Сингапурдың тәжірибесін зерттеп жатырмыз

Сингапурдың тәжірибесін зерттеп жатырмыз

Қазақстандағы кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасады. Бүгінде Білім және ғылым министрлігі Сингапур елінің тәжірибесін жан-жақты зерттеп келеді. Осы жұмыстарды жүзеге асырып, елімізде жаңа сипаттағы колледждерді құру жоспарланып отыр.
Қазіргі кезде министрлік Сингапур рес­пуб­ликасының тәжірибесін зерделеп келеді. Ол үшін осы елдің Политехник инс­ти­тутымен арнайы меморандум рәсім­дел­ген болатын. Осы уақытқа дейін оның аясында 200-ге жуық қазақстандық маман Сингапурға барып, кәсіби дайындықтарын шыңдап қайтты. Бірлескен жоба аясында олар электронды оқыту мен тиімді бас­қа­рудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оқы­ту­шылар мен студент-жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тә­­жі­рибесін жан-жақты зерттеп шықты. Атал­ған оқыту бағдарламасына қатыс­қан­дарды жатын орынмен Темасек қоры (Temasek Foundation) қамтамасыз етсе, Қазақстан жол шығынын өз мойнына алды.
Го Гео КИМ, «Темасек» қорының төрағасы:
– Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мен «Темасек» қоры кәсіп­тік-техникалық білім беру саласының мамандарын Сингапур жерінде оқытуға 590 мың доллар қаржы бөлді. Осы орайда біздің сенімді серіктестерімізді ерекше атап өткен жөн. Жалпы, бүгінде біз 14 елге көмек көрсетуге бағытталған 25 бағдарламаны жүзеге асыруға дайынбыз.

Қадырбек БӨРІБЕКОВ, ҚР Білім және ғылы министрлігі Кәсіптік-техникалық білім беру департаментінің директоры:
– Бүгінде Қазақстанның білім беру жүйесін реформалау жұмысы жүріп жатыр. Оның аясында әлем елдерінің үздік тәжірибесі жан-жақты зерттеліп келеді. Осы орайда біз үшін Син­га­пур­дың тәжірибесі несімен құнды? Бұл елдің білім беру жүйесі өндірістік ортаға барынша жақындастырылған: кол­ледж­дер өндіріс ошақтарымен тығыз жұмыс жасайды. Осының арқасында оқу­ды бітірген түлектер бірден жұмысқа орналасып жатады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста