Қытай мен Қазақстанды шағыстырмақ болып жүрген Kellop кім?

Қытай мен Қазақстанды шағыстырмақ болып жүрген Kellop кім?

«Мен 50 жасқа келгенде Астанада, Ашхабадта, Ташкентте, Бішкекте, Кабул мен Душанбеде Қытайдың туы желбірейді, деп үміттенемін. Осы елдердің биігіне Қытай туы тігілетіне сенемін»

(James Kellop)

Биыл жазда «Живой журнал» блог-платформасында James Kellop есімді лақап атпен танылған блогер өз жазбасында осылай деп жазды. Оның бұл жазбасына біраз қауым дүр сілкінді. Тіпті бұдан бұрын «Новая Национальная идея Украины на пути в Африку», «Земля лишных-китайских мир» жазбаларымен танылған, осындай жазбалары арқылы өзінің саяси көзқарасын жиі білдіріп отыратын бұл адамды сол сәтте «Қытайдың жансызы» дегендер де болды. Ол өзі жайында оқырмандарына көп айтпайды. Тек өзінің америкалық екенін, негізгі ата-тегі чехтан шыққанын, орыс тілін жақсы білмейтінін, қазір Катарда екенін, қару-жараққа асқан қызығушылығы барын жаймен жіпке тізеді.
Дегенмен оның жазбаларын оқып, тілдескен оқырмандары, James Kellopтың қытайлық екенін бірден таныды. Оның сөйлем құрауы, сөйлесу мәнері қытай азаматы екенін айқындай түскен. Бірақ ол бұл пікірлерге «Өзге елдердің тілін білу, дәстүріне қанығу, адамдарымен тілдесу бұл менің жұмысым. Мұнда тұрған дәнеңе жоқ» деп ақталады.
Ол өз жазбасында «Африкада каннибалдар (адам жегіштер), Иракта исламистер, Қазақстанда қазақтар бір ортақ мүмкіндікке ие, олар бірігіп алып күш бола алады» дейді. James Kellop Катар, Ирак, Конго, Ангол аймақтарындағы тұрғындардың психологиясын зерттеу арқылы осындай ойларды түйіпті-мыс.
Бұған қоса ол тибет әдістерін қолдану арқылы қазақтарды ассимилиациялауға болатынын да сөз еткен. Ол бұл жөнінде: «Егер қазақтар үлкен-үлкен қалаларда Қазақстан жайлы, даму жайлы айта бастаса, онда оларды жапан түзге қоныстандыра бастау керек» дейді.
Сондай-ақ James Kellop «Қазақстанда қазақтарсыз өмір сүру, проблемаларды қазақтарсыз шешу оңайырақ болады. 17 млн қазақстандықтың өте мол ресурстарды тұтынуы, жерінің тең жарымының бос жатуы әділдікке жатпайды. Қазақстандықтарға алып Қазақстанды тұрғызуға, дамытуға көмектесу керек. Оларға бір-бірін талап жеуге көмек беру керек. Олар алып Қазақстанда бір ғана Астананы тұрғызды. Ал елдің қалған аймағы кедейшілікте өмір сүруде. Елдің элитасының менталитеті африкалықтарға ұқсайды. Елдегі элита өздеріне ешқандай қажетсіз нәрселерді сатып алу үшін жер ресурстарын сатуда» деген.
Міне, осы жазбасы арқылы Қазақстанның ел болуына, алып Қазақстанды дамытуға көмек керектігін айтқан James Kellop болашақта Қазақстанға Қытай Халық Республикасының көмекке келетінін, осылайша Қазақстанда Қытайдың туы желбірейтінін айтады.
Kellop осы жазбасы арқылы «Қазақстанды Қытай басып алады», «Қазақтарда жер болмаған», «Қазақстанды Ресейге қосып алу керек», «Қазақстанға қара қытай қаптайды» деген тәуелсіздігімізге, елдігімізге күмән-күдік түсіретін сөздер айтылса масаттанатындардың еңсесін тағы бір көтеріп тастады. Бұл жазбалардан соң қазаққа келгенде іші тар, көре алмайтындардың қатары «шоқ-шоқ» дей түссе, жанашыр қауым «қазаққа қайтсе де сақтық шараларын көбейту керек» десті.
Айта кету керек, «Живой журнал» блог-платформасы америкалық заңға бағынады, оның серверлік қызмет көрсету жүйесі АҚШ-тың «Live Journal» компаниясына тиесілі. Бірақ журналдың негізгі иеленушісі Ресейдің «Рамблер-Афиша-СУП» компаниясы. 2011 жылы аталмыш блог-платформа экстремистік, террористік ойларды насихаттағаны үшін Қазақстанда бұл жобаның жұмыс істеуіне, парақшаларының ашылуына шектеу енгізілген болатын.
Жалпы, бұған дейін әлеуметтік желілерде, фейсбук парақшаларында, твиттер арқылы еліміздің елдігіне, тұтастығына сызат түсіретін түрлі пікірлер айтылды. Көршіміз деген Ресей ұлтшылдары тарапынан да, Қазақстанның жеріне, халқына, ұлтшылдығына, тәуелсіздігіне қатысты түрлі-түрлі жан түшіктірер, намысты қайрар сөздерді есіттік. Қазір ақпараттық технологияның заманы. Ғаламтор арқылы адамның санасын да, сезімін де жаулап жатқан заман. Ғаламтор бір-бірінің елдігіне де, адамның жеке басына да, тұтас бір алып мемлекетке де қатысты ой пікірін адамдардың ашық ортаға салатын алаңы. «Алаш айнасына» пікір білдірген мамандарымыз мұндай сөздердің қазақтың санасын кері бұру үшін әдейі айтылатынын, тіпті саяз адам түгілі көкірегі ояу көзі ашық азаматтардың өзі кей-кейде осындай сөздердің науқанына ілігіп кететінін айтып отыр. Сондықтан біз үшін кез келген сәтте сақтық, бақылау шараларына бекем болғанымыз абзал.

Қытайда мұндай сөздер үшін ату жазасына кесіледі
Дәурен Арын, заңгер:
– Бұл тіптен қазақтың тамырын басып көру үшін Қытайдың өзінің айтқызып отырған сөздері де болуы мүмін. Саясатта ондай ойындар да болады. Жалпы, біздегі құқық қорғау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұндайдың барлығын бақылап отыруы тиіс. Тиісінше бізде де өзіндік заң бар, өзіндік талаптар бар. Сол Қытайда елдің елдігіне қатысты күмән келтіретін сөздер айтылса, ату жазасына кесіледі. Егер Kellop лақап атын жамылған адам Қытай азаматы болса мұны жақсы білуі тиіс. Бізде мұндай қатаң заң болса әрине өзгелер бізге қарап түрлі қитұрқы сөздерін айтуды доғарар еді. Сондықтан бұл жерде заңның қатаңдығы да басым рөл атқарады.

Қытай инвестиция қауіпті ме?
Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
– Қытайдың жеріндегі ресурстары еліндегі 2 млрд адамды қамтамасыз етуге жетпейді. Энергия көзімен, сумен, азық-түлікпен Қытай халқын қамтамасыз ету енді бір он жылда өте ауыр бола бастайды. Сондықтан қазір Қытай үшін жер көлемі үлкен, адамдары аз, ресурстары мол Қазақстан қызығарлық та, қызғанарлық та дәрежедегі ел болып отыр. Қытай инвесторлары біздің елге көптеп инвестиция салуға барын салып отыр. Елде инвесторларға өте қолайлы жағдай жасалған. Қазақстан энергетикалық ресурстарға бай болғандықтан Қытайдың қалталылары біздің елге келіп оны өндіруді жөн көрді. Мысалы, бізде бір ғана мұнай-газ саласында Қытай азаматтары акциясын иелік ететін 11 компаниясы бар. Оларды санап көрсетсем:
1. Ақтөбемұнайгаз – 85,32 % (CNPC);
2. Маңғыстаумұнайгаз – 47 % (China National Petroleum);
4. Қаражанбасмұнай – 50 % (СITIC group);
5. Петро Қазақстан (PetroKazakhstan) – 67 % (CNPC)
6. Қазгермұнай (PetroKazakhstan) – 50 %;
7. Торғай Петролиум (PetroKazakhstan) – 50% ;
8. Бозашы оперейтинг лтд.
9. Павлодар мұнай өңдеу зауыты – 58 %
10. Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 50 %. 9
11. Айдан мұнай – 100 %;
Міне, бұл бір ғана мұнай-газ саласында. Ал енді басқа салаларда да Қытай компаниялары баршылық. Екі ел арасындағы тауар айналымына да ешқандай шектеу жоқ. Қытай қанша жерден алпауыт ел, алпауыт елмен серіктестік, әріптестік орнату тиімді дегенімізбен бұған бір шектеу енгізу керек. Мемлекеттік тұрғыда акциялардың бақылау пакетінің 15-20 пайызын ғана Қытай қолына беру керек. Ал бізде бұл 50-60 пайызға дейін кетіп қалған. Сондықтан «қара қытай қаптаса» деген сөздің мәнін одан әрі тереңдете бермей белгілі мөлшерде шектеу, бақылау енгізген жөн.

Қытай бақа-шаяндарымен елдің санасын жаулап алғысы келеді
Мерует Молдабаева, әлеуметтанушы:
– Қазақстандықтардың 70 пайызы ауқатты болуда Қытайдың «фэнь-шуй» әдісіне жүгінетінін көрсетеді. Осы әдіс арқылы «байлық пен бақытқа қол жеткіземіз» деген ойға нық берілген қазіргі қазақтар да бұл күні шаңырақтарына Қытайдың ойыншық құрбақалар мен көбелектерін тасып, үйінің маңдайшасына қызыл мата іліп, месқарын мүсіндер жинап әлек. Қазақ байлық шақырады деп жинап жүрген сол месқарын мүсіндер Ежелгі Қытай императорының сайқымазақ үшін, күлу үшін пайдаланатын ойыншықтары ғана болғанын көбісі біле бермейді. Қытай осылай да ақырындап елдің санасын жаулап жатыр. Сондықтан бұл жерде ұлттық идеологияның орны, ұлттың ұлт болып ұйысуы маңызды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста