Қазақстан мен Еуропалық Одақ тарихи құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Еуропалық Одақ тарихи құжатқа қол қойды

Қазақстан Еуропалық одақпен қатынасын күшейтті! Осыдан бірер сағат бұрын Астанада Сыртқы Істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Еуроодақтың лауазымды өкілі 17 жылдан соң жаңартылған жаңа келісімге қол қойды. 3 жыл бойы мұқият дайындалған құжат бойынша, алыс-беріс қазіргіден де ерекше қарқын алмақ.

«Тарихи» деп бағаланған құжатқа қол үшін Астанаға Еуропалық Одақтың Сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Федерика Могерини келді. Еуроодақ пен еліміздің арасындағы жаңа келісім бойынша, экономикалық байланыс енді арта түседі. Оның үстіне Қазақстан мен кәрі құрлық арасындағы алыс беріс 50 миллиард доллардан асып отыр. Бұл Ресей мен Қытай арадағы сауда-саттықтан да көп. Бірақ, ресми Астананың Еуроодақпен қатынасты күшейтуі Еуразиялық Одақтың шымбайына батпауы керек. Өйткені, көпвекторлық саясат ұстанған Қазақстан екі тараппен де стратегиялық әріптес боп қала бермек. Алайда, Еуропаның да өз ойлағаны бар. Олар қазақтың қазбалы байлықтарының қызығын көргісі келеді. Ал еуропалық дипломатия басшысы Федерика Могерини бүгін Орта Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерімен де кездесіп, аймақтағы геосаяси ахуалды олармен жеке-жеке талқылады.

Федерика Могерини, Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі:

-Бірнеше келіссөздерден соң тамағым қарлығып даусым шықпай қала жаздады. Еуропалық Одақ Орта Азия елдеріне ерекше көңіл бөліп, ортақ экономикалық жобаларымызды жүзеге асыруға дайынбыз. Ол жай қағаз емес, нақты іске негізделген құжат.
 ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста