Судья – халықтың ары, мемлекеттің айнасы

Судья – халықтың ары, мемлекеттің айнасы

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, әлемдік қауымдастық мойындаған құқықтық мемлекет ретінде орнығуына еліміздегі сот жүйесінің рөлі де айрықша болғаны даусыз. Әлбетте, мемлекеттік биліктің бір тармағы - сот жүйесін дамыту – бұл бір күннің ғана шаруасы емес, межелі міндеттерді белгілеу арқылы атқарылатын ауқымды жұмыс. Осы бағыттағы жігерді жандандыру тұрғысынан алғанда биылғы жылы осыменен алтыншы рет өткелі отырған Қазақстан Республикасы судьяларының съезі маңызды мәселелер мінберіне айналғаны да ақиқат.
Республика судьяларының тұңғыш ал­қа­лы жиыны осыдан 17 жыл бұрын өткен болатын. Сонау 1996 жылдары Тәуелсіз­дік­тің алғашқы соқпақтары салынып, мем­лекеттіліктің сапалы іргетасы қаланып жатқан тұста сот жүйесі де тынымсыз ізде­ністер үстінде болған еді. Өйткені егемен елдегі биліктің бірегей тармағы ретінде сот жүйесін реформалаудағы батыл бет­бұ­рыстар кезеңін заман талабымен ұш­тастыру күн тәртібінде болатын. Өткенге көз салсақ, биліктің бір тұтқасы ретінде сот жүйесі осы жолдарды абыроймен жүріп өтті. Айталық, сот жүйесіндегі кезең-ке­зең­дерге ұласқан реформаның басты ба­ғыт­тарының бірі – судьялар тәуелсіздігін қам­тамасыз етуден басталғаны белгілі. Ата Заңымызбен айшықталған еліміздегі сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен судьялардың мәртебесін көтеруге қа­тысты серпінді шаралар судьялар съезінде көтерілген болатын. Дәл осындай қоғам дамуының маңызына баланатын үдерісті үдету үшін съезд аясында республикалық Судья­лар одағы құрылды. Кейіннен Судья этикасы кодексі қабылданды. Жұртшылық­тың сот билігіне сенімін арттыру да өзекті мәселе болатын. Шындығында, биліктің мәртебесін берік ететін бірден-бір дүние, бұл – халықтың сотқа деген сенімі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы тарапынан да осы мәселені ұдайы көтеріп келеді. Ал сот сенімі қандай жағдайда орнықты болады? Әлбетте, қазақ даласының ақылманда­ры­нан, қара қылды қақ жарған әділ билері­нен келіп жеткен «тура биде туған жоқ» де­ген қағидатты ұстанғанда ғана. Сондық­тан да осынау биік міндет үдесінен көріну үшін судьялар кәсібилігін, біліктілігін же­тіл­діруге қатысты ауқымды шаралар ат­қарылды.
Тұтастай алғанда осы уақыт аралығын­да Тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесі заман талабына сай қалыптасып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандық­та­рын қорғау, сот билігінің беделін арт­тыруға бағытталған сан түрлі шаралар іске асырылды. Сонымен қатар сот жүйесі өз қыз­метін жетілдіріп, тиімділігін арттыра түсуді әлі де атқара бермек. Бұл ретте, ха­лық­тың сенімін жоғалтпау сот саласын­дағы әрбір қызметкердің бекем ұстанатын міндеті болып қала беретіні де даусыз.
Елдегі сот жүйесін жетілдіре түсу мін­дет­тері Елбасы Н. Назарбаевтың айқында­ған «Қазақстан–2050» стратегиясы: қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы­ты» атты былтырғы жылғы халыққа Жол­да­уында да айқын көрініс тапқан болатын. Онда Мемлекет басшысы сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арыл­ту керектігін айтып, жаңа ақпараттық тех­но­ло­гияларды белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын еместігін де алға тартқан еді. «Сот билігінің беделі орындалмаған сот шешімдерінен төмендейді. Осыған бай­ланысты, бұл жағдайды түбегейлі өз­герту жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс», – деген болатын Елбасы Н. Назар­баев. Президент айқындаған өрелі міндет­терді жүзеге асыруда да, ең алдымен, судья­лардың біліктілігі, кәсібилігі, олар­дың жауапкершілігі барынша талап еті­летіндігі ақиқат. Халқымыздың «Биі әділ бол­са, шешімі кәміл болар» деген сөзі де осыны аңғартса керек. Сондықтан да әділ қазы болу, қара қылды қақ жаратын қағидатты қатаң ұстану арқасында ғана қазақстандық сот халықтың берік тірегіне айнала түспек. Ал осы мәселе Елбасының на­зарынан тыс қалған емес. Мәселен, Мем­лекет басшысы Н.Назарбаев Қазақ­стан судьяларының V съезінде сөйлеген сө­зінде: «Соттар қызметінің тиімділігі, олар­дың шығаратын шешімдерінің әділеттігі мен жедел және толық орындалуы – кез келген мемлекеттің демократиялық дамуы­ның негізгі көрсеткіші. Соттардың шешімдеріне қарап қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және азамат­тар­дың мүдделерін қорғау қабілеті баға­ланады», – деген болатын. Ең бастысы, елі­міздегі сот жүйесінің Елбасы айтып отыр­ған талаптарына сай келуі үшін барынша жағдайлар жан-жақты қамтылып отыр.
Сөз соңында Алаш арысы Ахмет Бай­тұрсыновтың: «Бұрынғы әділ билердің қо­лындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді» деген сөзі еске оралады. Әлбетте, қоғам дертін әділ қазының қолындағы билікпен тезге салу – кешегі күннің ғана емес, бүгінгі заманның да өзекті дүниесі. Сондықтан да сот – ха­лық­тың ары, мемлекеттің айнасы болу жо­лында ұдайы жетіле түсуі шарт. Алдағы қа­раша айының ортасына таман жоспар­лан­ған Қазақстан Республикасы судьяла­ры­ның кезекті VI съезі сот жүйесінің да­муы­на серпін беріп, еліміздегі сот төрелігін ары қарай жетілдіруге өз ықпалын тигі­зетіні сөзсіз.
Тойжан АЯЗБЕКОВ, Шығыс Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыру-талдау бөлімінің баcтығы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста