Солтүстік Қазақстанда өздерін «Халық кеңесі» деп жариялаған сепаратистерге қарсы қылмыстық іс қозғалды
Тараған ақпараттарға қарағанда, 19 наурызда Солтүстік Қазақстанда әлдебір 19 адам жиналып, «Халық кеңесі» құрылғанын жария етіп, тіпті оның «жарғысын» жобасын, «декларациясын» қабылдап, төрағасы мен хатшылығында сайлап тастаған.
Солтүстік Қазақстан облысында өздерін «Халық кеңесі» деп жариялаған сепаратистерге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ҚазТАГ агенттігіне айтқан.
«Бұл ақпарат Солстүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде тіркелді. Жедел тергеу шаралары жүріп жатыр», – делінген жергілікті полиция департаменті берген ақпаратта.
Бүгін әлеуметтік желіде өздерін «Халық кеңесін» құрушылар деп жариялаған бір топ адамның видеосы тарады. Видео жедел тарап, қызу қоғамдық талқыға түсті.
Тараған ақпараттарға қарағанда, 19 наурызда Солтүстік Қазақстанда әлдебір 19 адам жиналып, «Халық кеңесі» құрылғанын жария етіп, тіпті оның «жарғысын» жобасын, «декларациясын» қабылдап, төрағасы мен хатшылығында сайлап тастаған. Қазіргі кезде әлеуметтік желіде тараған видео мен ақпарат қызу талқылануда.