Тіл саясатындағы миф пен шындық

Тіл саясатындағы миф пен шындық

Транзитті еліміздегі өміршең құндылықтар мен ескі стереотиптер қайшыласып, трансформацияға ұшырап келеді. Қазақстан қоғамындағы саяси басты тақырып ретінде демократиялық үрдістер, партиялық жүйе, сайлаулар алға тартылғанымен, ұлт, тіл, дін, діл мәселелері барған сайын өзекті мәнге айналып барады. Сол себептен болса керек, ұлттық саясат төңірегіндегі жалған мифтер мен шымылдықпен түрулі шындықтарды ажырата алмайтын болдық.

ТОЛҒАУЫ ТОҚСАН ҚЫЗЫЛ ТІЛ

 Тіл мәселесінің саясилануы дегенді қоғам мүшелерінің қазақ тілі алдындағы азаматтық жауапкершілігінің артуы деп түсінген жөн. Билік пен әлеуметтік толғауы тоқсан мемлекеттік тілдің институттануына, яғни оны заңдық тұрғыдан толық қамтамасыз етіп, қоғамның барлық саласында жүйелі тіл саясатын іске асыруға атсалысқаны ләзім. Алайда кейбіреулер әлемдегі ең бай, ең шұрайлы, ең жатық тіл саналатын қазақ тілінің саяси функцияны атқара алатынына шүбә келтіріп, бұл төңіректе жалған мифтермен жұртты иландырғысы келеді. Дегенмен қазақ тілінің орасан зор потенциалы қасаң, жалған мифтерді күл-парша етіп жоққа шығарып отыр. Ендеше, толғауы тоқсан қызыл тілдің төңірегіндегі жалған миф мен шындықтарға үңіліп көрсек.

til


Тіл туралы жалған мифтер:

1. Қазақ тілі – ауызекі, отбасы, ошақ қасының тілі. Саясаттың, ғылымның, бизнестің, банктің тілі бола алмайды. Оған қазақ тілінің әлеуеті жеткіліксіз, сондықтан мемлекеттік тілді білудің қажеті жоқ.
2. Өміріміз кеңестік кезеңде өтті, жасымыз ортадан асты. Мен мемлекеттік тілді үйренуге міндетті емеспін деген миф.
3. Жаһандану кезеңінде қазақ тілінің болашағы жоқ.
4. Қазақ тілін қазақтардың жартысы білмейді деп көбейтуге тырысушылық.
5. Биліктегілер қазақ тілі күшейсе, мансаптан айырылып қалам деп қорқады.
6. Баламды қазақ мектебіне берсем, сауатсыз болып қалады деген миф.
7. Қазақ тілін білуді міндеттеу өзге ұлттардың құқығын шектейді деген миф.
8. Орыс тілі позициясынан айырылып барады деген бос даурығушылық.
9. Орыс тілінсіз Қазақстанның болашағы жоқ деген миф.

Тіл  туралы  шындық:

1. Сөздік қоры 300 мыңнан асып жығылатын қазақ тілінің потенциалы орасан зор. Елдегі өте сауатты филолог мамандардың қалың шоғырын жұмылдыру арқылы қазақ тілінің кәсіби тілдік базасын жасақтауға әбден болады.
 2. Ағылшын тілін кәрі-жасы меңгерген заманда бұл отарлық дәуірді аңсайтын керітартпа құлдық сананың көрінісі. Мәселен, әскерге барған өзге ұлт өкілдері де қатаң тәртіптің арқасында қазақ тілін емін-еркін меңгеріп алды.
3. Жаһандану кезінде қазақ тілі жаңа сапалық деңгейге көтеріледі. Елде енді қазақ тілінсіз болашақ жоқ.
4. Қазақ тілін қазақтардың көбі біледі немесе түсінеді. Орыстілді минус, қазақтілді плюске тартылып келеді.
5. Қазақ тілінің күшеюі арқылы мемлекеттік билік нығаяды, әлеуметтік-этникалық тұрақсыздыққа жол берілмейді.
6. Қазақ мектептері білім сапасы, ұлттық тәрбие жағынан орыс мектептерінен озды.
7. Қазақ тілін білу өзге ұлттардың өрісін кеңейтеді. Қазір өзге ұлт өкілдері тележүргізуші болып жүр.
8. Орыс тілінің позициясы күшейіп барады.
9. Өзге елдер орыс тілінсіз-ақ керемет өмір сүріп жатыр.

Ой-тұжырым
Тәуелсіз елде орыс тілі саяси ықпал етуші функциясынан гөрі ғылыми, байланыс мәртебесін сақтап қалмақ. Ағылшын және орыс тілдері мемлекеттік тілге кедергі келтіруші емес, қосалқы қызмет етуші механизмін іске қосу керек. Бұл үшін әрбір қазақ азаматы ана тіліне көмейден ғана емес, жүрегінен орын беруі тиіс.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста