Шетелдегі қазақтарды көшіріп әкелу – стратегиялық мақсат

Шетелдегі қазақтарды көшіріп әкелу – стратегиялық мақсат

Бүгін дүниежүзі қазақтарының көптен күткен IV құрылтайы өз жұмысын бастайды. Көптен күткен дегеніміз – былтыр күзге жоспарланған құрылтай елімізде өтетін халықаралық маңызы бар саммит, форумдармен қабаттастырылмай, сегіз айдан кейін шақырылып отыр. «Ештен кеш жақсы» демекші, маңыздысы құрылтайдың уақыты емес, жиында көтерілетін мәселелер болмақ. Жалпы, демографиялық саясат туралы айтылғанда, шетелдегі қандастарын еліне көшіріп жатқан Германия, Израиль және Қазақстан алдымен ауызға алынады. Бірақ кейінгі жылдары Ресей де осы бағытта батыл қимылдап жатыр. Қандастарын өз еліне ресми түрде шақырмаса да, жер бетінде демографиялық саясаттан жырақтап кеткен мемлекет жоқ.

Атқарылған іс аз емес
Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері жүр­гізіліп отырған демографиялық сая­сатты еш­кім «дұрыс емес» деп жоққа шы­ғара алмас. 1997 жылдың желтоқ­санында Елбасы қол қойған «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы осы уақытқа дейін жүргізілген саясаттың картасы іспеттес болды. Парламент Мәжілі­сінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нөке­тае­ва келтірген де­ректерге сүйенсек, 20 жылдың ішінде елімізге алыс және жақын шетелдерден 824 170 этникалық қазақ көшіп келген екен. Тиісінше, Өзбек­станнан – 494 565 адам, Қытайдан – 85 487, Моңғолиядан 110 856 жан көшіп кел­ген. Барлық қоныс аударушылардың ішін­де еңбекке жарамды жастағылар 54,4 па­йызды құрайды екен. Яғни неғұрлым көбірек көшіріп әкелсек, соғұрлым еңбекке жарамды күшті көбейтіп, өндіріске бет бұрған еліміздің экономикалық дамуына септігін тигізбек. Демограф ғалымдардың айтуынша, еліміздегі халық саны, негізінен, табиғи өсімнен емес, шеттен келген қазақ­тардың есебінен өсіп отыр. Қандастарымыз атажұртына оралып жат­қанмен, шет мем­лекеттерде тұратын қа­зақ­тардың саны әлі де біршама. Атап айтар бол­сақ, қазірдің өзін­де қазақтар дүниежүзінің 40-тан ас­там елінде тұратын көрінеді.
Қандастарымыздың келуіне кедергі көп
Қазір өзге мемлекеттердегі қазақтарды елге көшіру алғашқы жылдардағыдай емес, бәсеңдеп қалды. Бәсеңдікті көтер­мей­тін бә­се­келестік заманда стратегиялық мақ­саттар үшін қашан да уақыт тапшы. Сон­дықтан да бұл мәселені бір сәт те елеу­сіз қалдыруға бол­майды. Құрылтай тек той сипатында ғана өтпеуі тиіс. Біздіңше, күн тәртібіне осы көші-қонға қатысты барлық мәселе шығарылуы тиіс. Себебі қазір көші-қонға көлденең кедер­гілер көп. Ілгеріде Көші-қон полициясы бас­қар­масы шеттен келген қазақтарға виза созу, тұрақты тіркеу, азаматтыққа құжат өткізу сияқ­ты жеңіл­дік­тер қарастырса, қазір бұл же­ңіл­діктер тоқ­тап қалған. Дүниежүзі қазақтары қауым­дас­тығы төралқа төрағасының бірінші орын­басары Талғат Мамашев өзінің бір сұх­батында: «Ағайынның атажұртқа келуі­нің аза­юын­дағы бір себеп көші-қон са­ла­сын­дағы жалған мәліметтер мен жем­қор­лық­тың ас­қын­дауы болып отыр. Тағы бір себебі – көші-қон­ды ұйымдастыру жұмыстарының нашар­­лығы», – дейді.
Құрылтайда қандай мәселе қаралуы керек?
Міне, осындай жағдайларды ескере келе, құрылтайда және құрылтайдан кейін бірнеше мәселе қолға алыну керек деп есептейміз. Бі­рін­шіден, шетел қазақтары­ның елімізге виза алып келуі біршама қиындап кетті. Кел­ген қан­дастарымыздың тұрақты тіркелуі, аза­маттық алуы, жұмысқа орналасуы қамтама­сыз етілуі керек. Екін­шіден, Қазақстанға қа­лай көшіп келіп, қай облыстарға орналасуы тиім­ді екендігін ал­дын ала түсіндіру жұмыс­та­ры да жеткіліксіз. Осындай жағдайдың сал­да­рынан елімізге келуші оралмандар қатары­ның сиреуі бай­қала бастады. Біздіңше, осы құ­рылтай­дан кейін Еңбек және халықты әлеу­меттік қор­ғау министрлігі және оның Көші-қон коми­тетімен, Сыртқы істер министрлігі және оның Консулдық қызмет департамен­тімен, Ішкі істер министрлігі және оның Көші-қон полициясы бас басқармасымен бірлесе отырып, көші-қонға қатысты ұйымдастыру жұмыстарын талқылап, осы жөніндегі мін­деттерді анықтап, нақты бағыт-бағдарды белгі­леуі тиіс. Үшіншіден, негізгі мәселе­лер­дің тағы бірі – білім алу жайын естен шығар­ма­уымыз қажет. Себебі оқу іздеп келген шет­тегі қандастарымыздың көбі ел­ден жұмыс та­уып, азаматтық алып, орны­ғып қалады. Дү­ние­жүзі қазақтары қауым­дас­тығы төралқа төра­ғасының орынбасары Сұлтанәлі Балғаба­ев бұл жайында:
– Кезінде қауымдастықтың қолға алуы­мен дайындық бөліміне қабылданатын шет­ел­дік қазақ жастарының саны 1500-ге дейін жетті. Шетелдегі қазақ жастарына білім гран­тынан арнайы квота бөлу, шетел­дегі қазақ мектеп­теріне оқулықтар жіберу сияқты іс-шаралар да қолға алынған еді. Қазір мұндай жұмыстар біраз саябырсыған. Міне, осыған байланысты қауымдастық құ­рылтай кезінде Білім және ғылым ми­нистрлігімен бірлесіп осы мәселені тал­дап-талқылап, болашақтағы жұмыс жос­парын бір жүйеге түсіріп, ортақ мә­мілеге келуді көздеп отыр, – деген бола­тын.
Атажұртын аңсаған ағайынға ақпараттық байланыс қажет
Кез келген сынақтан сүрінбей келе жат­қан елі­мізге шеттегі келуге ниетті қандас­та­ры­мызды көшіріп алуға мүмкіндік мол. Сон­дық­т­ан әлеуметтік-экономикалық жағ­да­йымыз бү­гінгіден әлдеқайда төмен кез­де басталған көш­ті тоқтатпауымыз қажет. Әл­бетте, көш – үл­кен процесс. Осы ара­лық­та қандастардың елге оралғысы келетін үмі­тін өшіріп алмас үшін тығыз қарым-қаты­нас орнатып, ақпарат­тық байланыстар­ды нығайту қажет. Өзінің дәстүрі мен тілі­нің, әдет-ғұрпы мен ата дінінің жойылып кет­пеуін қадағалап, шетелдегі қандаста­ры­на ерекше көңіл бөлуі бізге сабақ бол­сын деп кейбір елдерді мысал етейік. Бұл тәжірибе бойынша Ресейдің ұпайы түгел десек болады. Орыстар әлемнің әрбір мем­лекетіне әлеуметтік желі орнатып қой­ған. Кез келген орыс қай елде жүрсін өзінің ана тілінде керекті ақпаратын алып, өзінің мем­лекеті туралы тың мәліметтерге қол жеткізе алады. «Русский мир» аясында қыруар шар­уа атқа­рылуда. Интернет-телеарна да ашылған, ал «Орыс әлемі ТВ» деп аталатын арнаны ғалам­шардың түкпір-түкпірінде көру­ге мүм­кіндік бар екен. Тіпті сол Ресейдің қол астындағы Татарстан да шетелдердегі татар­лар­дың мүд­десін қор­ғауды ұмыт қалд­ыр­маған. Осы елдің Конс­ти­туциясының 14-бабында «Татарстан Рес­публикасы шетелдер­де тұратын татар­лар­дың ұлттық мәдениетін, ті­лін сақтап, одан әрі дамытуға жағдай жасай­ды» деп жазылған екен. Әлемде шетелдегі қандас­тары­мен ты­ғыз байланыс орнату жағынан Из­раиль бірін­ші орында тұр. Таяу Шығыс­тағы осы бір кіш­кентай мемлекет бұл мә­селені ортақ идео­логия арқылы реттеп отыр. Израиль аумағы­нан жырақта тұратын тұтас еврейді біріктіретін  – бір ғана сио­низм идеясы. Еврей агенттігі мен әлемдік сио­нистік ұйымы Израиль мен өзге елд­ер­дегі еврейлердің ара­сындағы көпір қыз­метін атқарып келеді. Осындай тәжі­ри­бе­лер­ді пайда­лансақ, Қазақстан туралы мә­лі­мет­­терге сусап отырған шетелдегі қазақ­тар­дың әсіресе өзге ұлт­тың бесігінде тер­беліп өс­кен балаларының атажұртқа деген махаб­ба­тын оятар еді. Атамекеніне аң­сары ауған адам ұсақ-түйек кедергілерді де елемейтіні бел­гілі.

Өзбекстан мен Қытайда 1,5 млн-нан, Ресейде 1 млн, Түрікменстанда – 100 мың, Моңғолияда – 80 мың, Қырғызстанда – 45 мың. Еуропаның 12 елінде шамамен 10 мыңға жуық қазақ тұрады. Түркия, Иран, Ауғанстан сияқты елдерде де қандастарымыз күнелтіп жатыр.

Түйін
Мұны неге айтып отырмыз? Зерттеулерге жүгінсек, 1956-1963 жылдары көр­шілес Қытай Халық Республикасынан 100 мың отбасы Қазақстанға қоныс ау­дарған екен. Бүгінде олардың ұрпақтарының саны 1,5 миллионға жеткен екен. Басынан небір зұлматты заманды, нәубетті кезеңді өткізген қазақтың бү­гінде қарасы көбейіп отырса, сол қандастарымыздың да арқасы. Демек, демог­рафиялық дүмпу үшін көші-қонды тоқтатпауымыз қажет. Әр кез адам капиталына басымдық беру керектігін айтатын Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың да ұстанған саясаты осыған саяды. 1949 жылы 400 миллион халқы болған шығыстағы көршіміздің демографиялық әлеуетіне көңілі толмаған Мао Цзэдун халықтың ішкі өсіміне барынша қолдау көрсеткен-ді. Соның нә­ти­жесінде 30 жылда халқының саны 1 млрд 100 миллионнан асып жы­ғылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста