"Иран мен Ресейге айтамын: қай ел мыңдаған кінәсіз балалар мен әйелдердің өліміне байланысты болғысы келеді?
Бір-бірін қолдайтын әлем мемлекеттері өзара дос саналуы мүмкін. Алайда ешбір ел аяусыз жауыздар мен қылмыскерлерге толы мемлекетті қолдау арқылы ештене де ұтпайды", - деді АҚШ басшысы.
Дональд Трамп Путиннің бес жыл бұрын берген уәдесінде тұрмағанын айтты. Ресей президенті Сириядағы химиялық қаруды жоюға сөз берген болатын.
"Бүгін ұйымдастырылған соққы Ресейдің сөзінде тұрмау шарасыздығының нәтижесі болды. Ресей маңызды шешім қабылдауы тиіс: не қисық жолмен жүруді жалғастырады, не әлем тұрақтылығы үшін барын салып жүргендерге қосылады", - деп кесіп айтты ол.
Сөз соңында ол Иран мен Ресеймен арадағы қатынастың жақсаратындығына үмітті екенін айтты.
Алайда, Конгресс келісімін алмаған Трамптың соққы жасау шешімін АҚШ сенаторлары заңсыз деп санап жатыр.
Cондай-ақ әуе шабуылы жөнінде Ресейдің Сыртқы істер министрлігі пікір білдірген болатын.