Теориясыз тарих болмайды

Теориясыз тарих болмайды

2013 жылдың 5 маусы­мын­­­да Астанадағы Л.Н. Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлт­тық универ­си­те­тінде ҚР Мем­лекеттік хат­шы­сы Марат Тә­жиннің төраға­лы­ғы­­мен Қа­зақстан Рес­­­пу­бликасының та­рихын зер­делеу жөніндегі вед­ом­ство­аралық жұмыс то­бының кеңейтілген оты­рысы өтті. Тарихшылардың осы ал­қалы мәжілісінде елдің бо­­лашағы үшін тарихымызды жа­ңаша көзқарас тұрғысынан зер­делей түсу, ұлттық сананы ны­ғайту, өзекті тақырып­тар­ды зерттеу және жаңа за­ман­ға сай оқулықтар жазу сияқты нақ­ты міндеттер жіктелді.
Қазақ елінің тарихы патшалық және кеңестік билік заманында бұрмаланып, дұрыс жазылмай келді. Тек еліміз еркін­дік­ке қол жеткізгеннен кейін ғана «ақтаңдақ» бет­тері ашылып, ұлттық тарих жазыла бас­тады. Қазақ елі Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғына дейін көптеген зерттеу еңбектері жа­рыққа шықты. Бірақ әлі де зерттеуді қажет ете­тін өзекті тақырыптар бар. Соның бірі – тарих ғылымының теориясы мен ме­то­дологиясы. Себебі теория-методология мә­селесін көтермейінше, зерттеу жұ­мыстары да өз дәрежесінде болмайды.
Қазіргі жаһандану заманында қазақ хал­қының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құн­дылықтары насихатталып, төл де­ректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қа­жет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқ­ты тарих ғылымының теориясы мен ме­тодологиясы біздің еліміздегі отандық та­рих ғылымы бойынша дұрыс жолға қо­йылуы керек. Осы аталған тақырыпқа қа­тыс­ты бірқатар зерттеушілердің шағын ма­қалалары мен жинақтары жарық көр­ге­німен, арнайы нұсқаулық немесе оқулық ретінде жазылған теория-методологияға қатысты іргелі зерттеу еңбектер жоқ.
Патшалық және кеңестік империяның тұ­сында тарих бұрмаланды және оны бас­қа ұлт өкілдері жазды. Қазақ зиялы­ла­рының да ел тарихына байланысты қалам тар­тып, зерттеулер жазғаны болды. Бірақ оларға шектеу қойылып, қуғындалды. Тек саяси идеология құралына айналдырылған тарих жазылды. Бір сөзбен айтқанда, үл­кен қиянат жасалып, тарихымыз таптаурын күй­ге түсті. Соның салдарынан осы күнге де­йін Отандық тарих ғылымының тео­рия­сы мен методологиясы қалыс қалып келді. Мы­салы, Қазақстан бойынша Қаз КСР Ғы­лым академиясы төралқасының 1978 жылғы 7 қыркүйектегі №131 қаулысымен Та­рих институтында «Қазақстанның та­рих­на­масы» деп аталатын бөлім ғана ашылды. Оның өзі кеңестік идеологияның шең­бе­рінен шығып, зерттеулер жасай алмады. Ал басқа институттар мен университеттерде ар­найы Отан тарихының теория-мето­до­ло­гиясымен айналысатын кафедралар мүл­дем ашылған жоқ. Сондықтан тарих­шы­ларымыздың алдында тұрған үлкен бір міндет осы салаға қатысты болып тұр.
Тарих ғылымының теориясы мен ме­тодологиясына қатысты ұғымдар және тү­сініктеріне тоқтала кетсек. Тарих теориясы – жалпы тарих туралы теория не­ме­се он­дағы нормандық теория, манор тео­риясы тағы басқа да теория түр­лері жа­йында. Қалай айтқанда да, тарих теориясы – бұл жоғары, тарихи танымның дамыған деңгейі. Яғни нақты тарихи оқиғалар мен құбылыстардың сипатталу деңгейін көр­се­теді. Тарихи зерттеу теориясында тарихтың жал­пы проблемалары, шындығы және танымы қарастырылады.
Тарих методологиясы – (грек тіл. met­hodos – әдіс, таным жолы logos – сөзі) – та­рих ғылымының әдістемелік таным ту­ралы пәні және тарауы болып табылады. Әдіс­теме – тарихи зерттеудің құралы ре­тінде пайдаланылады. Әдістемелер ар­қылы тарихшы жаңа білім алып, оқиғалар ту­ралы мәліметтерді нақтылайды.
Қазіргі заманда «методология» ұғымы бас­тапқы мағынадағыдай ғана аясы тар емес, тарихи танымның жалпы негізін құ­райды. Бір сөзбен айтқанда, тарих мето­до­логиясы нақты тарихи зерттеу тә­жі­ри­бе­сінің теориялық көрінісі ретіндегі әдіс­­­­те­мелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи тү­сініктер т.б. Тарихшының зерттеу жұ­мысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология та­рихи зерттеуде жеке және жалпы про­бле­маларға сараптама жасайды. Бірақ кез кел­ген проблемаға нақты жауапты даяр­лап тұрмайды. Оны қарастырудың, зерт­теудің жолдарын көрсетеді.
Тарих ғылымында методология мен метод бір-біріне тәуелді емес. Мето­до­ло­гия мен методтың өз алдына же­ке та­ным­дық формалары бар. Мәсе­лен, ме­то­дология жеке зерттеу әдістеріне қол­­да­нылмайды. Зерттеу жүйесінде тех­ни­­калық әдістерді методология емес, ме­тод деп қарастырған жөн. Ал методология мін­­­деті ғылыми мәселелерді шешуде жал­­­пы теориялық ұстанымдарды көрсету бо­­­лып табылады. Бұл жалпы ғылыми қа­рым-қатынас сипатын, көрінісін бай­қа­тады.
Қазақ зиялысы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады». Демек, Отан тарихын тарихшылар өз дәрежесінде зерттеу үшін тарих ғылымының теориясы мен методологиясына баса назар аударуы қажет.
Деректанушы ғалым Қ.М. Атабаев Отан тарихы ғылымының методология мә­селесіне байланысты мынадай тұжырым жасаған: «Отандық тарих ғылымындағы бас­ты кемшілік – методологиялық кем­ші­лік. Барлық ғылымның негізі мето­до­ло­гияда жатыр. Методологиялық, теориялық мә­селелерді анықтап алмай, басқа ғы­лым­дар сияқты, тарих ғылымының да өз дә­режесінде дамуы мүмкін емес. Қа­зақ­станда тарих ғылымының міндеті, функ­циясы не болуы керек? Алдымен осыны анық­тап алуға тиіспіз. Ең бастысы, мето­до­ло­гиялық проблема – осы. Қазақстан та­рихы ғы­лы­мы­ның міндеті қазақ ұл­тының та­рихын зерттеу болуы керек».
Тарихшы Б.Ғ. Аяған ұлттық тарихты қа­растыруға қатысты мынадай пікірін біл­дір­ген: «Біздің міндетіміз – тарихшылардың ғылыми мектептері арасындағы интел­лек­туалды ой жарысын, бәсекелестікті қолдай оты­рып, қазақ тарихының табиғаты және мәні туралы терең толғанған туындыларды өмірге келтіру. Бұл ерекше тарих екені анық. Ол – Батыстың да, Шығыстың да та­ри­хи дәстүрлеріне бағынбайтын феномен. Ол құбылыс өзегі – Дала өркениеті, мың­даған жылдар бойы үзілмей келе жатқан тарихи жалғастық, ауызша дәстүр тағы бас­қалары. Сондықтан, Қазақ елінің тари­хын­дағы өзекті мәселелеріне қа­тыс­ты тұжырымдамалар қажет. Ол үшін кең ау­қым­ды және терең зерттеулер керек. Мы­салы, тәуелсіз Қазақстан тарихын зерт­теу­дегі міндеттерді шешу үшін жан-жақты бі­лім алған, теориялық да­йын­дықтары жақ­­сы, жаңаша ойлайтын мамандар қа­жет. Осы мәселелерді ширақ, ауқымды ретте ше­шіп отыру тарихшылардың міндеті бо­луы тиіс».
Қазіргі заманда «тарихтан тәрбие», «та­­рихтың тәрбиелік күш-қуаты» деген негізді ұғымдар біздің мәдениетіміз бен қоғамдық өмірімізде қолданысқа енген. Әсіресе Тәуелсіздік алған уақыттан бері мемлекеттің алдында жас ұрпақты жаңаша тарихи көзқарас тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеу міндеті қойылды. Ондағы мақ­сат тарихын білетін, ұлты мен мем­лекетін сыйлайтын жас ұрпақты тәр­биелеуге бай­ланысты еді. Міне, осындай рухани ұлттық құн­дылықтар мен тарихын терең білетін ұрпақ қана ұлтжанды болып өсетіндігі сөзсіз. Сондықтан тарихшы қауым ел тарихының әртүрлі кезеңдері мен маңызды салаларына қалам тартуы тиіс.
ҚАНАТ ЕҢСЕНОВ, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста