Соғыс болып жатқан елдер
Соғыс жүріп жатқан елдерді қызыл бояумен белгілеп қойса, ғаламшар картасы кәдімгідей қып-қызыл «қанға» боялатыны анық. Мұндай қара тізімге, өкінішке қарай, әлемнің бірнеше елі еніп отыр.
Қазір, баршаға аян, дүние астаң-кестең. Қан төгіс тыйылар емес. Қақтығыстар барған сайын өрши түсуде. Араны ашылған ұлы державалар текетіресі ешкімді аяп жатқан жоқ. Геосаясат тақтасындағы олардың «ойыны» жер бетіндегі миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкеліп жатыр: бүтіндей бір елдерді ұзақ жылдар бойына дамуын тежеп, кедейшіліктің жойылуына жол бермеуде. Ең сорақысы, одан қарапайым халық зардап шегіп отыр. Мысалы, БҰҰ-ның мәліметі бойынша, бүгінгі күні жер шарында әрбір оныншы адам аш, яғни 1 миллиардқа жуығы. Оның шамамен тең жартысы Азия елдерінің халықтары.
Қазір баршаның назары – Украинада. Кейбір шетелдік басылымдарда келтірілген деректер бойынша, Украинадағы әскери қақтығыс кезінің бес айында Ресей АҚШ-тың Иракпен соғысындағы 12 жылда қаза болған әскерлерімен бірдей жауынгерінен айрылса, РФ-ның КСРО-ның Ауғанстан жеріндегі 9-жылда құрбан болған үштен бір бөлігімен тең келетіндей адамы өлген екен. Қысқасы, «Украинадағы қарулы қақтығыстың зардабы Ауғанстан жеріндегі соғыс қасіретімен бірдей соғыс. Бұл енді жай шиеленіс емес» дейді сарапшылар. Соңғы ақпарат бойынша (қыркүйек айы) Украина экономикасына 620 миллион доллар шығын келген екен, яғни күніне 6 миллион доллар. Ал Ресейдегі жағдай тіптен мүшкіл.
БАҚ арқылы Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты жиі-жиі пікір айтып жүргендердің бірі - Қазақстанның әуе тасымалы қауымдастығының бастығы В.Куропатенко былай дейді:
-Украинадағы жағдай қарулы қақтығысты қолдан жасап отырған есі ауысқандардың ақымақтығы. Соншама бейбіт адамның қаны оларды жібермейді.
Иә, бейбіт өмірдің діңгегін ырғап отырған үстемшіл державалардың миллиондаған жазықсыз жандардың қанын жүктеп отырғандары рас.
Біз өз кезегімізде қарулы қақтығыстар жүрі жатқан елдердің тізімін жасағанды жөн көрдік. Сонымен:
Украина
Біріккен Араб әмірлігінің Иранмен қақтығысы
Мысыр
Сирия
Ирак
Ливия
Йемен
Алжир
Марокко
Бахрейн
Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс
Катар
Жапония мен Қытай шиеленісі
Армения мен Әзірбайжан арасындағы дау
Шри-Ланка
Сомалия
Эфиопия
Түркиядағы күрттер көтерілісі
Албания
Ангола
Босния мен Герцеговина
Бурунди
Гаити
Гвинея мен Бисау
Колумбия
Комор аралдары
Конго
Либерия
Нигерия
Судан
Сьерра-Леоне
Фиджи
Филиппиннің оңтүстігі
Эритрея
Косово (Югославия)
Айта кетейік, аталған елдердегі қарулы қақтығыстар себебі әр түрі: жер дауы, азаматтық соғыс, тәуелсіздік үшін күрес, билікке наразылық, жікшілдік т.т. Сонымен қатар, аймақтардағы саяси тұрақсыздық кей елдерде қиын жағдайда тұрса, кейбіреуінде әскери қақтығыстар ара-кідік. Қалай дегенмен де, соғыстың үлкені мен кішісі болмайды.