Қазақтың метрополитені іске қосылды

Қазақтың метрополитені іске қосылды

Алматылықтар ғана емес, күллі ел асыға күткен айтулы сәт туды! Құрылысы жиырма шақты жылға созылып, халқымыз үшін арман болған Алматы метрополитені пайдалануға берілді. Егемендіктің екі онжылдығы қарсаңында жерасты қоғамдық көлігін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келіп, салтанатты жағдайда іске қосты.

Орталық Азиядағы екінші, ал еліміздегі тұңғыш метроның ашылу салтанаты Алматының Райымбек батыр даңғылы мен Фурманов көшелерінің қиылысынан басталды. Бұл жерде метроның алғашқы стансысы орналасқан. Төрт вагоны бар жеті электрпойыз арқылы батырдың атындағы бекеттен әрі «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М.Әуезов атындағы драма театры» және «Алатау» атты стан­сыларға қатынайды. Метрополитеннің алғашқы кезегі – осы Абай мен Гагарин даңғылдарының қиылысына дейін ға­на. Жалпы ұзындығы – 8,56 шақырым. Жо­ба­ның құны 166 млрд теңгеге жуық. Метроның алғашқы құрметті жолаушысы болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біз үшін күрделі де ұзақ құрылысқа атса­лысқан және оны асыға күткен барлық азаматқа алғысын жеткізді. «Бүгін – тарихи маңызды күн. Дүниежүзінде 200-ден астам мемлекет болса, оның 40-ында ғана метро бар. Біз сол 40 елдің қатарына ендік. Менің есімде бары – бұл құрылысты салу мәселесі 1980 жылы шешілгенімен, 1988 жылы басталып, кейін тоқтап қалған болатын. Міне, құрылыс 23 жылдан бері қарай жүріп келді, қарқынды жұмыстың бәрі соңғы төрт-бес жылда жасалды.

Біз қиын­дыққа қарамай, жұмысты жалғастыра бердік, өйткені бұл – бір тәулікте 300 мың адам алып жүретін, жылына 110 млн адамды таситын көлік, Алматының экологиясы үшін, жалпы мәдениет үшін үлкен табыс. Сондықтан ол Тәуелсіздіктің 20 жылдығына үлкен сыйлық болды. Барлық метро құры­лысшыларын, алматылықтарды қуаныш­тарымен шын жүрегіммен құттық­таймын», – деді Мемлекет басшысы. Дәуір жобасына атсалысқан маман­дардың ішінде жерасты жолы алғаш қазылған кезден бастап, метро іске қосылған кезге дейін осы ұлы істің басы-қасында жүрген адамды кездестірдік. Төлеуғали Алтыкенов 25 жыл бұрын Алматыда метроның болатынын елестете алмаған, бірақ күндердің күнінде халық­тың соған қолы жететініне әрдайым сен­ді. «1986 жылы қалалық кеңестің метро құрылысы туралы бөлімі болатын, соған келіп, еңбегімді бастадым. 23 жылдан артық осы жерде тапжылмай қызмет еттім. Бізде жерасты жұмыстары бұрын-соңды болмағандықтан, өте көп қиындыққа кезіктік. Бірақ метроның қажет­тілігін түсін­дік. Міне, қазір қала тұрғын­дарының кеу­десі үлкен қуанышқа толы деп ойлаймын, автобекеттерде жүй­кесі жұқар­ған­дардың көңілі жадырап жатқан болар. Бұл Прези­дентіміздің арқасы деп білемін», – дейді ол. Метро іске қосылмай жатып, мұнда келген жолаушылардың санында шек болмады. Сағат 19.00-де метро қа­рапайым тұрғындарды тиеп алып, жүйтки жөнелді. Метро жолақысы 80 теңге тұрады. Еске сала кетейік, қазір метрополитеннің екінші кезегінің құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Ол метроның бірінші желісін екі ұшынан әрі қарай соза түседі.

Айша Әлиева, Алматы қаласының тұрғыны:
– Мен Жетісу ауданында тұрамын. Біздің жаққа әзірше бұл метро бара қоймайды. Дегенмен мен еліміздегі тұңғыш метроның пайдалануға берілгеніне шексіз қуаныштымын. Соның куәсі болайын деп келдім. Бұл – үлкен оқиға!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста