Тұлға туралы туындылардың тұсауы кесілді

Тұлға туралы туындылардың тұсауы кесілді

«Өлілердің арасында тіріден де тірісі бар, сондай-ақ тірі бола тұра, өліден де өткені бар». Осы сөздің растығына, бақилық болғаннан кейін тірі кезіндегіден атағы тіпті еселей түсіп, мәңгілік өмірге ие болатындарды көргенде көз жеткіземіз. Солардың бірі – биыл 100 жылдық мерейтойы тойланып жатқан, қазақтың біртуар ұлы, заманның заңғар тұлғасы Дінмұхаммед Қонаев.
Түрлі іс-шараларға арқау болып отыр­ған бұл мерейтой қарсаңында сондай-ақ ер­теңгі ұрпаққа ұлағат боларлық Қонаев ақсақалдың күллі өмірін арқау еткен «О моем времени» және «Өтті өмір осылай» атты ғұмырдерек кітабы мен фотошежіре альбомы жарық көрді. Фотоальбом ҚР Бай­­ланыс және ақ­парат министрлігі және мұ­рағат комитеті «Әдебиеттің әлеу­мет­тік ма­ңызды түрлерін басып шығару» бағ­дар­ла­масы бойынша «Алматыкітап» бас­­па­сынан жарық көрді. Ерекше айта кетер­лігі, аталған альбомның тек фото­су­рет­терден ғана емес, оның әрбіріне түсін­дір­ме өз ал­ды­на, сондай-ақ Димекеңнің тұстастары, туыс­тары, сол кезеңдегі түрлі қоғам қай­рат­керлері, өнерпаздары және тағы басқалардың осы бір ғажап тұлға жайлы естеліктері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген.
Ал 500 беттен тұратын екі естелік кітап­қа келсек, автор, яғни Дінмұхаммед Қо­наев «О моем времениді» өз қолымен хат­қа түсіріп кетсе, оны қазақшаға еркін ау­да­рып, автордың ықыласымен кеңейтіп, әде­би редакциясын жасаған белгілі қалам­гер, журналист Серік Әбдірайымұлы.
Өмірі жайлы кітабында Дінмұхаммед Ах­метұлы дүниеге қалай келгенінен бол­маса да, Қазақ елін басқару секілді жауапты қызметке кіріскеннен бастап өмірін баян­дайды. Негізінен, оны тұлға өмірі деп қана қа­расақ, қателесер едік, себебі ол – ел тари­хын, халықтың қилы кезеңдерде көр­ге­нін түгел дерлік қамтитын тарихи дүние. Және ең басты ерекшелігі – ол әлдебір та­рих­шының тарихи қолжазбаларға, біреудің естелігіне сүйеніп жазғаны емес, кө­зі көрген, сол оқиғалардың бел ортасында, кезінде ол тарихтың қай бағытқа бұры­ла­тынына тікелей мұрындық болған тұлғаның өз қолымен жазылғандығында. Және кітап би­ліктен кетіп, қалыпты өмірге келіп, сон­дай-ақ қарттық кемелдікте жазылған соң, онда көпірме сөз емес, «кезінде мен былай еттім» деп мақтану да емес, тіпті қателескен кездерін де мойындайды. Мәселен, «Мен 25 жыл ел басқардым. Әр жылда бір қа­те­лік жібермеуім мүмкін емес. Есептеңіздер, мен 25 жылда 25 қателік жіберіппін. Қазақ­станды аралағанда елдің жағ­дайы­мен та­нысып қоймай, ішімнен «қателігімді ке­­шіріңдер» деп халқымнан, Алла таға­ла­дан іш­тей кешірім сұрап жүрдім. «Қате­лес­тім» деп газетке жазуым немесе ауызша ай­туым мүмкін бе? Олай етсем, елді бас­қару қиын. Тәртіп солай», – дейді бір тұсында. Бұл – Қазақ­стан Ком­му­нистік партиясының Ор­талық Комитетінің бірін­ші хатшысы өз қо­лымен жазған «Өтті өмір осылай» кіта­бынан. Еңбегін ав­тор былай түйін­дейді:
«Биікке көтерілдім, бірақ халықтан ала­са екенімді ұмытпадым. Қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің түбінде ора­­лар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Ба­сар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем, қадірімнің кетпесін біл­дім. Панаң да, данаң да – ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім. Өздеріңіз оқыған жолдар – бұл мен өткен кешу, мен асқан асу емес, халқымның ұлы көші қал­дырған ке­руен жолы, өшпес ізі, өлмес мұ­расы. Ер­дің қайратынан елдің қайраты ас­қан заман. Мен соны баяндап қана бер­дім».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста