Ресейге салынған санкция Қазақстанға жаңа экономикалық мүмкіндіктер аша ма?

Ресейге салынған санкция Қазақстанға жаңа экономикалық мүмкіндіктер аша ма?

Осы жұмада Ресей қатты қауіптенген Еуропалық одақтың кезекті санкциясы іске қосылады. Әрине, бұл Ресей экономикасының тынысын одан сайын тарылта түсері сөзсіз. Алайда аталған санкция Қазақстанға қандай да бір экономикалық мүмкіндіктердің жолын аша ала ма? «Алаш айнасы» басылымын бүгін көбірек алаңдатып отырған мәселе осы боп тұр...
Негізінен, осыған дейін көптеген сарапшылар «энергетикалық, яғни мұнай мен газ бойынша тәуелді болғандықтан, Батыс Ресейге тырнағын қатты батырмайды, тек доқ көрсетумен шектеледі» деп келген. Алайда Украина әуесінен малайзиялық ұшақтың атып түсірілуі дүниені күрт өзгертіп жіберді. Ертеңінде-ақ Еуропалық одақ Ресейге қарсы қолданатын кезекті қатаң санкция шараларын әзірлеп жатқандығын мәлімдеген, ал кеше онысы осы жұмада нақты іске қосылатындығы белгілі болды. Алдында жеке тұлғаларға санкция салумен шектеліп келген Батыс енді жекелей секторларға қол соза бастады. Әрине, одан Батыстың да зардап шегетіндігі белгілі. Сондықтан да олар ұзақ ойланды...
Қалай дегенмен де бұл санкция бойынша ресейлік мемлекеттік банктер енді еуропалық инвесторлардан қаржы тарта алмайды, сондай-ақ Батыс өндірісі ресейлік мұнайшыларды құрал-жабдықпен қамтамасыз етпейтін болады, қару-жарақ сауда-саттығы бойынша да екі тарапқа эмбарго қойылады. Солтүстік көршіміздегі сауда-саттық байланыстардың қиындау мәселесін біз ұтымды пайдалана аламыз ба?.. Әрине.
Өйткені, біріншіден, Кеден одағы үштігінде тек Қазақстанның сыртқы байланыстары қалтқысыз әрі ұстанған позициясы да кез келген шетелдікке тартымды. Беларуссияға қарағанда біздің елдің салық жүйесі ашық, ал Ресеймен салыстырғанда біздің салық көлемі әлдеқайда төмен. Екіншіден, тауар қозғалысы. Бүтін әлемнен оқшауланған Ресей ішкі нарығын өзі қамтамасыз етуге қауқарсыз. Сондықтан ол Кеден одағы елдеріне және Қытайға үміт артады. Ал біз арадағы тасымал мемлекет ретінде бұдан көп пайдаға кеңеле аламыз. Үшіншіден, Батыс санкциямен шектеген мұнай саласына қажетті құрал-жабдықты шетелден Қазақстан сатып алып бере алады. Жалпы, бұл жолды ресейлік инвесторлар Ресей Қырымға қол салғанда-ақ қыста Қазақстанмен ақылдаса бастаған екен. Бұл туралы Қазақстан кедендік брокерлері қауымдастығының төрағасы Геннадий Шестаков айтады. «Ресейден бұл мәселені қозғап бізге келушілер болды. Ол біз тапсырысты сіздерге жолдаймыз, ал Қазақстан өзінің сыртқы байланыстары арқылы оны алдырса дегендей қолқалау болды. Бұл біз үшін қиын нәрсе емес. Ресей біздің шотқа ақша аударады, ал біз сол ақшаға сырттан тауар сатып әкелеміз. Бұл реэкспорт та болмайды. Өйткені біз бірыңғай Кеден одағындағы елміз» дейді ол. Әрине, мұндайда ресейліктерге тауар алу қымбатқа түседі. Бірақ өндіріс көлемін азайтып алмас үшін мұндай шығынға баруға әбден болады. Ал Қазақстан логистика саласы бойынша табыс тауып, салық алып, қосымша қаражатқа кеңеледі.
Төртіншіден, импорттың күрт шектелуіне байланысты ішкі нарығын қамтамасыз ете алмай жатқандықтан ресейлік тауарлар біздің нарыққа көп жол тарта бермейді, автокөліктен басқасы. Бұл - отандық тауарөндірушілерге үлкен мүмкіндік. Бесіншіден, санкция Ресейдің ғана емес, сонымен қатар көптеген мемлекеттің сауда-саттық бағытын қайтадан құруға итермелейді. Бұл ретте Еуропа мен Азияның жүрегінде, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстанның транзиттік потенциалы артады. Алтыншыдан, инвесторлар үшін үлкен жеңілдік ұсынып отырған (Елбасы мамырда Алматыда өткен халықаралық экономикалық форумда елге келем деген шетелдік инвесторларды корпоративтік салықтан 10 жыл бойына босататындығын мәлімдеген) Қазақстан жан-жақтан капиталын алып қашып, оны қайда орналастырарын білмей отырған инвесторларға өте тартымды көрінуі мүмкін. Жаңбырша жаумаса да шетелдік инвестициялар үнемі орын ала бермейтін қысылтаяң сәттің ұтымды тұсын пайдалану үшін Қазақстанға аздап болсын, ат бұрары сөзсіз. Онда да жаңа өндіріс ошақтарын ашу үшін. Бұл экономикасы әлсіреген Ресейге тағы қосымша соққы беру үшін Батыс пен АҚШ-қа тиімді жолдар боп көрінуі мүмкін. Сондықтан бұған жол бермес үшін ресейлік өндіріс ошақтары, ең бірінші боп Қазақстанға жол тарта бастайды. Әрине, қиын-қыстау кезеңде жағдай осылайша сипат алып жатса, Қазақстан үшін өте жақсы болар еді.
Еске сала кетелік, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Экономикалық санкциялар тікелей бізге әсер етпейді, өйткені Қазақстанда мұндай мәселе жоқ. Бұл Ресей мен Батыстың арасындағы жағдай, егер ол орын алып жатса» деп мәлімдеген болатын Гаагадағы ядролық қауіпсіздік бойынша өткен форум аясындағы баспасөз мәслихатында.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста