Үш жылда 315 миллион салған: депутат құмар ойынға тәуелді болғандардың оқиғасын бөлісті

Үш жылда 315 миллион салған: депутат құмар ойынға тәуелді болғандардың оқиғасын бөлісті

Өткен аптада, 12 сәуірде Парламент Мәжілісінің депутаты, RESPUBLICA партиясы фракциясының мүшесі Руслан Берденов қазақстандықтар арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселесін көтерген болатын. Депутаттың Instagram-дағы оқырмандары осы уақытқа дейін құмар ойынға алданып, қанша салғанын бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратураның деректеріне сәйкес, 2022 жылы 157 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Оның 20 пайызы немесе 31 мыңнан астамы құмар ойындар негізінде жасалған. Қазіргі уақытта түзеу мекемелерде бір сотталғанды ұстауға күніне 5 800 теңге жұмсалатынын, жылына 2 миллион 200 мың теңге шығын келген. Осындай құмар ойындарының себебінен түзеу мекемелерінің шығыстары жалпы 76,3 миллиард
Сонымен қатар, 2022 жылғы статистикалық деректерге сәйкес, 3 676 адам суицид жасаған, оның әрбір бесіншісін құмар ойындарға тәуелді адам жасаған.

Руслан Берденовтің Instagram-дағы оқырмандары осы уақытқа дейін құмар ойынға алданып, қанша салғанын бөлісіп жатыр. Мысалы, оқырмандарының бірі еліміздегі ең ірі екі букмекерлік кеңсеге 23 миллионға жуық қаржы жұмсаған. 

 

Тағы бір оқырманы екі букмекерлік кеңсеге 10 миллионнан аса қаржы жұмсаған. 

Депутаттың тағы бір оқырманы оқиғасын бөліскен. Оның сөзінше, үш жылда букмекерлік кеңселерге 700 мың доллардай берген. Бұл қазіргі доллар бағамымен есептегенде 315 700 000 теңге. Оқырман бұл тәуелділігенін оңалту орталығына жатып емделіп қана арылған.

Сондықтан депутат Руслан Берденов ресми сауалында бірнеше ұсыныс жасаған болатын. Оның ішінде, біріншіден, заңнамалық деңгейде барлық ақпараттық алаңдарда (ТВ, радио, сыртқы жарнама, билбордтар және т.б.) осындай ұйымдарды жарнамалауға толық тыйым салуды ұсынды. Сонымен қатар, интернетте құмар ойындарды бұғаттау үшін интернет-контентті шектеу бойынша ең озық жүйелердің бірі ретінде Қытай Халық Республикасының тәжірибесін зерделеу қажет екені айтылды. 

Одан бөлек, депутат банктік карталар, POS-терминалдар, ұялы байланыс операторлары арқылы ойын шоттарының төлемдерін қабылдауға тыйым салуды ұсынды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста