Қазақ зиялылары кімге тәуелді?

Қазақ зиялылары кімге тәуелді?

Кейінгі ұрпақ алдыңғы буынның қателігі үшін алдымен сол кезде билік басында отырғандарды емес, ұлттың зиялыларына кінә тағатыны анық.
Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пайымдауынша, ұлттың зиялысы кеше де, бүгін де, ұлты үшін алдыңғы шепте, желдің өтінде тұрған қалқанмен бірдей болып келді. Бұл – тарихи тұрғыдан алып қарағанда, эволюциялық құбылыс.
«Осыдан біраз бұрын 1937-1938 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетін басқарған Лев Мирзоянның Мәскеуден ату жазасының квотасын арттыру туралы хаттамасынан үзінді табылды. Оған тек Мирзоянның ғана емес, 10 адамның қолы қойылған. Хатқа қол қойған тұлғалардың атына қазір Алматы мен Астанада көше аттары берілген. Ал келер жылы хатқа қол қойғандардың тең жартысы атылып кетті.
Сол сияқты 1925–1933 жылдары Филип Голощёкиннің тұсында ашаршылық болды. БАҚ беттерінде аштық тек Голощёкинның жеке басымен байланыстыратын жазбаларды көп кездестіремін. Рас, оның шектен шығып кеткен тұстары көп. Бірақ қателік тек екеуіне ғана емес, бәріне ортақ. Оған бәрі жауап беруі керек.
Соңғы кезде ХХ ғасыр басындағы қателіктерді тек бір адам, өзге ұлт өкілімен ғана байланыстырғысы келетін көзқарастарды жиі кездестіремін. Бұл – барып тұрған іріп-шіріген көзқарас. Біз бүгін қазақ зиялысы кеше, бүгін қандай қағидамен өмір сүріп келді?» деген сұраққа жауап алуымыз керек», – дейді
Данияр Әшімбаев.
Ал жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен Әбдіков болса кешегі зұлмат замандарда қарсылықты ашық таныту – басыңды балтаға өзің барып тосумен бірдей болғанын, мұның зардабының күні кешеге дейін сақталып қалғанын айтады.
Зиялы менің ұғымымда, ұлттың қаймағы. 1954 – 1960 жылдары қазақ жерінің біртұтастығы таразы басына түсе бастағанда, Жұмабек Тәшеновтер Мәскеумен айтысып жүріп, бөлінуден сақтап қалды. 1955 – 1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы қызметін атқаратын Жұмабек Тәшенов өзі төрағалық етіп, арнаулы комиссия құрды.
Комисся шешімі бойынша: «Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су-энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын санаторийлер ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді қолайсыз санаймыз» деген шешім шығарады. Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Л.Брежневке жіберіледі. Л.Брежнев басқарған ОК комиссия қорытындысына қарсы келмеді. Қайта қолдау білдіріп, «Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін» деген қаулы қабылдайды. Өкініштісі, Мәскеу өз шешімін өзгертпеді.
Осылайша, қасиетті қазақ жері өзбекке беріліп кетті. Тіптен кейін Мақтаарал ауданын, Түркістан, Бағыс ауылдарын иемденіп кетті. Ал қазақтың салақ басшылары бұл мәселеде салғырттық танытып, өзбектерге көмектесті. Десе де, қазақтардың тегеурінді қарсылығы Мәскеуді ойландырып тастады. Ашық қарсылық көрсетпесе де, үндемей қалу арқылы қарсы екендерін байқатты. Ол кезде қазақтың зиялысының іргесі сөгілмеген болатын. Бүгін билік пен зиялының аражігі бөлініп кетті.
Қоғам ұлттың сөзін сөйлеуді билік басында отырғандардан емес, зиялыдан күтеді. Біз бөліп-жармай, бәріне бір көзбен қарау керек. Сол кезде өз заманының қателігі үшін тек зиялы ғана емес, барлығы бірдей және істеген ісіне қарай жауап береді, – дейді.
«Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры Қанат Әуесбайдың пайымдауынша, зиялы қауым қоғамдық флюгер болмаса екен деген ойда. Себебі зиялы қауымның бар іс-әрекетін, мінез-құлқын көбіне қызмет бабының, қоғамдағы орны спецификасымен түсіндіріледі. Мәселен, зиялы қауым мемлекеттік қызметте болса, радикалды ойларын көбіне іркіп қалады немесе ойын ешқашан мүлдем айтпайды да. Олар өздеріне «мемлекеттік қызметтегі адамбыз, бізге айтуға болмайды» деген ішкі цензуралық шеңберін сызып алған. Көкіректері сайрап тұрса да «үндемеген үйдей бәледен құтылады» деп, тек жүргенді құп көреді.
– Көптеген зиялы қауым аталып жүрген контингент өкілдері, қолдары бос кезде қоғамдық өзекті мәселелерге үн қатып жүреді де, қызметте жүргенде үндері бәсең тартып қалғанын байқайсың. Кезінде «Алаң», «Өзекжарды», «Сіз не дейсіз?» телебағдарламаларын жүргізгенде талай байқағанмын. Камера қосылмай тұрып, үлкен мемлекеттік қызметте жүрген көзі ашық азаматтар, біраз түйткілді мәселені қозғайды да, камера қосылғаны сол екен, алдында ғана айтып кеткен сын-пікірін бүркеп, өзге бір бейтарап ойларын ортаға салып, сытылып кетеді.
Мен мұны саяси флюгер болу немесе конъюнктураның жетегінде кету деймін. Ал өз ойларын ірікпей ашық айтуға тырысатындар – көбіне үкіметтік емес ұйым өкілдері. Олар көбінесе түрлі демеушілер, шетелдік гранттар немесе мемлекеттік тапсырыс аясында күн көреді. Бірақ олардың да іс-әрекеттері, айтқан сөздері көбіне лоббистік көзқарас тұрғысынан аса алмай жатуы көп. Яки бейнелей айтсақ, бұл – «кімнің тарысы піссе, соның тауығы болуға» ұмтылу.
Ал халыққа сөзі де, өздері де ұнайтын үшінші зиялы топ деп мен ақын-жазушылар немесе руханият өкілдері дер едім. Олардың билікке сөздері аса өтімді болмаса да қазақтілді қарапайым халық арасында беделі зор. Демек, бірінші топ ықпалды, бірақ үні бәсең. Екіншісі, ықпалды болмаса да, сөздері шешім қабылданатын билікке өтімдірек, алайда саяси конъюнктураға бой алдырып қояды.
Ал үшінші топқа келер болсақ, қызуқанды, эмоциялы іс-әрекеттерімен қараша халыққа ұнайды, дегенмен жоғары жақ олардың ой-пікірлерімен, ұсыныстарымен санасып жатуы сирек. Түйіндей айтсақ, зиялы қауым өзінің қоғамдық орнына, қызметіне тәуелді, – дейді Қанат Әуесбай
aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста