқармасының бастығы қызметіне кіріседі.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Қасымов туралы: Ол адал да адамгершілігі мол жан

2003 жылдан бастап Алматы облыстық ішкі істер департаментінің ішкі істер бас басқармасының бастығы;

2005 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі, вице-министрі;

2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы;

2011 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі.

Sputnik

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста