Қазақстан-Испания достық байланысы нығая береді

Қазақстан-Испания достық байланысы нығая береді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға рес­ми сапармен келген Испания Корольдігі үкіметінің төрағасы Хосе Луис Сапатеромен кездесті.
Ақордада өткен кездесудің ресми рәсі­мі­нен кейін келіссөздер жүргізілді. Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ис­пания Корольдігі үкіметінің төрағасы Хосе Луис Сапатеро екіжақты ынтымақ­тас­тық мәселесін, сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібін талқылады.
– Премьер-министр мырза, мен Сізді, Сіз бастап келген делегацияны көргеніме шын жүректен қуаныштымын. Біз Сіздің ке­луіңізді көптен күттік. Біз білетін барлық күрделі жағдайға қарамастан келдіңіз. Бұл сапарыңыз біз үшін қымбат. Біз достармыз. Өміріміздің кез келген сәтінде біз дос болып қалуымыз керек. Қазіргі әлемде еш­кімге оңай емес. Жалпы алғанда, Еуропада не болып жатқанын білу мен үшін қызық. Сіз іскер адамдар тобын бастап келдіңіз. Біз­дің Премьер-министрде болып, жеке- меншік компаниялармен кездескеніңізді білемін. Бүгін олар жұмыс істейтін болады. Келісімге келіп, келісімшарт жасасады деп ойлаймын. Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде өте жақсы қарым-қатынастар орнықты. Енді экономикалық ынтымақтастықты кө­т­е­ру керек. Сізден кейін Жоғары мәртебелі Король келеді деп сенемін. Ол өзін жақсы сезінеді деген сенімдемін. Біз оның сапарын күтудеміз. Ал Сіздің келгеніңізге қуанышты­мыз, – деді Мемлекет басшысы.
– Президент мырза, ықыласты қабыл­дауыңыз бен шын ниетті сөзіңіз үшін Сізге рақмет! Бұл сапарымның мақсаты – Орталық Азия елдерінің лидері – Сіздің елмен және Испания арасындағы қарым-қа­тынастарды кеңейту және нығайту. Біздің ара­мызда соңғы 20 жыл ішінде өте жақсы саяси қатынастар орнықты. Енді біз едәуір тиімді болып табылатын энергетикалық секторда, инженерлік, инфрақұрылым, теле­­коммуникация салаларында бірлескен кәсіпорындар ашып, экономика, сауда бай­ланысы, инвестиция салаларын кеңей­туі­міз керек. Екі ел де болып өткен жағдай­лардан өте жақсы сабақ алды. Сондықтан өнімді экономикалық өсім, инновациялық экономика үшін қызмет жасап, өсімнің тек қаржылық өсімге қарай ауытқуына жол бермеу керек. Жоғары мәртебелі өз тара­пы­нан Сізге шын жүректен шыққан сәлемін жеткізуімді өтініш етті. Ол Сіздің еліңіздің жақсы досы. Әрине, менің бұл сапарымда жетекші испаниялық компаниялардың басшылары бірге келді. Бұл сапарым жаңа мүмкіндіктер үшін жаңа терезе ашады. Мен Сізді еліңіз қабылдаған қадамдармен, Қа­зақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен, әсем астаналарыңызбен құттықтаймын! А­с­тана – мені зор әсерге бөлеген қала. Қыс­қа мерзімде осындай қала салу – таң­данарлық оқиға. Бұл сіздердің елдің күш-жігері мен қуатын білдіреді, – деді Хосе Луис Сапатеро.
– Он жыл ішінде қаланың экономикасы 50 есе өсті. Егер осы жылдар ішінде жалпы өсім бізде 8-10 пайыз болса, оның ішінде 2 пайызды қала экономикасы берді. Ол уа­қытта көп ешнәрсе жоқ еді. Ақордаға 2004 жылы көштім. 2002 жылы ашық дала болатын. Біздің өзіміз де Астанамен мақ­та­намыз. Басқа қалалар да қазір дамып ке­леді. Астанаға қарап дамуда, – деп атап өт­ті Нұрсұлтан Назарбаев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста