Тоқаев бірқатар адамды наградтады
Мемлекет басшысының жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар тұлғалар марапатталды
Текст:Мемлекет басшысының жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар тұлғалар марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
IІ дәрежелі "Достық" орденімен:
Ким Гера, "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ Азия зерттеулер институтының директоры;
Ким Константин Станиславович, "Коре ильбо" республикалық газетінің бас редакторы.
"Құрмет" орденімен:
Бугинас Бронислав Казисович, Lituanica литвалықтар ҚБ мүшесі;
Микаелян Наринэ Гамлетовна, "Наири" Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары.
"Шапағат" медалімен:
Кан Алина Александровна, "Сөйле" тілдесу клубының қазақ тілінің оқытушысы;
Останькович Дмитрий Валерьевич, "Радима" беларусь мәдени орталығы" ҚБ төрағасы;
Тумгоев Юсуп Лом-Алиевич, "Вайнах" шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы" ЗТБ мүшесі.
Сонымен қатар, Костенко атындағы шахтаның тау-кен жұмысшысы Даниель Дильге, блогер Иван Червинскийге және Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы достық елшісі Оборон-Туар Малгожатаға Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жарияланды.