Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында

Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында

Әрбір мемлекеттің келешегі мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» дегені бізге жарқын істерге апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде, бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Қазақтың атақты ақыны Әбділдә Тәжі­баев атамыз «Бүгін үйрен жалаңаяқ шоқ басып, Ертең өртке лақтырса да күймеуге» деп жырға қосқандай, қазіргі таңда уақыт талабынан туындаған замана сұранысына сай ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздар мен ата-ананың басты міндеті. Бүгінде жан-жақты білім аламын дейтін жасөспірімге мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Кез келген ата-ана өз баласының бірнеше тіл меңгеріп, болашақта жан-жақты, бәсекеге қабілетті білікті маман болғанын қалайды. Ал мұндай жетістікке жетер жолдың бастау бұлағы – мектеп, сол мектепте берілген білім жеткіншектің бар тірлігінің қайнар бастауы болып табылады.
Білім және ғылым министрлігінің мектеп табалдырығын аттаған балаларға келесі жылдан бастап ағылшын тілін оқыту реформасы құптарлық іс екені даусыз. Өйткені аталмыш реформа уақыт талабына сай шара, болашаққа батыл қадам жасауға негізделген бірден-бір оңтайлы шешім екенін бүгінде ата-аналар қауымы мойын­дап отыр. Себебі бүгінгі күні кез келген халықаралық деңгейдегі мектептерде, Назарбаев зияткерлік мектептеріне, Назарбаев университетіне, Гарвард, Кембридж, Оксфорд сияқты оқу орында­рына түсу үшін негізгі бағыттық пәндермен бірге басты кезекте ағылшын тілі талап етілетіндігі белгілі. Сол талапқа сай болу үшін оқушы да қажетті деңгейде білім алуға барынша талпынуы керек. Қай ата-ана өз баласының ең таңдаулы мектепте оқып, өз уақыты, заманы талап етіп отыр­ған білім нәрімен сусындап, қажетті тілдер­ді меңгеріп, биіктен жарқырап көрінгенін қаламасын? Сондықтан болашақта бала­лары­мыз көп тіл біліп, еліміздің намысын қорғап, биіктен көрініп жатса, ата-ананың мұраты, елдің сенімі ақталғаны деп білейік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста