Ұшқыр «арғымақтарды» шығаратын «Тұлпар-Тальго» зауыты іске қосылды

Ұшқыр «арғымақтарды» шығаратын «Тұлпар-Тальго» зауыты іске қосылды

Астанада жоғары жылдамдықты жолаушылар вагонын жасайтын «Тұлпар-Тальго» зауыты ашылды. Ашылу салтанатына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрастырылып біткен алғашқы төрт вагонды көрді.
Зауыт халықаралық сапа стандартына сай жобаланып са­лынғандықтан, бұған тең келетін ТМД елдерінде зауыт жоқ екен. Зауыттың жалпы ау­мағы – 21 гек­тар, ал өндіріс­тік орны 31 мың шаршы метр бо­лады. Зауыт аймағындағы темір­­жол­дың ұзындығы 4,2 ша­қырым.
Зауыттың жылына 150 ва­гон шы­ғаратын қуаты бар. Ал жа­салған вагон­дар­дың конс­трук­циялық жылдамдығы са­ға­тына 200 шақырым. Қа­зақ­стан­ның кли­матына сәйкес­тен­діріп жасалған ва­гондар жо­лаушылар үшін жайлы, қауіп­сіз­дігі де жоғары деңгейде.
Зауыттың іске қосылуына байланысты 366 жаңа жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. Зауыт қызметкерлерінің ай­­туынша, техникалық ма­мандар Испания­да оқытылуда. Әзірге 30 маман оқып ке­ліп, вагон құрастыру және сынау ісі­не бел­сенді атсалысып, қыз­мет­теріне кірісіп кет­кен. Бұл ва­гон­дардың табаны темір­жол­да­рымызға тисе, өңіраралық ба­ғыт­тар­ға жөңкілетін пойыз­дар­дың жүру уа­қыты екі есеге де­йін қысқарады деген үміт бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста