Ресей халқы жаппай көшіп жатыр - Артемий Троицкий

Ресей халқы жаппай көшіп жатыр - Артемий Троицкий

Украинамен арадағы шиеленіс, Батыс санкциясы бүгіндері Ресей халқының көптеп көшуіне ықпал етіп жатыр. Оларды алаңдататын басты мәселе - шекараның жабылып қалу ықтималдылығы, шетел валютасындағы қаржылық операцияның тоқтау мүмкіндігі, интернеттің алынып тасталуы. Бұл туралы орыстың белгілі журналисі, музыка сыншысы Артемий Троицкий эстониялық басылымға берген сұхбатында айтқан екен.
"Мы массово сваливаем из России" деп аталатын бұл сұхбат мазмұны саясаттан гөрі Ресей халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде не боп жатқанын дәлме-дәл суреттейтін секілді. Бүгінгі Қызыл Кремль ұстанып отырған саясаттың Ресейдің өзіне, халқына қалай әсер етіп жатыр? Бұл сауал жауабы "Алаш айнасы" оқырмандарын қызықтырары сөзсіз. Сондықтан аталған сұхбатты аударып беруді жөн көріп отырмыз.
"Бүгіндері Мәскеу ерекше тыныш әрі қатал бола қалған. Мен мұны Таллин-Мәскеу ұшағында келе жатып-ақ байқаған едім. "Тайып кету" деп аталатын, яғни шетелге ұзаққа немесе мәңгіге кету астаналық білімді қауым ортасында ең танымал тақырып болғанына екі жылдың жүзі болды. Бірақ бас-басына, мынандай эмиграциялық эпидемияны бірінші рет көріп отырмын. Бастысы бұл көші-қонда ұшаққа мінгендер тіл қатпай, дымын шығармай, тып-тыныш отырады. Көшеде де солай: адамдар интернет арқылы сырттан пәтер немесе айналысатын кәсіп түрлерін іздестіріп, бағаларды салыстырып, тұрақты мекенжайда тіркелу жайын сұрастырып, өз-өздерімен әбігер.
Көшуге бет алғандардың да қарасы өзгерген. Егер бұрын олар билік тарапынан қысым көргендер немесе өз мамандығы мен біліміне сай жоғары жалақыға, жалпы Ресейге қарағанда жақсы өмір сүруге үміттілер болса, енді тек өз басының амандығын ойлағандар кетіп жатыр. Олар жақсы жалақысы, тамаша карьерасы, бай-қуатты өмірі барына қарамастан қазір Ресейде боп жатқан оқиғалардан өзін әрі отбасын сақтандыру үшін шетелге бет алуда. Аттарын атағым келмейді, бірақ олардың арасында билікпен кикілжіңге барып көрмеген бүкіл елге танымал, беделді, ақшалы азаматтар да бар.
Бұл арадағы ең басты үрей туғызатын себеп - шекараның жабылып қалу мүмкіндігі, шетел валютасындағы қаржылық операцияны тоқтату ықтималдылығы, интернетті алып тастау, жалпы КХДР-дағыдай жағдайдың салтанат құру мүмкіндігі. Жарты жыл бұрын ғана мұндай жайт абсурд боп көрінген еді, алайда бұл - Ресей халқының бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе.
Тағы бір қызу талқыланып жатқан тақырып – Путиннің өз халқына қарсы бағыттаған азық-түлік санкциясы, баға өсімі және тапшылық. Мысалы, менің мейрамхана бизнесімен айналысатын таныстарым жағасын ұстап отыр. Азық-түліктің бір бөлігі дүкен сөрелерінен жоғалып кеткен, ал екінші бір бөлігі екі есеге қымбаттаған. Онсыз да қаржылық дағдарысқа ұрынған тұтынушы үшін мейрамхана мәзіріндегі қымбат баға оған кесілген қатал үкім сынды...
Кеше қала маңындағы «Азбука вкуса» атты қымбаттырақ дүкенге бас сұқтым: кешкі жеті жарым, нағыз сауданың қызатын шағы, бірақ саусақпен тоғыз-ақ адамды санап шықтым, ал күндізгі он жарымда одан бір де бір адамды кездестірмедім.
Ал моральдық жағына келетін болсақ... бүртүрлі кезең. Біреулер қайғырып жүр, тағы біреулер ұйқысын аша алмаған секілді күйде, ал қалғанының барлығын үрей басып алған: ешқайсысы нақтысында не боп жатқанын түсіне бермейді, алдағы болашақтан не күтерін де білмейді. Шат-шадыман боп, қуаныштан есін жия алмай жүрген ешкім жоқ; жүректі тулатар патриоттық сезім теледидар алдындағы диванда бұрқ етіп, сол арада әп-сәтте басылады, өйткені ешкімнің өлгісі, құрбан болғысы келмейді. Путин үшін де, бостандық үшін де".
Аударма – Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста