Қазаққа газет қажет пе?

Қазаққа газет қажет пе?

«Қазаққа газет қажет пе?». Бүгін бұл тақырып ФБ әлеуметтік желісінің басты талқылар мәселелерінің біріні айналды. Белгілі блогер Аршат Ораздың «заман талабын да мойындау керек. Газет өледі. Қазір «госзаказ» болмаса шықпас та еді. Сол «госзаказдар» арқасында қаншама адам айлық алып отыр. Ал «госзаказ» болмаса ше? Газет кімге керек?» деген жазбасына орай түрлі пікірлер айтылып жатыр. «Алаш айнасы» басылымы жалпы осы тақырып аясында айтылған пікірлерді саралап, айтары бар-ау деген ойларды назарларыңызға ұсынып отыр.
Аршат Ораз:
– Түсінемін қазақ журналисті үшін газет – киелі, қасиетті ұғым. Газетке көркемсөзді мақала дайындау, наборшыларға мәтін тергізу, «версткада» отыру, кезекші болу, ағалармен ішу, ел аралап сыйлы болу, менің ана мақаламды оқыдың ба деп айту, жаңа нөмірді қолға ұстап шолып шығу... бәрі қызық, күшті әрине. Бірақ заман талабын да мойындау керек. Газет өледі. Қазір «госзаказ» болмаса шықпас та еді. Сол «госзаказдар» арқасында қаншама адам айлық алып отыр. Ал «госзаказ» болмаса ше? Газет кімге керек? Жалпы шынымен газет қазір кімге және не үшін керек?
Нұрмахан Мұқанұлы:
– Ауылдағы үйдің терезесін немен жабамыз? Солярка таусылғанда пешті, самаурынды немен тұтатамыз? Стадионда астымызға не төсеп отырамыз? Жо-жоқ газеттерді өлтіруге болмайды!
Арайлым Кален:
– Газетті пойыздағы жолаушы апа-ағалар оқиды. Ата-əжелеріміз интернетке кіріп жаңалық оқымайды, олар əлі газет-журналдардан оқиды. Əлі газеттердің өлетін уақыты келген жоқ.
Нұрмахан Мұқанұлы:
– Өзім газетті ауылға барғанда ғана оқимын. Аудан, облыс жаңалықтарын білу үшін. Ал мен ауылға жылына 1 не 2 рет барам. Негізі жұмыссыздардың санын көбейткісі келмегендіктен газеттерді жаппайтын шығар.
Манас Аташев:
– Қазіргі газет-журналдардың ішінде ең керегі жас балаларға арналғандары деп есептеймін (Айгөлек, Мөлдір бұлақ, Ұлан... т.б.) халықтың өз еркімен жазылатын басылымдары да осылар және олар пайдалы деп ойлаймын, Ал Егеменді оқып отырған адамды көрмеппін.
Әйгерім Тоқсанбек:
– Біздің Айбек Егеменнің бір санын жібермей оқып жүреді. Ол ата емес, жастар қатарына жатады. Демек, әлі де газет оқитын жастар бар. Газет қазірше толық "өле" қоймайды-ау!
Қанат Әбілқайыр:
– Аршат бауырым! Журналист болғандықтан газеттің сөзін сөйлемеймін! Сенің де сөзіңнің жаны бар шығар. Тек әр нәрсені тереңнен ойланған жөн-ау! Мен газеттің мың пайдасын тізіп бере аламын! Бірақ, оған уақыт тапшы. Тек біреуін айтайын... Мысалға ешкімге қажеті жоқ деген Егемен Қазақстанды алайық... Оны бүгін ешкім оқымады делік... Оқымасын! Десек те, сол газеттің әр данасы еліміздегі кітапханаларға, мұрағаттарға тіркеліп жатыр. Әр күн сайын қазақтың тарихы қатталып жатыр. Әр күн сайын қазақтың тарихы жазылуда. Басқаны айтпай-ақ қояйын, мынау іргедегі қытай мен орыстың бізден мықты болуының бір себебі жазба деректерінің, жазба құжаттарының көп болуында емес пе еді? Бауырым, интернет келді екен деп, тарихты жазуды доғарамыз ба? Мұны интернетке-ақ жазамыз дейтін шығарсың... Оның сақталуын қамтамассыз ете аламыз ба? Блогері бар, басқасы бар, жалпы азаматтық журналистиканың жазғаны болашақта қоғамдық пікір ретінде зерттеледі. Оны жоққа шығармаймын. Бірақ, тарих негізінен мемлекеттің миссиясы тұрғысынан сараланбай ма? Газет тек тарих үшін қажет деп бір жақты ғана ойлап қалмаңыздар! Газет деген түсінген адамға заңдық күші бар құжат. Ии, жарайды, патша көңілдерің білсін! Менікі ой ғой, әншейін..
Бағлан Көке:
– Негізі мына сұрақты қате қойдыңыз. Газет-журнал дегенге жылына бір рет жазыласың, жыл бойы мерзімді баспасөз келеді. Сен кешіксең де, бір жаңалық яки хабарды оқисың. Бұл бір. Екіншіден өркениеті әлдеқашан дамып кеткен АҚШ пен Еуропа елдері әлі газет пен жорналды жойған жоқ, жоймайды да. Интернет деген Қазақстан халқының бір пайызында ғана бар. Алайда, сол бір пайыздың бәрі фейсбук қарап, газеттердің сайтын оқып, жаңалыққа қарық боп жатыр деп айтуға келмейді. Сосын, газеттен тек жаңалық оқылмайды. Онда әр қилы айдар бар. Солардың есебінен газеттегі материалдар толықтырылып отырады. Ал, газет-журнал оқу мен оқымауды таңдау – әр адамның еркі. Газет қызық емес, интернеттен қарап алам, дегендердің бірнәрсені қарап, айқын екеніне көз жеткізіп білетініне шүбәм бар.
Арман Сқабылұлы:
– Газет ең құрығанда үтір мен нүктені дұрыс қоя алмайтын блогерлердің сауатын ашып, сауабын алар мектеп болар еді...
Ержан Байтілес:
– Газет оқымайтынымен мақтанатын "бiлiмдiлердi" де көрдiк-ау...
Нұрсерік Жолбарыс:
– Техникасы бізден жүз есе дамып кеткен Жапонияда апта түгілі күн сайын шығатын газет бар. Бәрінен озып кеттік дейтін АҚШ-та аптасына 3 рет шығатын 200 беттік газет бар. Өзі газет оқымайтын адам елді де солай ойлауы қате. Өз басым газет сатып аламын, оқимын. Айналамдағы адамдар да сондай.
Газетте тек жаңалық жарияланады деп ғана ойлаудың нәтижесінде осындай пікірлер айтылады. Ал газеттің ішінде түрлі айдарлар бар. Оқып отырсаңыз небір ғылыми ізденіске толы дүниелерді көресіз. "Егеменнің" "етжеңді" айдарының өзі неге тұрады!
Бану Әділжанова:
– "Газет өледі" деп өткен ғасырдан бері айтылып келе жатыр. Өлсе неге 2 ғасырдан астам (229 жыл) тарихы бар «The Times» секілді басылымдар жабылып қалмайды. Керісінше Ұлыбританияда бұл басылымның беделі жоғары. "Егемен" секілді ел газетін (басқа да газеттерді) дәретханаға апарып, қамыр жайып, пеш пен самауырын тұтатып жүргендер ел тарихын, ел азаматтары туралы тағылымды өнегені өртке орап, қор қылып жүргендерін біле ме екен?!
Роза Бекетаева:
– Біздің редакция «госзаказсыз-ақ» ел құрметіне бөленіп отыр. Түрлі айла-шарғымен аяқтан шалу, жазылушыларға кедергі келтірулер орын алып жатса да, редакция телефонына тыным жоқ, оқырмандар Қазақстанның түкпір-түкпірінен іздеп келіп, хат жазып, хабарласып, арыз-шағымын, енді бірі алғысын айтып жатады. Әр нөмірге пікірін білдіріп отыратын "ардагер" оқырмандарымыз да бар. Ал ең бастысы, біз жарнамаға да аса бас ұрмаймыз, анда-санда жарты бет болмаса, газетің жартысынан көбісін жарнамаға арнап жатқан жайымыз жоқ. Сонда да жалақымыз бір күн түгілі, бір сағатқа кешіккен емес. Так что, Аршат бауырым, «госзаказсыз» да өз күнін өзі көріп, адал еңбегінің нәпақасын жейтін журналистер барын ұмытпа!
Бүркіт Нұрасыл:
– Әрине, өле қоймас... керісінше керісінше интернет басылымдар ғұмыры қысқа микро организмдер секілді... Біреуі жоғалса орын екіншісі басады...
Марат Жалдекенов:
Жаңалықтарды сайттардан, мақалаларды газеттен оқыған жөн деп білемін. Өз басым аймақтық жүз беттік апталық пен балаларға арналған 4-5 жылтырбет жорналға жазылғам...
Жұлдыз Әбділда:
Аршат, «әбижайыш»! Қалжың ғой. Негізі, заманның талабына ілесу керек, оныңа қосыламын. Бірақ, әлдеқашан дамып кеткен Еуропа елдерінде әлі күнге дейін газеттер мыңдаған тиражбен шығып, көпшілігі тегін таратылатынын білемін. Сондықтан, өлмей-ақ қойсын... Сендер ғой, бәрін білесіңдер. Ал біздің қолымыздан сол екі ауыз сөздің басын құраудан өзге ештеңе келмейді. Сондықтан, әркім өзінің қолынан келетін іспен айналысып жүре берсінші. Сосын, интернет тұтас ауылға жетіп болам дегенше де біраз жыл бар ма деймін.
Амангелді Құрметұлы:
– Рас газет мұрағат үшін қажет шығар. Пайдалы жақтары көп шығар. Оған дауым жоқ. Алайда біздегі газет оқу жəне шығару дәстүрін шетелдермен салыстыра да алмаймыз. Шетелде газетің тауар ретінде де құны бар. Бізде жоқ. Мұны бір деп қойыңыз. Екіншіден қазақстандық басылымдар мемлекеттің қолдауымен ғана өмір сүріп отыр. Бүгінде ерікті түрде газетке жазылатындардың қарасы өте аз. Редакторлардың облыс, қала, аудан əкімдеріне қолқа салып жүретінін көрдік. Елге танымал редактор болса немесе пысық болса ғана жазылушылар саны молдау болатындығын көз көрді. Сондықтан Қазақстан жағдайында газеттерді "жасанды тыныс алу аппаратынан" ажыратсақ бірден "өледі". Əсіресе қазақ тіліндегі басылымдар солай. Егер басылым "өлмесін" деп тілесек нарыққа бейім болуы керек. Тауар ретінде құны болуы қажет. "Аңыз адам" сияқты. Бірақ басылымдардың барлығы ондай емес. Сондықтан газет-журналдардың ішінде нарыққа бейімделгендері ғана қалуы тиіс.
Камбар Ахметов:
– Жабылатын газеттер жабылып болды, қалғандары шыға береді деп ойлаймын. Газет – шежірені сақтаудың ең сенімді тәсілі. Сонымен қатар, газеттегі дүниелер салмақтырақ, газет журналистері сауатты болады. Сондықтан, газет бізге керек. Дегенмен, Аршаттың сөзінің жаны бар, қазіргі республикалық газеттерден (қазақтілдісі) бастап барлығы түбегейлі жаңарту (форматын, стилін мүлде өзгертпесе) жүргізбесе экологияға зиян тигізгеннен (қаншама ағаш оталып жатыр) басқа пайдасы шамалы.
Айбек Молдабай:
– Газет "газет өледі деген адамды өлтіріп барып өледі!" Ол сондай құдыретке ие, кие! Комбайын пайда болған тұста енді орақтың қажеті болмай қалады дескен. Шағын шаруашылықта, ауылдың қорасында орақ ілініп тұр. Орақтың пайдасы болмай қалады деген сол кездегілердің сөздері бұ күнде теріске шығып отыр.
Газетпен шыбынды өлтіруге болады, шенеунікті де өлтіруге қауқары бар. Англияда тиражы 6 млн.-мен шығатын басылымдар бар. Оны ағылшын журналистикасының қыр-сырымен жіті таныс Куандык Шамахайұлынан да сұрап біле аласыздар. Біздегі кемшін тұс, газет сайттары көбіне "қағаз газеттің" көшірмесі. Газеттен не оқысаң, сайттан соны оқисың. Ал батыс басылымдары (сайты бар) сайты газеттің көшірмесі емес. Ал Аршаттың сөзіндегі «госзаказбен» күнін көріп отырған газеттер баршылық дегенінде жан бар. Олар бюджетті жеуге құмар келеді. Кімді жазып, нені насихаттайтыны мәлім ғой кімнен қаржы түсіп тұрғаннан кейін. Бұл жерде екінші тарап жарнамамен, сатылыммен күнін көретіндерді де айта кеткен жөн. Жеке басылымдарда мықты журналистер көп. Үкіметке тәуелді газетке қарағанда... Оларға сәл еркіндік берсе, газетті жетері жеріне жеткізеді!
Серік Әбілхан:
– Газетте жұмыс істеп, сол жерде нанын тауып жей тұра "газетті өлтіргісі" келетін кейбір әріптестеріме таңғаламын. Болашағына сенбесе босқа жүр ме уақыт өткізіп сонда?
Жалғас Ертай:
– 1) Ақпараттың өзі емес, көзі ғана маңызды сияқты көбі үшін;
2) Өздеріңіз айтып отырған шетелдік миллиондап шығатын басылымдардың жыл сайын тиражын азайтып, онлайнына көңіл бөліп жатқанын да ұмытпағайсыздар. Олар госзаказбен отырған газеттер емес;
3) Тарих үшін маңызы болсын десе, сол жиналған подшивкалардың бәрін онлайнға шығару керек деп ойлаймын;
4) Газет өлмейді деп сенімді түрде айту үшін нарық болуы керек, оның заңдылықтары мүлтіксіз орындалуы керек. Ал бізде жасанды түрде мемлекеттен қаржыландырылып отыр. Сәйкесінше, донордың көңілі қаласа, өле қалады деген сөз. Бұған тіпті интернет те кедергі бола алмайды. Сондықтан, шетелдің тәжірибесі туралы ештеңе демей-ақ қояйық. Себебі, шетел как раз тиражын азайтып, онлайнға көшіп жатыр;
5) Интернет бірінші кезекті қағазды өлтіреді. Қалаймыз ба, қаламаймыз ба – солай. Бұған экологиялық, экономикалық, технико-технологиялық себептердың алғы/артқышарттары дайын тұр;
6) Газеттер өледі деп тұжырымдағаннан, олар форматын өзгертпесе, өледі деп айтқан болар едім.
Тельман Бейсен:
– Қазір мемтапсырыс бойынша қаржы тек газеттерге ғана емес, бәріне де оның ішінде сайттарға да жақсы бөлініп жатқан жоқ па? Сондықтан, қай-қайсында болмасын "нансоғарлар" жоқ емес? Сол себепті қазіргі кезде мемлекеттің өзі мемлекеттік БАҚ-ды бәсекелестік ортаға беру мәселесін көтеріп отыр. Бұл біржағы, менімше, "нансоғарлардан" құтылудың жолы болып табылады. Қалай болғанда да газетке басылған мақала "тайға таңба басқандай" болып құнды құжат ретінде тасқа басылатыны сөзсіз!
Аршат Ораз:
– Шетелмен салыстыруға болмайды. Ол жақта газет күнде шығады. Жарнама көп беріледі. Бірақ шетелде де жарнама қазір газеттен гөрі интернет нұсқаға қарай ауысуда. Газет шетелде таңертең шәймен оқылатын нәрсе, түстен кейін маңызы қалмайды. Бізде газет мәдениеті ондай болып көрген жоқ, сондықтан салыстыруға болмайды.
Сәкен Сыбанбай:
Ұлыбританияның «Гардиан» газеті 253 мың таралыммен басылып жүр. Француздың «Монд» газетінің тиражы – 320 мың, «Паис» (Испания) – 432 мың, «Газета выборча» (Польша) – 500 мың, «Коррьере делла сера» (Италия) – 610 мың, «Нью-Йорк таймс» (АҚШ) – 876 мың таралыммен шығады. Үндістанда ағылшын тіліндегі «Хиндустан таймс» 1 млн. 143 мың данамен таралса, хинди тіліндегі «Дайник бхаскар» газеті 2 млн. данамен шығады екен. Жапонияның атақты «Иомури» газетінің таңғы шығарылымы 9 млн. данамен, ал кешкі саны 5 млн. тиражбен таралады!
Егер газеттің, расында да, күні біткен болса, сайттар мен порталдардың заманы туған болса, осы дамыған елдер бірінші болып ғаламторға түбегейлі көшпес пе еді? Газет-журналдарын жауып тастамас па еді? Ал «Өмірімізге ғаламтор әбден дендеп енген заманда, газеттер қалай өзгеруі керек?» деген мәселе – расында да, ойланарлық тақырып.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста