Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше болды

Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше болды

Қазақстан алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше болып сайланды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев журналистермен болған брифингте мәлімдеді. Шешім қарашаның 12 жұлдызында БҰҰ Бас ассамблеясының 67-ші сессиясы барысында қабылданған.
Сайлауда әлем мемлекеттері ішінен 183 ел Қазақстан Республикасының канди­­датурасын таңдап, бірауыздан дауыс бер­ген. Ендігі кезекте Қазақстан адам құ­қын қорғау жолында бірқатар маңызды ша­ралар қабылдап, осы бағытта халық­аралық ұйымдармен бірігіп жұмыс істейтін бола­ды. «Сайлауда бағы жанған мемлекет­тер арасында жинаған дауыс бойынша, біздің еліміз бесінші орынға, Азия-Тынық мұхит мемлекеттері қатарынан екінші орынға табан тіреді. Бұл – Қазақстан мен БҰҰ арасындағы 20 жылдық ынтымақ­тастық тарихындағы ең жоғарғы көрсет­кіштердің бірі һәм бірегейі», – дейді ресми өкіл.
Оның айтуынша, кеңестегі бес орынға аталған топтан Қазақстан, Пәкістан, Корея, Жапония және Біріккен Араб Әмірліктері сұ­раныс берген. Аталмыш сайлаудың нәти­жесінде БҰҰ Адам құқықтары жөнін­дегі Кеңесіне бас-аяғы 18 мемлекет жаңадан мүшелікке іліккен. Сайлаудан сүрінбей өткен мемлекеттердің өкілеттігі 2013 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Белді ұйымның Адам құқықтары жө­ніндегі кеңесі 2006 жылғы 15 наурызда құрылған. Кеңес адам құқықтарын қорғау саласындағы жетекші халықаралық орган қатарынан саналады. Құрамына 47 мем­лекет кіретін Кеңес жұмысы БҰҰ-ға мүше мемлекеттер үшін ашық түрде өткізіледі. Олар БҰҰ БА мүшелерінің тікелей және құ­пия дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен үш жылға сайланады.
Алтай ӘБИБУЛЛАЕВ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
– Қазақстан адам құқықтары жөніндегі Кеңестің жұмысын белсенді қолдайды. Және тұлғаның құқықтары мен бостандық­тарын қорғау мен жүзеге асыру саласын­дағы құқық қорғау тетіктерімен ынтымақ­таса жұмыс істейді. Қазақстанның сыртқы істер министрі Адам құқықтары жөніндегі кеңес сессиясының жоғары деңгейлі сег­менті жұмысына жыл сайын қатысады. 2010 жылы ақпанда Қазақстан Женевада БҰҰ Адам құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің жаңа құқық қорғау тетігі – Әм­бебап мерзімдік шолу аясында өзінің бірінші ұлттық баяндамасын ұсынып, табыс­ты қорғап шыққан болатын. Біздің еліміздің БҰҰ-ның ең ірі құқыққорғау құ­рылымына сайлануы Қазақстанның адами әмбебап құқықтары мен бостандықтарын дәйекті нығайту мен қорғаудағы жетістік­терінің танылуы және осы саладағы бел­сен­ді халықаралық ынтымақтастыққа деген қатаң ұстанымының айқын дәлелі деп есептеуге болады.

Кеңеске қабылдану – үлкен жетістік
Марат БӘШІМОВ, «Еуропа құқығы және адам құқықтары институты» қоғамдық бірлестігінің директоры, профессор, заң ғылымының докторы:
– Еліміздің БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелікке сайлануы, сөз жоқ, ерекше  қуанышты әрі аса маңыз­ды жаңалық. Алайда бұл мәртебе бізге жай­дан-жай беріле салмағанын, мемле­кет­тің адам құқықтары саласында  осы уа­қыт­қа дейін атқарған елеулі жұмыстарының  бағасы ретінде  берілгенін ескеруіміз керек. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз тәуелсіздігімізді маңызды орынға қойды. Сол үшін атом қаруынан бас тарттық. Бұл әскери маңызды мәселе төңірегінде шетел­дің көрнекті саяси тұлғалары жағым­ды пікірлер білдірген болатын. Яғни адам құқығын қорғау – Тәуелсіздікті қорғаудан, оны баянды етуге бағытталған игі әрекет­терден басталады. Елбасының бастамасы­мен елде адам құқығын қорғайтын 60-тан астам конвенция қабылданған екен. Осылардың негізінде ұлтаралық келісім заманы орнады. Соның жарқын дәлелі – елімізде өзге ұлт өкілдерінің құқықтарын қорғау үшін Қазақстан халқы Ассамблея­сын құрдық. Мұндай институт ешбір елде жоқ. Ұлттар арасында туындаған кикілжің, түсініспеушіліктер туындап жатса, Ассамблея аясында қаралып, шешім табады. Діни конвенция, әйелдерге қатыс­ты кемсітудің барлық нысандарын жою конвенциясы секілді қай-қайсысы болсын, шетелдік бақылаушылардың есебінде тұрғандықтан да, Қазақстан белді ұйымға мүшелікке қабылданды деп ойлаймын. Өз кезегінде бұл мүшелік біздің елге  адам құқықтарын қорғау бағытында қазіргіден де зор күш-жігер жұмсауды міндеттеп, халық­аралық деңгейде орасан жауапкер­шілік жүгін артатыны анық.

Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ, «Бас редакторлар клубы» ҚБ Президенті:
– Негізінен, мүшелікке Қазақстан, Эсто­ния, Германия секілді үш елден тапсы­рыс болғаны мәлім. Эстония мен Германия Еуропадағы дамыған мемлекеттер қатары­нан саналады. Құқықтық жағынан келген­де, оларды көбіне-көп өзімізге үлгі ететіні­міз жасырын емес. Соған қарамас­тан, Қазақстанның мүшелікке өтуі үлкен жетістік деп қабылдауға болады. Бұл –  Қазақстан­дағы жалпы адам құқықтары төңірегінде жасалып жатқан шаруалардың негізінен оң сипатта екендігінің және оның халықара­лық деңгейде мойындалып отырғанды­ғының бірден-бір белгісі. Әлбетте, бұл – бір күнде келген жетістік емес, жиырма жыл бойы мемлекетіміздің жүргізген ішкі және сыртқы саясатының жемісі. Қуанышты жаңалықтың жүктейтін жауапкершілігі де зор. Өйткені адам құқығы мәселесі төңі­ре­гін­де белді мүшесі бола отырып, өз тара­пы­мыздан кемшіліктерді мейлінше жою үшін күш салуымыз қажет. Мәселен, ақпа­рат­тық қолжетімділік тұрғысынан бір­аз жұ­мыс істеу керек. Кейбір билік өкілдері түр­лі сылтауларды алға тартып, қоғамға қа­жет­ті ақпараттарды беруден бас тартып жа­тады. Бұл жағы заңдық тұрғысынан рет­телуі тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, ақпа­раттық қолжетімділікке қатысты заңның қабылдануын тездетеді деп сенемін.

Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ, «Халық келісімі» қоғамдық қорының директоры:
– Біріншіден, Қазақстан азаматы әлем­нің қай түпкірінде жүрсе де, оның құқығы тап­талмайды. Себебі дамыған мем­лекет­тер­дің басым бөлігі кеңеске мүше. Екінші мә­селе, Қазақстан өзіне жа­уап­­ты міндет алып отыр, өзге мемле­кет­тер­дің азаматта­рының құқық­тары біздің елде де қорға­лады. Бұдан соң, заң­ды сұрақ туады: не себепті таңдауға Қазақ­стан ілікті? Жиырма жылдың ішінде біз­дің еліміз экономика, білім, спорт саласын­да­ғы жетістіктері мен ел­дің ішкі және сыртқы сая­саты жағынан бол­сын, әлем мемлекет­те­рін мойындата біл­ді. Өзімнің жеке пікі­рімше, хан­дық билік­тің кезінде адамдар­дың құқық­та­ры жақ­сы қорғалды. Шыңғыс ханның ке­зіндегі заңдылықтар, «Қасым­хан­н­ың қасқа жолы, Есімханның ескі жолы», Тәуке хан­ның жеті жар­ғысы ұлы даладағы адам баласының құқық­тары бұ­зыл­мас үшін жасалған. Енді, мі­не, Қа­зақ­станның кеңес­ке мүше болуы – сол ата-бабымыз­дан қалған өмірлік мәні әлі де ес­кірмеген құнды заңдылықтарды өмірге қай­­­т­адан алып келетіндей.

Ақмарал  БАЯЗИТОВА

Адам құқықтары саласындағы жүйелі жұмыстардың жемісі
Қазақстан Республикасының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мү­шелікке қабылдануы мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылдары ішінде жүргізіп келе жатқан, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін да­мы­ту­ға бағытталған жос­парлы әрі белсенді жұмысының нәти­жесі деп санай­мын. Біздің еліміз халық­ара­лық құқық қорғау құжаттарының ба­сым көпшілігіне қосылды. Адам құ­қық­тарын қамтамасыз ету үшін норма­тив­тік және институционалдық база, сон­дай-ақ азаматтық қоғам­ды дамытуға жағдай жасалды.
Еліміздің аталған Кеңеске қабылдануы Қазақстанның гуманитарлық саладағы қыз­метіне берілген халықаралық қауым­дас­тықтың оң бағасын қуаттайды.
Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мү­шелік Қазақстанға БҰҰ-ның жұмысына оның маңызды құқыққорғау органдары­ның бірінің аясында мейлінше белсенді қа­тысуға, халықаралық құқыққорғау қо­ғам­дастығына ықпалдастықты жедел­дету­ге және осы салада оң тәжірибе­лер­мен ал­масуғ­а мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Кеңестегі мүшелік әр­бір азаматтың Конституциямен және заң­дар­мен кепілдік етілген құқықтарының тиім­ді жүзеге асырылуын әрі қарай қам­та­масыз ету бойынша жауапкершілікті еселей тү­седі.
2002 жылы Қазақстанда Омбудсмен инс­титутын құру  осы тұрғыдан алғанда, мем­лекеттің прогресс жолынан ауытқы­май­тын мықты ерік-жігерін айғақтайды.
Бүгінгі таңда Омбудсмен Қазақстан­дағы  құ­қыққорғау ұйымдарының кең ауқымы­мен ғана емес, шетелдіктермен де сындар­лы әрекетестікте. Оның мем­лекеттік орган­дар жүйесіндегі бірегей рөлі елдегі адам құ­қықтары турасында обьективті көзқарас қа­лыптастыруға сеп­тігін тигізеді. 
Қазақстанның ұлттық құқыққорғау ме­ке­месі 2012  жылы БҰҰ-ның  ұлттық құ­қық­­­­қорғау мекемелерінің халықаралық үй­лестіру комитетінде аккредитациядан сәт­ті өтті. Бұл оқиғаны да мемлекеттің құқық­қорғау тетіктері тиімді жұмыс істеуі үшін  жасап жатқан ұмтылыстарын мойын­дау ретінде қарастырған жөн.
Асқар ШӘКІРОВ, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста