Қазақстанның этникалық картасы жаңа саясатты талап етеді

Қазақстанның этникалық картасы жаңа саясатты талап етеді

Алдағы 15-20 жылда Қазақстанның этникалық картасы мүлде өзгеріп, барынша азиялық нәсілді республикаға айналамыз. Мұны 2009 жылы жүргізілген санақ та, 2009 жылдан бергі демографиялық үрдістер де дәлелдеп отыр. 2009 жылғы санақ қорытындысы бойын­ша, соңғы он жылда қазақтар­дың саны – 26 пайызға, өзбектердің саны – 23 пайыз­ға, ұйғырлар 6 пайызға көбейгені айтылса, орыстар – саны – 15 пайызға, немістер – 49 пайызға, украиндер 39 пайызға азайып жатқаны айтылған болатын.  Ал 2010 жылдың басында еліміздегі қазақтар­дың үлесі 63,6 пайызды құраса, орыстар – 23,3, өзбек­тер – 2,9,  украин­дер – 2, ұйғырлар 1,4 пайызды құрағанын көрсетті. 2011 жылдың басында қазақтар­дың үлес салмағы 64 пайыз­ды, орыстар 22,8 пайызды көрсетті.

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Еуропалық нәсілді тұрғындардың аза­юы­ның екі себебі бар. Біріншіден, елдеріне көшу үрдісі әлі де жалғасып жатыр. Әрине, кең масштабта емес. Екінші себеп – бұған дейін орыс және славянтектес халықтар басым орналасқан аудан­дарда бала саны төмендеп кетті. Мәселен, дүниеге келген сәбилер саны бойынша өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы ең төменгі көрсеткіште болды. Керісінше қазақтар көп орналасқан аудандарда бала саны жоғары көрсеткіште болды (Оңтүстік Қазақстан облысы).
Оңтүстіктен солтүстікке көш жүреді
Енді Қазақстан аудандарының этника­лық картасына назар салып көрейік. Ста­тис­тика агенттігінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, Ақмола облысының халық саны 2003 жылмен 2011 жыл аралығында – 748 мыңнан 733 мыңға, Қостанай облы­сын­­да – 919 500-ден  881 мыңға, Солтүстік Қазақ­стан облысында 682 мыңнан 589 мыңға азайған. Ал дәл сол аралықта, 2003 пен 2011 жылдар арасында Алматы облы­сы­ның халқы – 1 млн 560 мыңнан 1 млн 870 мыңға, Жамбыл облысы – 980 мыңнан 1 млн 46 мыңға, Қызылорда облы­сы – 603 мыңнан 700 мыңға, Маң­ғыстау облы­сы – 338 мыңнан 524 мыңға, Оңтүстік Қа­зақ­­стан облысы 2 млн 111 мыңнан 2 млн 567 мыңға көбейген. Яғни қазақы аудан­дар­дың өсімі қалай да жо­ға­ры тұр. Есеп көрсеткіші осындай индекспен жал­ғаса беретін болса, орыс және славян­тек­тес халықтар көп шоғырланған аудан­дар­да жұмыс күшіне сұраныс арта береді. Сәй­кесінше оңтүстік аудандар халқының сол­түс­тікке қарай көші басталады.
Қазақстанда түркітектестер көбейіп келеді
Ең қарапайым көрсеткішпен алғанның өзінде қазақтардың елдегі үлес салмағы алдағы 10-15 жылда 70-75 пайызға же­теді. Қазақтармен бірге еуропалық нәсілге жатпайтын өзге халық өкілдерінің де саны арта береді. Дегенмен олардың үлесі 25 пайыздан аспайды. 2009 жылғы санақ ба­рысында өсім қарқыны жағынан қазақтар 5-орында екені айқындалған болатын. Негізінен, өзбектердің, ұйғырлар мен дүн­ген, күрдтердің саны өсіп отырады.
Ал егер соңғы бір саяси отырыстарда ай­тыл­ғандай, Өзбекстан мен Қырғызстан­ Кедендік одаққа енер болса, Өз­бекстан­нан Қазақстанға қоныс аударулар жиілейтіні анық. Оның үстіне, қазір БҰҰ Қазақстанды босқындар мәселесінде либералды саясат жүргізуге шақыруда.
Қалай десек те, алдағы он жылдан кейін біз жартылай еуропалық нәсілді, жартылай азиялық бейнемізден арыла­ты­нымыз анық. Оған да дайындық керек. Алда­ғы 15-20 жылдан кейінгі география­лық картамыз мемлекеттік саясатқа әсер етпей қоймайды. Сарапшылар арасында 20 жылдық болашақты айтпағанда, 10 жылдан кейінгі этникалық саясатымыз мүлде бөлек болады дейтіндер көп. Саясаттанушы Айдос Сарым қазақтардың қазіргі үлес салмағының өзі бірқатар сала­дағы саяси ұстанымдарды қайта қарау­ға сұраныс тудырып отыр. Яғни енді бір 5-10 жылдан кейін сол сұраныс талапқа ай­налатыны сөзсіз. Саясаттанушы Асқар Нұрша Қазақстанның 10-15 жылдан кейін­гі этникалық картасының мемлекеттік саясатқа әсері орасан болатынын  және оған қазірден бастап бейімделу қажеттігін айтады.
Мемлекеттік саясатта қандай өзгерістер  болады?
Бұл жағдайға, біріншіден, балабақша, мектеп, арнайы және жоғары білім беру ме­ке­мелеріндегі қазақ тілінің сапасын арт­тыру керек. Себебі ол жақын болашақта заң шығару ісі, іс қағаздар, ресми құжаттар, үкіметтік отырыстар қазақ тіліне көшкенде билік істеріне араласып жүрген кадрлар сол сұранысты сауатты қамтамасыз ете алу керек. Екіншіден, ақпарат алаңында ау­қым­ды өзгерістер пайда болады. Осы уа­қытқа дейін жиі айтылған «50-де-50» принципі алдағы 10 жылдан кейін-ақ ескіріп қалады. Ақпарат саласы, БАҚ пен интернет сол кездегі тұтынушылардың сұра­нысын сауатты түрде қамтамасыз ете алуы керек. Жақын болашақта Ресей ақ­па­рат кеңістігінің ықпалы барынша тарылады. Оның орнына елімізге өзбек, түрік, қырғыз секілді түркі халықтарымен мәдени ком­му­никация басталуы әбден мүмкін. Үшіншіден, этникалық картасы өзгерген Қазақстанда 130 ұлт өкілінің мәдение­тін дамыту мәселесінің мәнісі қалмайды. Себебі ол кезде Қазақстандағы қазақтардан кейін басымдықты құрайтын халық – өзбектер төл мәдениетін дамытуды қазіргі славяндар секілді талап етпейді. Яғни қазақ мәдениетін ғана негізгі ұстын етіп алу­ға мүмкіндік әрі сұраныс пайда болады. Төр­тіншіден, мемлекеттік геосаясатымыз­дың бағыты да батысқа қарай бағытталмауы мүмкін. Қазіргі әлемде Азияның әлеуеті қарқынды көтерілуде. Жақын болашақта демесек те, белгілі бір кезеңнен кейін Еу­ро­па әлемі сәннен қалуы мүмкін. Сәй­ке­сінше, Қазақстанда өз табиғатына сай ке­ле­тін мемлекеттік құрылымға ізденіс баста­лады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста