Шабыт шақыратын «Шабыт» сарайы

Шабыт шақыратын «Шабыт» сарайы

Елбасы Н.Назарбаев кеше Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің жаңа ғимараты – «Шабыт» сарайына барып, концерттік залы мен аудиторияларын аралап көрді.

«Қазақ елі» монументі мен Тәуелсіздік сарайының қасынан орын тепкен осынау орданың ішкі сәулеті, расында, өнер иесінің ғана емес, қарапайым адамның да шабытын шақырып, көкірекке еріксіз қуаныш ұялататындай көркем жасалыпты. Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Әлем әртісі Айман Мұсақожаеваның айтуынша, мұнда жаңа концерттік залмен қатар, университеттің оқу бағдарламасына қосылған жаңа мамандықтарға қызмет ететін шағын киностудия, дыбыс-режиссерлік студия, телевизиялық студия, суретшілерге арналған зал, хореографиялық залдар мен сыныптар, аудиториялар бар. Сарайдағы концерттік зал мен сахнаның университеттің Орган залынан айырмашылығы – оның көп функциялылығында. Онда классикалық музыкадан бастап, эстрадалық концерттер, театр, телевизиялық қойылымдар да қоя беруге болады.

«Шабыт» сарайының осы игіліктерімен танысқан Елбасы концерттік залда университеттің өнер ұжымының шағын музыкалық шашуын да тамашалады.

Айман Мұсақожаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:
– Бүгін — біз үшін аса қуанышты күн. Қазақ ұлттық өнер университетінің жаңа ғимараты – «Шабыт» сарайының ашылуы. 12 жыл бойы Ұлттық музыка академиясы аталып келген өнер ордасы жаңа мамандықтардың ашылуына байланысты Елбасының жарлығымен Қазақ ұлттық өнер университеті болып қайта құрылған болатын. Өздеріңіз білесіздер, Астанада қазір театрлар ашылып, түрлі мәдени мекемелер, концерттік залдар салынып жатыр. Әлбетте, олардың бәріне біздің мамандарымыз қажет. Сол үшін де біз хореография, балет өнері, мүсіншілер мен дизайнерлер, театр өнері, кино-телевизия мамандықтарын аштық. Өнерде бүкіл мамандықтар өзара байланысқан. Егер біз әртіс дайындайтын болсақ, оның киімі сахнаға сай болуы керек. Сондықтан біз киім дизайны, интерьер дизайны, сәулет дизайны секілді өнер мамандықтарын ашамыз. Мысалы, уақыт ағымына ілесіп, музыкалық ревю, музыкалық шоуларды жиі қолданудамыз. Өнердің бұл салаларының бәрі осы «Шабыт» сарайында болады. Қазақстанда өнердің барлық түрін қамтыған өнер ордасы болмаған еді. Сондықтан бұл — өте қуанышты күн. Мұнда енді еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарындар лайықты жоғары білім алып, қанат қағатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста