ТМД аясында еркін сауда аймағы құрылды

ТМД аясында еркін сауда аймағы құрылды

Қазақстанның Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясының Санкт-Петербор қаласына екі күндік сапары барысында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің, ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің және Үкімет басшылары деңгейіндегі Кеден одағы Жоғарғы органының отырыстарына қатысты.
Сапар барысында Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерация­сының «Эрмитаж» мемлекеттік мұражайы­на барды. «Эрмитаж» – өнер туындылары­ның бірегей қазына орны және құқығы жағынан әлемдегі үздік мұражайлардың бірі болып табылады. Мұражай ұжымына мұраны сақтау және мәдени ағарту міндетін атқаруда табыс тілеймін», – деп жазды Премьер-министр. Қазақстанның Үкі­мет басшысы Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборда Беларусь Республикасының Үкімет басшысы Михаил Мясниковичпен кездесті. Үкімет басшылары сауда-экономика­лық ынтымақтастық, сондай-ақ Кеден ода­ғы мен ТМД аясындағы өзара іс-қимыл мә­се­лелерін талқылады. Беларусь Қазақ­станмен арадағы инвестициялық ынтымақ­тас­тық­тың дамуына зор мән береді. Осындай әріп­тестіктің басты бағыттары ретінде мұнай-химия, өнеркәсіп, фармацевтика, ақпараттық-коммуникациялық техноло­гия­лар, банк істері салаларын алуға болады. Екі ел арасындағы аймақаралық бай­ла­ныс­тың дамуында өзара сауда мен ин­вестиция­ның әлеуеті айтарлықтай артқан. Беларусь Қазақстанның экономиканы қайта жаңғыр­ту, соның ішінде ауыл­шаруашылық, машина құрылысы, тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық салаларын қайта жаңғыр­ту жөніндегі бағдарлама­ларына қатысуға мүдделі. Екіжақты қа­рым-қатынастың да­муын­дағы негізгі құжат – Қазақстан мен Бела­русь арасындағы эко­номикалық ын­ты­­­мақ­тастық бағдарла­ма­сы («Жол картасы») болып табылады.
Сондай-ақ Санкт-Петерборда ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Қырғыз­стан Премьер-министрінің міндетін атқа­рушы Ө.Бабановпен кездесуі өтті. Келіссөз барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
 Ресей Федерациясында жұмыс сапарымен жүрген Үкімет басшысы К.Мәсімов ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген отырыстарына қатысты. Санкт-Петербордағы Константиновск сарайында өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің қорытындысы бойынша Достас­тық елдерінің Үкімет басшылары 28 құжат­қа қол қойды, оның ішінде Еркін сауда-саттық аумағы туралы келісімшарт та бар. Бұл құжат «Санкт-Петербор келісімшарты» деп аталатын болады. Аталған құжат Достастық елдерінің экономикаларын әрі қарай жақындату, өзара сауда айналымын арттыру, әлемдік нарықтың тұтас және маңызды сегменті ретінде ТМД экономи­калық кеңістігін құру жолындағы ынтымақ­тастықты тереңдету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ТМД мемлекеттеріндегі валюталық реттеу, валюталық бақылау саласындағы саясаттың негізгі қағидалары туралы келісімге қол қойылған. Сонымен бірге 2020 жылға дейін арналған ТМД елдерінің теміржол көлігін стратегия­лық дамыту концепциясы туралы тұжы­рым­дама бекітілген. «ТМД-дағы Еркін сауда туралы келісім – бұл елдеріміздің дамуы үшін жаңа бағыт. Еркін сауда аймағын құру туралы келісім ТМД елдері арасындағы сауданың дамуын ынталандыруға, сондай-ақ ТМД-ға мүше барлық елдерге инвестиция тартуға көмектеседі. Бүгін мемлекет басшылары берген тапсырмаға сәйкес, мақсатты және еркін шешім қабылданды, біз осы маңызды құжаттың қол қойылуына жол таптық», – деп мәлімдеді К.Мәсімов ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихаты барысында.
РФ Премьер-министрі В.Путин атап өткен­дей, ТМД шеңберіндегі еркін сауда аймағы туралы келісімшартқа Достастыққа мүше сегіз елдің үкімет жетекшілері қол қойды, яғни Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Молдова және Тәжікстан. Әзірбайжан, Өзбекстан және Түрікменстан келісімшартқа қол қойған жоқ. «Делегация жетекшілерінің өтініші бойынша, олар келісімге жылдың соңына дейін қосылу мүмкіндігін зерттеп көрмек», – деді В.Путин. Оның пікірінше, еркін сауда аймағы дегеніміз – өзара сау­дада тауарлардың толып жатқан түрлерінен экспорттық баж салығын алып тастаймыз деген сөз. Бұл тауарлардың ортақ нарыққа арзандау бағамен түсіп, жаңа коопера­циялық кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік береді.
Еркін сауда аумағын құру ДСҰ принцип­тері мен нормаларына қайшы келмейді. Осы келісімге қол қойған бірнеше мемлекет – Қырғызстан, Армения, Украина, Молдова ДСҰ-ға мүше елдер болып саналады.
Сондай-ақ кеше Қазақстан Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборда ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырыстарына қатысты. Онда әлемдік қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге бағытталған бірлескен шаралар жоспары­ның орындалуы, сонымен қатар қоғамдас­тық­тың жаңа органы – ЕурАзЭҚ сотын құру мәселесі қаралды.
Сонымен бірге Үкімет басшылары дең­гейіндегі Кеден одағы Жоғарғы орга­нының отырыстары барысында Бірыңғай эконо­ми­калық кеңістік құру туралы декларация жобасын қарау, Кеден одағы комиссиясы туралы келісім жобасының келісілу барысы және өзге де мәселелер талқыға салынды.
Кеден одағы елдерінің үкімет басшылары интеграцияның жаңа деңгейі туралы құжат жобасын талқылады. Үкімет басшылары деңгейіндегі Кеден одағы кеңесінде Қырғызстанды Кедендік одаққа қосу туралы мәселе қаралды. Кеден одағына мүше мемлекеттер Қырғызстанның ұйымға қосылуын қолдап, бұл бойынша жұмыс тобы құрылатын болды. Қырғызстанның Премьер-министрі Өмірбек Бабанов Кедендік одаққа өз елінің қосылуын қолдағаны үшін алғыс білдірді.

Алаш-анықтама
Қазіргі таңда Достастыққа бұрынғы кеңестік 15 республиканың 11-і кіреді (1993-2009 жылдар аралығында ТМД-ға кірген Балтық жағалауы елдері мен Грузиядан басқа). Достастықтың жалпы аумағы 22 млн шаршы шақырымды немесе Жердің 1/6 бөлігін алып жатыр. Достастық ел­дерінде 282 млн адам, яғни Жер халқы­ның 4,5 пайызы тұрады. Әлемдік мұнай қорының – 20 пайызы, табиғи газдың – 40 пайызы, көмірдің – 25 пайызы, орман-тоғайдың –25 пайызы, орны толатын су ре­сурс­тарының 11 пайызға жуығы, егіс­тік жердің 13 пайызы Достастықтың үлесіне тие­сілі. Әлемдік электр қуаты өндірісінің 10 пайызы Достастық аумағында өндірі­леді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста