Қауіпсіздік қамалы - Қазақ әлемі

Қауіпсіздік қамалы - Қазақ әлемі

Геосаясат – оқшау ойлар мен
келешек үшін

Ағылшынша «Conference on Security and Cooperation in Europe» немесе «CSCE», ал орыстың «Организация» атауымен «ОБСЕ» қазақ дүниесіне етене таныс. Сонымен «ОБСЕ» түбірімен өзгере түсті. КСРО-ның ыдырауымен қатар жойылған әлемдік «Қырғиқабақ соғыс» тыйылды. Алайда ЕурАзия кеңістігіне қарай беттеген қауіп-қатерлердің сыр-сипаты мен түр-түсі түгел өзгертіліп жетті.
ЕурАзия үшін сырттан келетін қатер емес, ендігі кезекте әр елдің ішкі қайшылықтарынан өрбитін бәлекеттерден қорғануы басты мақсатқа айналды. Қазақ Елі де «іштен шыққан жау жаман...» деген ата қисынды мұрат етіп жітірме тұтқиылдан сақсына бастауы осыған байланысты. Қаптап келе жатқан қалың қатердің алдын алу, қорғану үшін түрлі айла тәсілдер қолданылады.Әрине.
Бұл – ғаламдық проблема. Оны әлемдік қауіпсіздіктегі ұрымтал механизм деп те атауға болады. Европа кеңістігіне қарай «жаңа үрейлер» жылыстап келе жатыр. Өйткені өтпелі кездің түрені де түрі де бейбеткейлеу сүреңсіз тұста тағы бір таң атты, шуағы аз, зәһарлы әлемтапырақ. Югославия қатарлы елдер бір-бірінің бетін тырнап оянды.
Жылқы жылы болса (1990) ЕурАзия кеңістігіне өзгеше шаңдатып, жойқын дүрмекпен келген-ді. Өзгерістер, төңкерістерге ұласты т.с.с. Алпауыт елдер ыдырады, қосылды. Жершарын қорғап қалу - адамзатты басты қайғыға душар етті. Содан соң Қауіпсіздікке қайта қарау жаһандық қағидат болып қалыптасты.
«ОБСЕ» деген Ұйым бастабында ұлы Парижде, соңында ұзақтағы Будапештте (1994) дүркін-дүркін басқосулар өткізді. Ұйымға мүше елдер саны да үсті-үстіне үрейге ұйысуға қосыла түсті. Жуықта ғана халықаралық «Amnesty International»: «...Еуропа Одағына қатысты елдерге қарай ағылған Таяу Шығыс, Африка қатарлы елдерден 160 мыңдай босқындар көз жасымен, қанымен былғанған өтініштерін беруде. Әсіресе Еуропаға қарай жол тартқан босқындар кемелері түрлі тонаушылықтар мен шырғалаңдарға сүрініп, ұрынудың салдарынан 800-ден астам адам су түбіне кетті» деді.
ЕҚЫҰйымы тағы да келелі саяси маңызды мәселелер үшін әлем назарын өзіне тартатын басқосулар шақырды. Мысалы, Парламенттік Ассамблейде көтерген мәселелерінің бәрі енді түйткілді істерді шешуге, кінәраттарды ушықтырмай дер кезінде емдеуге бағытталады деген сөз. ЕурАзия кеңістігінде осы бағытта жүрілетін ұласпалы процестер ішінде жаңа Қазақ елі де бар. Ғаламдық саяси көшбасшылыққа дейін көтерілуі - жалпы Қазақ мемлекетінің өзіндік ұлттық бағыты айқындала түскендігін көрсетеді. Бұл байырғы ұлттық рухтың қайта келуінен хабар беретін үмітті істің әлқиссасы болуы да мүмкін.
Бүгінгі Қауіпсіздік - жеке адамнан ғарыштық зымыранға дейінгі кеңістік аралықты қамтиды екен. Бұған Иран мен Батыс Кореяның тарапынан т.с.с басқалардан келуі мүмкін қатер де үсті-үстіне қосақтала береді. Неғылғанмен мынау сұрқай дүниеде таяуда бір сойқанның болары хақ. АҚШ, Еуропа, Таяу Шығыс, Африка, Оңтүстік Шығыс Азия түгелдей «Әль-Кайданың» нысанасында тұр. Орта есеппен 50-60 елдерге тамырын жайған осынау үрейлі күштің қауіпінен жүрексінбейтін тас жүректі держава қалмады.
Израйль-Палестина дағдарысы, талибандықтардың тықсыруы, Хамас пен Ислам жиһадшыларының үрейлі қимылы күллі ЕурАзияның төбе шашын тік тұрғызуда.
АҚШ-ты «вампиризмге», Иранды «лаңкес экспорттаушы» деп кермалдасудың соңы - әртекті әрекеттермен әп-сәтте әлем қақпасына қарай шайтан соқпасының жетуі аян болды. Енді дүние елдерін өз өз іргесінің тыныштығы елеңдетеді. Қазіргі төнген қауіп-қатерді нәпақа етіп от көсеп ойнаушылар кетартпалықтың бәр тәмсілін шахматтағы аттың жүрісімен көшіріп, қондырып жүр. Демек, лаңкестіктің түп тамыры Таяу Шығыс пен Африканың тапшылыққа ұрынған елдері арасынан жалғасып басқа өңірлерге де өсіп гүлдей түсуі де жаман ырым секілді. Жаппай аш жалаңаштықтың, қан мен тер тамған өлкелердің жасанды қыртысынан зорлықтың түрлі шәт-шәлекейлі әрекеттер осылай қаптап келеді.
Мысалы, Ресей болса ЕурАзия кеңістігіндегі ең ұрымтал жерді иемденуімен ерекшеленеді. Бұл ел бір жағында Ұлы Қытаймен шендеседі. Қытайды бақылауда ұстай алатын күш дәл қазіргі осы ғаламда жоққа тән болды. Түсінікті. Бір, екінші жағында Түркия немесе ежелгі Тұран империясы тұр. Түркия НАТО-ның белді мүшесі, бүкіләлемдік беделге ие. Бірақ, Қытайдан ойлағанда белгілі дәрежеде басқаның бақылауына тәуелдірек. Жуырда ғана Тұранның шебіне енген Орыстың ұшағы ежелгі азулы бозшуландарды ашуландыра жаздады! Қытайдың шекара шебі - Тынық мұхит жағалауымен ұласатындықтан ЕурАзия шет шеңберімен астасады. Әлем қауіпсіздігіне орасан жақын орта.Ұлы Тұранға төнген қара бұлт қоюланбаса игі!
Европа Қауіпсіздігі Ынтымақтастық Ұйымы - әлемдік елдер саяси өміріне ықпал көрсететін бірден бір күш. Иә, құрлықтық қауіп-қатердің бәріне дерлік өз дегенін жасата алатын алпауыт Елдер Одағы. Еуропа - қарт құрлық, тарихи саяси оқиғалардың бәрін көрген күллі дүниенің түп ортасы. Дүниежүзілік І, ІІ қанды соғыс, оның ізінше әлемді қақ жарған қырғиқабақ майдандар өткен, орын алған геоұйық. Әлемге қауіп-қатер төнсе, ең алдымен Еуропа өрт өтінде қалатын-ды. Осы ЕҚЫҰ-ға мүше елдер де әлеуетті де. Батыс Оңтүстіктегі Америка, Солтүстік Азия, Кіндік Азияның бірсыпыра елдері өзара ынтымақтастыққа қарай бейімделуге мәжбүр. Төнуге мүмкін қанды қатерлер мен қайдағы қиғылықтарды түгендеп отыратын құзырет ұжымдықтың маңына шоғырланған елдердің үкіметтеріне берілген.
Европа Қауіпсіздігі Ынтымақтастық Ұйымында 30000-ға жуық мамандар істейді әрі жиырмадан астам елдерде өз беткеұстар өкілеттерін ұстайды. Дүниежүзілік 60-қа жуық елдер осы ұйымға арқа сүйейді, һәм мүше. Алпауыт!
Әлем елдерінің әндігерлері мен Елбасылары дүркін-дүркін бас қосып, кейбір сәттерде құзырлы органдар мен қарасты министрлерін өзара ықпалдастықтың бүтін кездесулеріне қатыстырып бүкпесіз кеңесіп отыратын дағдысы тағы бар. Бүгін осы әлемдік қауіпсіздіктің эпицентрі Қазақ елінің екі қанатындағы ұлы Қытай мен Ресей. Тәуелсіз елдердің бейбіт өміріне төнуі мүмкін қатердің алдын алу үшін, демократиялық құндылықтарды қорғау, қалыптастыру үшін барын салатын әлемдік үн, аламан ақпараттық базар да осы маңда. Қандай бір оқиғалар тоғысында Америка мен Ресейдің тоқайласатын ортасы да кейде игілікті, кейде қым-қуыт текетірес кикілжің күйде өрбитін мета алаң да мұнда.
Жалпыеуропалық қауіпсіздіктің мүдделері осынау екі елдің тура ықпалы аясында жүргізіледі, орындалады. Посткеңестік жүйеден құтылғаннан кейін Қазақ елінің саяси бетбұрысына Еуропалық елдер оң көзбен қарай бастаған тұста - біз бұл Ұйымды таныдық. Қазақты жерәлемге таныту сәті ОБСЕ-ні басқарған сәттен кейін де күшті қарқын алды.
Әлемдік геосаяси жағдайлар түбірлес, індес, жалғасты келетінін жалпы ғалам, жалпақ ел сезінеді. Шекаралас елдердің ара жағасында өрбитін отты оқиғалар көп жағдайда «оқыс орын алды» деп жарнамаланып жарияланады. Оқтың қиюындай жымдасқан жақтас, жартыкеш сыбайлас топтар кейде араздасып кейде өзара отқа май құятын кездері де көп. Мысалы, Өзбекстан мен Қазақ елінің шекарасындағы оқиға қасіретпен қалыптасуға шақ қалған қатердің түптамырына КСРО-ның әндігерлері өздері «нәр» берді емес пе кезінде?!
Бір кездері (1956) Никита Хрущевтің бұйрығымен Қазақ жерінен 100 мың шаршы шақырым жер Өзбектерге сыйға берілген. Дау-дамай өрті бітіспес өшпенділікке айнала берді. Соның салдарынан 2002 жылы «Бағыстан Қазақ Республикасы» тәуелсіздігін жариялап өзбектер оны күшпен сөндіргені бар. Осы сәттен кейін ғана көршілес жаңа елдер өз шекараларының етек-жеңін қымтай бастаған. Осы заманауи заңды мәдениетті шекара болуы тиіс деген түсінік қинай түсті. Шекара демаркацияланған, делимитацияланған ретті, нақты белгіленген өткелекті қажет етеді екен дегенді ұқтық. Мұндай жағдайды қамтамасыз ете алмаған шекара – шекара емес. Ондай жерге есірткі тасымалы, контрбандылық сауда, заңсыз алыпсатарлық, ең қатерлісі алашапқын қашқын-пысқын, босқындар мәселесі көтеріледі. Есірткі тасымалдарымен айналысатындар мен геройн, опиум, марихуан т.с.с аса қауіпті бизнесшілер мұндай шекараның құтын қашырады.
Біз тілге тиек еткен Ресей мен Қазақ шекарасының жалпы ұзындығы 7598 шақырым 600 метр. Ауғанстан Бадахшаннан жосылар жымқырма жолдармен жөнелтілген бір уыс геройнның өзіндік құны Еуропаға жеткізілгенде он мың долларға жетеді дейтін логиканы қажет етпейтін жай есеп орынсыз айтыла салмаса керек. Ал қарт Каспийдің қара және қызыл уылдырығынан контрабандылыққа қарсы күрескендердің өздері де құр алақан қалдырмайтыны тіптен жасырын емес. Басқаны қойғанда «балықтың боғының» өзі барынша қауіп-қатер әкелетін жайлары жиі жолығады.
Жуықта өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 70-реткі мәжілісінде Бас хатшы Бан Ги Мун, «...аяусыз соғыстар мен қарулы қақтығыстар берекесіз өкіметтер мен экономикалық дағдарыстар салдарынан өз ұя, ұйығынан безінгендер саны 60 млн-ға жетті...» деді. Еуропа Одағының Сыртқы шекара қауіпсіздігі жөніндегі агенттіктің (Frontex) хабары бойынша үстіміздегі жылы Еуропа Одағы шекараларынан өтетін келімсектер саны 500 мыңға жетеді. Ал, БҰҰ-ның мәліметі бойынша босқындар саны таяу екі жылда 850 мыңға дейін күрт қосылады-мыс. Ендеше ЕурАзияға келе жатқан ең қатерлі әрі болжанбаған қасірет осы босқындармен келеді. Сойқан қақтығыстар салдары өз тұрғындарын басқаның шекара шебіне қарай ығыстыра бастады. Венгрия мен Сербия арасындағы шекара сызығында болған оқиғаға байланысты жағымсыз мәліметтер жарияланды. Венгрияның Үкіметбасшысы Виктор Орбан және Сербия Ішкі істер министрі Небойша Стефановичтердің мәлімдемелері маңайындағы елге жаңа үрей туғызатын түрі бар. Енді не істеледі?!
Әлемдегі экономикалық дағдарыс, саяси текетірес кездегі істі бір жағынан оңауға ұмтылыс жасай алатын «G-7» («The group of seven») ұйым бар. Әу баста 1975 жылы Рамбуейде немесе Париж маңында әлдекімдердің бастамасымен орнаса керек. Әуелгі аты «Рамбуей клубы»... Әуелі бір данышпан ойлап тапқан.
Қызықтысы, 1971 жылғы доллардың, 1973 жылы мұнайдың құлдырауы, Арабтар мен жөйттердің қақтығысы т.с.с сауда аумағындағы дау-дамайлар соңында «G-5», АҚШ Батыс оңтүстік Еуропа-Жапония «Трилатеризмі» («Trilaterism») 70, 80 жылдардағы экономикалық даму ынтымақтастығы (ОЕСD) әрекет қылды. Содан кейін 1987 жылғы осы тамыздағы долларға келген жойқын құнсыздық һәм «Қара жамылған дүйсенбі» салдарынан осы «G-7» тағаны тартылған деуге де болады.
Мінеки осы «G-7»-ге қарайтын 12 ел тағы да әлемдік гуманитарлық нәзік мәселені шешуге арнайы БҰҰ-на 1.8 млрд доллар бөлді. Ұлы Британия, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция оған қоса Еуропа, Парсы шығанағы, Сауда Арабиясы, Біріккен Эмират қатарлы елдер БҰҰ-на берекелі мақсатына жету үшін «береген қолын» созды. Германияның Сыртқы істер министрі В.Штайнмайер және Босқындар мәселесі жөніндегі БҰҰ-ның бас комиссары Антониу Гутерреш 1.8 млрд долларда тек босқындардың нәпақасына арнауды ескертті. Алайда тек осынау босқындар мәселесін шешуге әлі де 20 млрд доллар қаржы қажет болатын көрінеді. «Арқа жайлы болса арқар ауып несі бар?»

Ресей соңғы сәттерде түгел Сирияның ұлттық Ұланын қолдай бастады. Қару-жарақпен көмектесті т.с.с.
Дамаскінің солтүстік зонасында Ресейдің кәсіби 1500 сардарлы ірі жасағы тұр. Сирия Ресейден ұшқышсыз ұшақ алды һәм оның пайдасын да көре бастады. «Fox news» хабарына қарағанда Ресейдің 24 жойғыш ұшағы яғни «Сухой Су-25», «Сухой Су-25», «Су-27S», «Су-30», «Су-34» қатарлы ұшақтары Сирия әуе кеңістігін дүркін-дүркін айналып шарлайтын болды. Мінеки бұған секунт сайын от бүркетін «Т-90» үлгідегі 30 танкіні қосыңыз. Осының барлығы тек Башар Асадты тірі қалдыру үшін жасалып жатқан жақсылық емес!? АҚШ пен Ресейдің жанталасуынан көп мәселенің мәнін түсінуге болады. Алайда қарсы жақтағы АҚШ армиясының аламандығы туралы да біршама мәліметтерді әлемдік баспасөз ақпарат бұлақтары үздіксіз хабарлауда.
Мысалы, «Credit Suisse» болса әлемдегі ең күшті 20 армияның тізімін жария етті. Сол армиялардың көшбасында 610 млрд доллармен қаржыланған АҚШ армиясы тұр. Шамамен АҚШ-да 13900 соғыс ұшағы, 920 шабуылшы, 20 жүк тасымалдаушы, 72 сүңгуірлері тіркелген. Стокгольмнің ғылыми зерттеу, сараптау институты ақпаратында әлемдегі жалпы ядролық қару-жарақтың 90 пайызы АҚШ пен Ресейге тепе-тең тиеселі делінді. Бұл екі алпауыттың артында Қытай армиясы қалыспай келеді деп ойлаңыз?!
Жаңа ортада жаңа қауіпсіздік жағдаяттары осылай тап беріп қалып жүр. Келесі төңкеріс тағы да көптеген заһарлы жаңалықтармен көрініс беруі ғажап емес. «Қиыр Шығыс», «Теңіз жағалауы елдері», «Әмудария маңы» қатарлы елдер шұбыра тәуелсіздіктерін жариялауы да ғажап емес, мүмкін. Азия құрлығына тірелген саяси-экономикалық жағдаяттар болуы ықтимал өзгерістер болжамдар долбар күйінде қалмайтын түрі бар. ТМД елдері өз қауіпсіздігіне өзі жауап бере алмайтын алмағайып күн туып келеді. Олардың бірсыпырасы Ресейдің де әскери стратегиялық ықпалын да жоққа шығармайды. Ұлы Қытайдың ұланы күн санап өршіп барады. Азия-Тынық мұхит аймағындағы Қытайдың ықпалы арта береді. Орталық Азия елдері мен Орта Азия мемлекеттерінің ұлтаралық мүдделік қайшылықтарын ешқашан «марғау қалғыған күйінде» қала береді десек адасамыз.
Қытайдың жаппай қарулануына қатысты түрлі болжамдар тоғысы да үдей түсті. Жуықта ғана осы елдің Жэзян өлкесінің химиялық өндірісінде ірі жарылыстар орын алды. Бұл оқиға Қытай үшін алғашқысы да, соңғысы да емес-ті. Алпауыт көрші өз елінің амандығына, саламаттығына, қауіпсіздігіне жиі мән беруде. Қару-жарақ саудасы сағыздан да оңай табылатын болды. Айталық, Белоруссия президенті Александр Лукашенко Қытайға сапарында (1995) әскери ынтымақтастық шартына қол қойды. Оның көбісі бүгінге дейін жалғасып келе жатқан қару-жарақ саудасына қатысты әрекеттер-ді. Соңғы заманауи жарақтар яғни спутник, ғарышты тану бағытындағы құрылғылы дүрбілер т.с.с. Бұл тек бір ғана мысал...

Еуропа мен Азия-Тынық мұхит аймағы және Қазақстан
Қазақ кеңбайтақ, жер көлемі жағынан әлемде 9-орында. Республика аумағы Батыста Еділден Алтайға дейін 3000 шақырым, Солтүстік Батыс-Сібір жазығынан Оңтүстік Тянь-Шань тауларына дейін 1600 шақырым. Мұндағы 14 облыс, 87 қала, 159 аудан, 2150 әкімшілік бірліктерінде қазақтар мен орыстар, украйндар, немістер, ұйғырлар мен корей (кәрістер) т.с.с аз санды бейбітшіл бәкін-шүкін ұлт өкілдері өмір сүреді. Ертіс пен Еділ Сырдарияға дейінгі Арал мен кәрі Каспий, Іле мен Тянь-Шаньға дейінгі байырғы атырап, ұлы ұйық. Қазақтарды көбінесе басқыншы шовинизмі мойындамаған, олар асау тағы этнос. Басқалар үшін соғысқан алаңғасар халайық. «Ұлы Отан соғысы» деп саналатын қызыл майданға 1.200 мың сарбазы қатыстырған еспе жомарт. Германдар мен Итальян, Жапонияның ұрыс алаңдарында ізі жатқан, қасық қанын ысыраптаған ынсапты жауынгер атанған мейманасы ерен жұрт. Олар 1986 жылғы 16 желтоқсанға дейін тәуелсіздік жолында күресті. Соңғы желтоқсан оқиғасына 8500 қыршындары қатысып, жуық шамамен 1720 астамы жазаланған, сотталған, өлген. Жұбан эпик ақын бұны - «мың өліп...» деді.
Мінеки, жылқы жылы басталған ұлы өзгерістер түрені Қазақ Еліне еркін іс-қимыл жасайтын мүмкіндікті осылай бере салған.
Саяси сахнаға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы келді. Қазақ Елбасы сол кездің өзінде бұл елде Қауіпсіздік Кеңесін құруды тұңғыш рет ұсынды. Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылысымен ішкі қауіпсіздік шараларын қолдана бастады. Әу баста 1993 жылы қаңтарда қабылданған Ата заңға Қазақ республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп күллі әлемге паш етті. Тіптен 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» стратегиясында бірінші орындаҰлттық қауіпсіздік мәселесі сомдалды.
Қазақ Елі осылайша әлемдік саяси геоаренада халықаралық құқықтық толыққанды субьектісі ретінде бой көтерді. Финляндия астанасы Хельсинкиде Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) қорытынды актлеріне қолтаңбасын қондырды. АҚШ, Англия, Германиямен аралық қарым-қатынас жаңа сүрлеуге түсті. Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 1992 жылы Франция басшысы Ф.Миттеранмен жүздесіп Еуропаға арналған Париж хартиясына тағы да райласты. Бұдан кейін Қазақ Елінің көп бағыттағы сыртқы саясаты ұстанымдары мен ұлттық қауіпсіздігінің мүддесі ересен қосыла берді. Әсіресе Қазақ Елінің НАТО-мен қарым-қатынасының негізі қаланған (1992) жылдардан бастау алатын жылы ОБСЕ ынтымақтастығына Хельсинки қорытынды актісі бойынша жөн түзеуі өз алдына бір әңгіме.
Сол тұрғыда 1992 жылы қаңтарда Қазақ Елі Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға мүшелікке өтті. Қысқасы, ЕҚЫҰ-ға... Расында жас қазаққа қауіпсіздік мәселесі өте маңызды. Оны бір адамды соншалықты жек көру һәм «сүйіспеншілік» аясымен шатастырып түсінуге болмайды. Қауіпсіздік – күллі қазақтың төл мүддесі. Қауіпсіздік бір адамның жарнамасына ұқсатпау керек. ОБСЕ-ге арналған қаржы шашырандысы тек жалпы қазақтың ғана болашағына қарай жұмсалған игілік. Бүгінгі қауіпсіздік ғарыштық зымырандардан да бұрын босқындар мәселесімен келді дедік. Бұл адамзатқа төнген қасіреттің бастау алды. Ұясынан опа таппағандармен қоса безгендер, ұйығынан жерігендер қосыны жосып өріп барады. Қорыққан, үріккен, қашқан босқындар өтпелі емес, қатерлі. Қазіргі экономикалық дағдарыстың түрені жаппай ұрлық пен тонаушылыққа шақырады. Арғы түп тегінен демі сасық жаралғандар қаншама ақ көйлек кигенімен қаралыққа бейім, олар жатырда не естісе соны жасайды.
Қазақ Елі халықаралық деңгейде аса маңызды саяси ұтымды орынға ие болатын жағдайға келді. Ауқымдылығы жағынан Шығыс Еуропа мен Батыс Азияның ұрымтал түйілістерінде пайда болған бейбітшіл, демократиялық жаңа мемлекет енді түлей түседі. Қазақ Елі ғаламдық геосаясатта жалтақтап «ортаны ұстанбайтындығымен» дараланады. Сол тұрғыда Әлемдік Қауымдастық тарапында да аз емес беделге ие болды. БҰҰ-на (1992) мүшелігіне де қабылданған-ды.
Өз аумағында атом қаруы да бар ел. Жуықта Қазақтың Көшбасшысы уранды бейбіт дамыс пен өркенге пайдаланудағы саяси пайымын жария етті.
БҰҰ-ы бейбіт қауіпсіздікті сақтау, әрқилы қақтығыстар мен соғыстың алдын алу мақсатын алға қойған Ұйым. Демек жуықта ғана Қазақ Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы осы ұйымның штаб-пәтерін Азияға қарай жұрт жаңалауын ұсынды. Адамзат қауіпсіздігі мен жаһандық институттарды ерекше елең еткізген аталмыш мәлімдеме мен мәміле ғаламды дүрліктірген терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресудің механизмдерін жаңартудан басқа жол қалмағанын паш етеді.
БҰҰ-ның 100 жылдығы яғни 2045 жылға дейінгі қауіпсіздік бойынша жоба осылай ұлы жолға қойыла бастады. Расында 90-шы жылдан кейін Халықаралық практикада орын алған құбылыстар БҰҰ-ның аса күрделі жағдайды реттеуге шақыратындай. Бір кездегі ұлы ғаламның арқасына аяздай батқан ядролық қару-жарақ тайталасы және әлем елдерін екіге бөлген идеологиялық майдан, антогонизмнің әсіре әрекеті «жойылғанымен» оның екінші жағының зардаптары көрініс бере бастады. БҰҰ-ы көбінесе бейбітшілікті орнықтыру (Peace buiding) тәртібіне АҚШ-ның әскериліктерін пайдаланатын-ды. Тіптен БҰҰ-ның құзырына АҚШ әскерін беру жөнінде де ұсыныстар бар-ды. Аталмыш ұйымның демократиялық дипломатияны қалыптастыру (Preventive Diplomacy) әлемдік бейбітшілікті қамтамасыз ету (Peace making) барысындағы барлық ұстанымдары ендігі кезекте Азияға қарай бағытталуы мүмкін екен. Қазақ Елбасы осы жағдайды тілге тиек етті. Азиядағы өзара қарым-қатынас пен нақты хаһи сенім шараларының механизмі әлем елдерінің санасында «жұмыртқалалайтын жаңа ұясы» салынды. Күллі әлем Қазақ Елінің СНВ-1 шарты немесе ядролық қаруды таратпау жөніндегі Шартқа (ЯҚТШ) қосылуын БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында яғни осыдан 20 жыл бұрынғы (1995) ұстанымы араға 20 сессия өткізгеннен кейін аса тұтқиылдан, тосын жағдайда мүлдемге жаңа бастамамен келді.
Жуықта ғана Ұлы Британияның премьер министрі Дэвид Кэмерон «...Кейбір жағдайда ядролық қару-жарақ қолдану теріс емес...» деп ескертті. Ұлы Британияның Біріккен корольдігі Тынық мұхиттың Крисмас аралында ядролық қару-жарақты сынаған-ды. Сондай-ақ 1960 жылдан кейін яғни Дүниежүзілік ІІ қанды соғыста немістерге кеткен есесін қайтару үшін намысты геосаясат жүргізе бастаған ел. Соның нәтижесінде Тынық мұхиттың Туамоту Архипелаго аралында, соңынан Африканың Алжирі яғни Сахара шөлінде ядролық қару сынаған төртінші мемлекет болып тіркелген. Ұлы Британияның Үкіметбасшысының үрдісті «Trident replacemеnt»-шіл мәлімдемесі «кейбір сәттегі батыл емес шешімдер қауіпсіздікке кері нұқсан келтіреді» дегенді ашық меңзейді.
Сол тұрғыдан қарағанда ядролық қару-жарақтың соңынан түскен елдің саны 10-15-ке дейін жетуі мүмкін секілді. Ұлы Британиядан кейін 1964 жылы КСРО Маоның ядролық қару-жарақ жөніндегі ұсынысын қолдап, Қытайды ядролық қару-жарақты ел ретінде танығанын айта кету керек. Жуңго Шинкиан шөл даласына «596» ядролық қаруын сынады. Бұл елдің соңынан 1974 жылы Үндістан, 1998 жылы АҚШ-ның көмегімен Пәкістанның «Чагай-1» ядролық сынағы өткізілді. Ал, Корея болса 2006 жылдан бастап ядролық сынақты ешкімнің қалауынсыз жасай бастаған.
Кешікпей Оңтүстік Корея спутниктік зымырандар ұшыра бастайды. Қашықтыққа жететін зымырандар легі солай іске жегіледі. Бір кереметі аталмыш зымырандар әуе кеңістігін толықтай бақылауға алуға қуатты. Осылайша аса қашықтыққа жете алатын зымыранды ұшырмау жөніндегі БҰҰ-ның шектеуіне Корейліктер құлақ аспайды. Солай. Ендігі кезекте Еуропа мен Азия-Тынық мұхит аймағын біріктіретін стратегиялық ең маңызды кеңістікті алып жатқан Қазақ Елі үшін қауіпсіздіктің су жаңа тәсілдерін іздестіруі айып емес.
Мінеки, ядролық қару-жарақты шектеу жөніндегі әлемдік бітімдер әлі де күрделі жағдайда. Мысалы, Иран ядролық қару-жарақты 13-ші мемлекет болса, одан бұрын Украина, Белоруссия, Қазақстан қатарлы елдердің қолында ядролық қару-жарақтар бар. Оңтүстік Африка Республикасы (ЮАР) да ядролық қару-жарақ сынаудың соңына түскен ел. Ендеше Қауіпсіздік мәселесі – Қазақ дүниесін ұштай түсері хаһ.

Сұраған РАХМЕТҰЛЫ
2015.10.09
"Алаш айнасы"

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста