СІМ: АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша азайтуда

СІМ: АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша азайтуда

АҚШ тарапы антиресейлік санкциялардың Қазақстан экономикасына ықпалын азайтпақ.
Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин мәлімдеді.

Шынымен де күрделі әрі салмақты сұрақ. Мемлекеттік хатшының орынбасары атап өткендей, АҚШ Ресейге және жеке тұлғаларға бұрын-соңды болмаған санкциялар салып отыр. Әрине, елдеріміз арасындағы терең интеграция, ең ұзын құрлық шекарасы болғандықтан, біз санкциялардың әсерінен шет қала алмаймыз, сондықтан бұл тіпті баға саясатына, дүкендердегі жағдайға қалай әсер ететінін көріп отырсыздар. Үкімет АҚШ өкілдерімен барлық деңгейде белсенді келіссөздер жүргізіп жатқанына сендіргім келеді, - деді  Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуден кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
СІМ бірінші орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда  мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП өкілдерімен, ал АҚШ тарапынан – елшілік, Мемлекеттік департамент және басқа да ведомстволардың өкілдерімен  келіссөздерінің бірнеше раундын ұйымдастырды.

Америкалық әріптестерімізде  екі ел арасында өзара тәуелді нарық пен экономика бар деген түсінік бар. Америкалық тарап бұл санкциялардың Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін азайту мақсатында барын салуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, - деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста