Ұлттық бірліктің негізі не?

Ұлттық бірліктің негізі не?

Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХV сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Ұлттық бірлік доктринасы төңірегінде өз ойларын ұсынған болатын. Әсілінде, концептуалдық-теориялық және практикалық мәні зор жария саясаттың бағыты ретінде саяси доктрина әр жерге тоғытыла бермейді. Қиын-қыстау заманда қазақтың дарқан даласы, кең пейіл қасиеті, достығының өзі осы кезге дейін жазылмаған доктринаның рөлін атқарып келді. Елбасы ұсынған ұлттық бірлік доктринасының сұлбасы қоғамдық пікірге қозғау салып, сан түрлі ұсыныс-пікірлердің негізінде пысықталатыны анық. Олай болса, ұлттық бірлік доктринасының пошымы турасындағы өз ой-пікірлерімізді іркіп қалуды жөн көрмедік.

Елбасы ұлттық бірлік доктринасына байланысты үш сұрақ қоя отырып, оған жауап береді. Мәселен, «ұлттық бірлік деген не, неге бізге ұлттық бірлікті нығайту маңызды, ұлттық бірліктің негізі не болып табылады» деген сауалдарға жауап іздейді. Ұлттық бірліктің негізін құрайтын үш тұғыр: ортақ тарихымыз, барлық қазақстандық этностар үшін ортақ құндылықтар және ортақ болашағымыз екеніне кеңінен тоқталды. Бұл айтылғандар талас туғызбайды. Дегенмен ұлттық бірлік доктринасының төркіні мұнымен шектеліп қалмаса керек. Көрші Ресейде «Орыс доктринасы» қызу пікірталасқа түсіп барып әзірленді. Сол доктринаны оқып отырсақ, көпұлтты Ресейдегі доктринаның діттегені – орыс ұлтының қамы, «орыс социумын қалай көгертеміз» деген мәселе екен. Федеративті елде басқасы екінші қатарға ысырылған. Елбасы меңзеген ортақ тарих, ортақ құндылық, ортақ келешекті мемлекет құраушы ұлтпен байланыстырмау мүмкін емес. Өзге ұлт өкілдерімен ортақ тарихымыз отарлау дәуірінен басталады. Қазақтың тарихы тас дәуірімен, қола дәуіріндегі андронов мәдениетімен сабақтасып жатыр. Қазақ жерінен дәм-тұз бұйырған өзге ұлт өкілдерінің бүгінгі ұрпағы ертеңін қазақтың келешегімен тығыз байланыста қарау керек. Өткен-кеткен тарихта өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға еріксіз депортацияланғанын, отарлық режимнен зардап шеккенін өздері мойындайтынын ескерсек, қазіргі тәуелсіздік кезеңде сол баяғы отарлық жүйенің сарқыншақтарын атымен қабылдамауы, тәуелсіз елдің ұлттық құндылықтарын қадірлеуі керек. Сондықтан ұлттық бірлік доктринасын әзірлеуде қазақтың төл тарихы, ұлттық болмысы мен ерекшеліктерін ескерген жөн.

untitled-168

Ұлттық саясат мазмұны жағынан гуманистік немесе антигуманистік, интернационалдық, ұлттық және ұлы державалық шовинистік деп бөлінеді. Ал Қазақстанда ұлттық саясаттың интернационалдық мазмұны басым. Ал саясат ұлттық сарынға ойыспай, ұлттық бірлік болуы мүмкін емес.

Қит етсе, ұлттық саясат жүргізуде АҚШ, Канада, Австралия секілді елдердің тәжірибесін басшылыққа алғанға әуеспіз. Алайда бұл елдерде мемлекет құраушы ұлт факторы жоқ екені, оның есепке алынбайтынын ескердік пе? Ал Қазақстан халқы олар сияқты ойдан-қырдан қашқандардан құралған иммигрант-халық емес қой. Демек, бұл елдердің ұлттық саясаты бізге идеал бола алмайды екен. Одан гөрі қазіргі мемлекетіміздің даму ерекшелігіне қарай, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Балтық елдерінің тәжірибесі бізге жақын. Жасыратыны жоқ, бұл елдерден ұлттық үдерістер бойынша көш кейін қалдық. Қазіргі Қазақстанның ұлттық саясатына неше түрлі терминдер ойлап тауып, саяси технологиялар әзірлеудің қажет шамалы. Тек мемлекеттің ұлттық саясаты ұлттық үрдістерге ілесіп отырса жеткілікті. Бұл үшін ұлт саясатына стратегиялық айқындық пен динамикалық пайым керек. Қазіргі ауызекі жиі айтылатын «көпұлтты Қазақстан» деген ертең саяси мәнге ие болса, елге кесірі тиюі кәдік. Өйткені Батыс ұғымында «ұлт» сөзі «мемлекет» ұғымымен мәндес. Олай болса, «көпұлтты Қазақстан» дегеніміз «көпмемлекетті Қазақстан» болып шықпай ма? Сондықтан Қазақстанды көпэтникалы деп атау қисынды сияқты. Аса нәзік ұлттық саясатты дұрыс жүргізу үшін, ең алдымен, мемлекет құраушы ұлт – қазақ феноменін зерделеп алған жөн. Өйткені қазақ феномені сапалық және сандық жағынан ұлттық үрдістердің локомотивіне айналды. Бүгін 67 пайыз болған қазақ бір жылда 1,5-2 пайызбен демографиялық өсімге қол жеткізіп отырады да, 70%-ға жетіп барады. Қазақтың ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрлері мен дүниетанымы қазіргі қоғамдық қатынастардың өзегін құрайды. Ал бұл факторларға көз жұма қарау мүмкін емес. Демек, қазақ феноменінің мәнін ұғыну арқылы ғана ұлттық бірлік доктринасын жасауға болатын сияқты.

Ой-тұжырым
Түйіндей айтқанда, “шеге тағаны көтереді, таға тұлпарды көтереді, тұлпар ер-тұрманды көтереді, ер-тұрман ер-азаматты көтереді, ер-азамат елінің абыройын көтереді» дегендей, Қазақстанды қазақ ұлты көтереді дегенге ешкім дауласпаса керек. Өйткені қазақ ұлтынсыз татулықтың тұзы жеңіл болмас.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста