Қызылағаштың көпірі салынып бітті

Қызылағаштың көпірі салынып бітті

«Алматы – Өскемен» күре жолының Қызылағаш өзені арқылы өтетін негізгі көпірінің құрылысы аяқталды. Бұрынғы 1959 жылы салынған көпір 50 жыл қызмет етсе, жаңа көпір одан да ұзақ жыл пайдалануға жарамды дейді мамандар.
Көпірдің ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов және ҚР көлік және коммуникация министрі Әбіл­ғазы Құсайынов қатысты. Тасқын құ­латып кеткен нысанның құрылысымен «Мостостроительный отряд № 25» ЖШС айналысқан. Сметалық құны 771 миллион теңгеге жуықтайтын көпірдің жобасын «Қазақ жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жасады. Жаңа көпір гидро­логиялық зерттеулердің қорытындысына сәйкес 4 x 24 м құрайды.
Небәрі жеті айдың ішінде салынған жаңа көпірдің басты ерекшелігі – бұ­рын­ғыға қарағанда сейсмикалық шы­дам­дылығы күшейтілген, аумағы үлкен, ауыр салмақты көтере алатындай етіп есептелген, халықаралық талаптарға сәйкес, іргетасы тереңнен құйылған. Көпірдің ұзын­дығы 101 қума метрді құрайды және 24 метрден төрт аралық жасалды. Жаңа кө­пірді су шайып кетуден сақтандыру шаралары ретінде әрқайсысының ұзындығы 60 метр болатын дамбалар қойылды. Қалпына келтірілген автожол аумағындағы кабельдік байланыс желілерін қорғау шаралары да қарастырылған.
Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР көлік және коммуникация министрі:
– Апат болған алғашқы кезеңде Ел­басының тапсырмасымен 11 күннің ішінде айналма жол салып, көлік қатынасын тоқтатпаған едік. Енді жеті айда жаңа көпірді тұрғызып болдық. Мұнда күніне тәулік бойы 50 техника, 80 құрылысшы жұмыс істеді. Комиссия атқарылған жұмысты жоғары сапалы деп танып, қабылдады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста