Тоқаев мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 маусымда Сенат қабылдаған мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
"Заң жобасының мақсаты - мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ құқықтық қатынастарды реттеу кезінде іс жүзінде туындайтын олқылықтарды жою", - делінген еді Сенат қаулысында.
Заң орталық мемлекеттік орган ведомствосы өткізетін ішкі конкурстарға орталық мемлекеттік органның басқа ведомстволарының және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысу құқығын береді және тағы басқа.