Ұйымның атауы мен эмблемасы өзгермек

Ұйымның атауы мен эмблемасы өзгермек

Кеше Астанада Ислам Конференциясы Ұйымының бас хатшысы Экмелдин Ихсаноглыны қабылдаған сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ИКҰ Сыртқы істер министрлер кеңесінің 38-сессиясына дайындық барысын талқылап, күн тәртібін бекітті. «Іс-шараға дайындық жан-жақты талқыланды. Экмелдин Ихсаноглуының дайындық шараларына көңілі толып, өте жоғары баға берді», – деді Ержан Қазыханов кездесуден кейін.
Ұйымның бас хатшысы сессия кезінде талқыланатын мәселелердің ауқымы кең екенін айтады. «Күн тәртібінде барлық дәстүрлі мәселелер талқыланбақ. Атап айтсақ, Палестинаның, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы алмағайып өзгерістер, Сомали, Ауғанстан секілді елдердегі үмбеттердің өзекті мәселелері қаралмақ», – дейді ол.
Бүгінгі сессияның ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қаты­сып, сөз сөйлемек. Осы іс-шараның шеңберінде Қазақстан осынау белді ұйымға 2011-2012 жылдар кезеңінде төрағалығын бастайды. Сессия соңында Астана декларациясы мен мұсылман әлемі үшін аса маңызды мәселелерге қатысты 100-ден астам қарар қабылдануы жоспарлануда.
Ал осы мәжіліске 154 делегация шақырылыпты. Соның бүгінде 124-інің қатысатыны анық. Ұйымға мүше 56 мемлекеттің 56-сы да қатысатындарын растады. Сондай-ақ 40-қа жуық министр мен министрлер орынбасары келуі кү­тілуде. Бәрін қосқанда, қатысушылар мен БАҚ өкілдерінің жалпы саны мыңға жетеді.
ИКҰ-ға төрағалық теңгенің арнайы банкнотымен айшықталды
Айтпақшы, кездесуден соң журналистерге арналған брифингіде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқов Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету құрметіне арналған номиналдық құны 1000 теңгелік ескерткіш банкноттың таныстырылымын жасады. Он миллион данамен шыққан банкноттың бір жағында Қожа Ахмет Ясауидың күмбезі мен ИКҰ-ның эмблемасы және еліміздің Туы мен Елтаңбасы бейнеленген. Ал Ту сыртында Қожа Ахмет Ясауидың кесенесі салынған. Бисенғали Тәжияқов аталмыш банкнот­тардың бір-бір данасын Экмелдин Ихсаноглуы мен Ержан Қазыхановқа сыйлық ретінде табыстады. Сыйлықты қабыл алған түрік бауырымыз: «Қырық жылдан астам уақыт жасап келген ИКҰ-ның эмблемасы мен Қожа Ахмет Ясауи секілді сопылық жолдың шайырын тарихта мәңгі қалдыру салтанатты шарасына қатысу мен үшін үлкен мәртебе болып тұр», – деп ағынан жарылды.
Осы жерде айта кету керек, бүгінгі сессия барысында ұйымның атауы мен эмблемасы ресми түрде өзгермек. Бұл өзгерістерді ұйым жаңғыруының бастамасы деуге болады.
Тағы бір жаңалық – Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымы төрағалығының басталуына орай арнайы вебсайт ашыпты. Интернеттегі мекенжайы – www.oic2011-2012.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста