Сіз үшін Тәуелсіздік тұлғалары кімдер?

Сіз үшін Тәуелсіздік тұлғалары кімдер?


Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Қазақ топырағында 1991 жылдан бергі уақытта қа­з­ақ мемлекеттілігі пайда болды. Әрине, оның тұл­ғалары бар және ол бір адам бола алмайды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған бүтіндей саяси элитаның негізгі қызметі де осы қазақ жеріндегі ұлттық тұрпатты жаңа мемлекеттің Тәуелсіздігінің баянды болуы еді.  Бірақ біздің Тәуелсіздігіміз, мемле­кеттілігіміз бүгінгі күнмен ғана байланысты бола ал­май­ды. Ол – арғы тарихты айтпағанда, бергі Әлихан Бө­кейханов бастаған Алаш азаматтарының еңбек­те­рі­нің жемісі. Әрине, алашордашылардың Тәуелсіздік үшін күресі сәтсіз аяқталды. Бі­рақ дәл сол сәтсіз әрекет, сәтсіз ұмтылыс тарихта орын алмаған болса, бүгінгі Тә­уел­сіздігіміздің болуы тағы күмәнді. Сол кезде егілген дән бізге уақыт өте же­мі­сін әкелді. Бүгінде сол Тәуелсіздіктің баянды болуына аянбай еңбек етіп жатқан аза­маттар көп және олар бола береді.


Дәурен СҚАҚОВ, Тәуелсіздік құрдасы, студент:
– Мен үшін еліміздің Тәуелсіздігіне еңбек сіңірген тұлғалар көп. Алдымен сол Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ерлік көрсетіп, 86 жылдың ауыртпашылығын көтерген Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова сынды көптеген аға-әпкемізді атауға болады. Сол кезде алаңда тұрған «желтоқсаншылардың» әрбірін Тәуелсіздіктің тұлғасы деп атар едім. Сондай-ақ сол Тәуелсіздікті ұстап тұру үшін аянбай тер төгіп жүрген ағаларымыз көп. Әрине, олардың қатарында, ең алдымен, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты атауға болады. Сондай-ақ ұлттық рәміздеріміздің, Конституциямыздың, заңдарымыздың автор­ла­рын, сол кездегі қиын кездерде жауапкершілік жүктеген үкімет адамдарын, Қа­зақ­станның сыртқы саясатын дамыту мақсатында шетелмен байланыс орнатқан ал­ғашқы елшілерді атар едім. Меніңше, Тәуелсіздік тұлғалары әлі де пайда бола береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста