«Халық көп болған жерде әлеуметтік мәселелер де аз болмайды»

«Халық көп болған жерде әлеуметтік мәселелер де аз болмайды»

Әрине, «Сарыағаш» брен­­дін иеленіп, емдік қа­сиеті бар минералды суы­­мен, шипа іздеген жұрт ем қа­­былдап, демалып қайтатын ши­пажайымен республикаға танымал Сарыағаш ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысын­да­ғы халқы тығыз орналасқан ең үлкен аудандардың бірі. Рес­публиканы көкөністің бір­­неше түрімен қамтамасыз етіп отырған өңірдің әлеу­мет­тік-экономикалық әлеуетін бі­лу, өзгелерге өнеге ету үшін ау­­дан әкімі Әбдібақыт Ма­құл­баев мырзамен сұхбаттасқан едік.

– Әбдібақыт Тілләбайұлы, әңгіме­міз­ді ауданның әлеуметтік-эконо­ми­калық ахуалынан бастасақ. Қандай же­тіс­тік­те­ріңіз бар?
– 300 мыңнан астам халқы бар Са­ры­ағаш – облыстағы үлкен аудандардың бірі. Ау­данда 154 елді мекен бар. Әрине, халық көп болған жерде әлеуметтік мәселелер де аз болмайды. Сондықтан оларды шешу – жұ­мысымыздың басты бағыты. Сондай-ақ об­лыс әкімі Асқар Исабекұлының қатаң та­лаптары да осы. Халықтың тұрмысын же­ңілдету үшін, қордаланған мәселелерді бір­жақты ету үшін экономикалық қуа­ты­мызды арттыруымыз қажет. Шығыс көп бол­ғаннан кейін, кірісті де ұлғайту заң­дылық. Жалпы, өткен жылы бірқатар шар­уа­ларды атқардық деп айта аламыз. Са­ры­ағаш – елімізге емдік қасиеті бар суымен та­нылған аудан болға­нымен, таза ауыз­сумен қамтамасыз етілуі жа­ғынан төмен ау­дан. Былтырғы жылдың есе­бін қоса ал­ған­да, 154 елді мекеннің 60-ына құбыр­лы таза ауызсу жеткізіліп, халық игілігін көріп отыр. Бұл – «Ақ бұлақ» бағ­дарламасының аясында жасалған жұ­мыстар. 2017-2018 жылдары 154 елді ме­кен­нің экономикалық жағынан тиім­­­сіздерінен басқасын толық қамтамасыз ету межесін қойып отырмыз. Оның үстіне об­лыс әкімінің өкімімен әрбір елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық карталары ж­а­салынып жатыр. Осы бойынша қай елді ме­кенге қандай әлеуметтік нысан қажет еке­­нін сараптап, тиісті жұмыстар ат­қар­мақ­пыз. Жоғарыда айтып өткенімдей, 154 елді мекенді таза ауызсумен қамту мә­селесі де осы жобаның шеңберінде жа­салмақ. Бізде ауызсуға қатысты проб­ле­ма жерасты суларының минералды болуынан. Алдағы уақытта жерасты суларына зерттеу жүргізіп, тиімді жағын қарастырмақпыз.
– Ал ауданды көгілдір отынмен қам­­тамасыз ету жағы қаншалықты шешілген?
– Бүгінгі таңда 154 елді мекеннің 52-сі газбен қамтамасыз етілген. Яғни газбен қамту мөлшері 35 пайызды құрап отыр. Биыл газдандыру жөніндегі жобалар бо­йынша бес ауылдық округтің 25 елді ме­кенін 2015 жылы көгілдір отынмен қам­та­масыз етуді көздеп отырмыз. Сондай-ақ Сарыағаш қаласында демографиялық өсім жоғары. Халық саны өсіп келеді. Қа­ланың маңайынан мөлтек аудандар бой кө­теруде. Оларға да 40 млн теңге кө­ле­міндегі қар­жыға газ тарту жобасы іске ас­пақ. Сонымен қатар басқа да әлеуметтік ны­сандарға келе­тін болсақ, білім мен ме­дицина ошақ­та­рының жағдайына тоқ­та­луға тура келеді. Былтыр ауданда 600 орындық төрт мектеп және  300 орындық, 100 орындық екі мек­тепті қосқанда, жалпы саны алты мектептің құрылысы аяқталып іс­ке қосылды. Сондай-ақ алты медицина ме­кемесі салынды. Оның төртеуі фельд­шер­лік-амбулаториялық пункт болса, екеуі дә­рігерлік амбулатория. Және былтыр Абай ауылында құрылысы 2004 жылы бас­талып, аяқталмай тұрған 150 орындық ау­рухананы іске қостық. «Жұ­мыспен қам­ту» бағдарламасының төртінші бағыты бо­йын­­ша 26 жобаны іске асырдық. Осы бағ­дар­лама аясында ауылдардағы мәдениет ошақтары, мектептер, жолдар күр­делі жөндеуден өтті. «Балапан» бағдар­лама­­сы­ның аясында да балабақшалар салы­нуда. Мем­лекеттік балабақшалар, шағын орта­лық­тар және жекеменшік бала­бақшалар жұмыс істеп тұр. Жалпы, ауданда 66 жекеменшік балабақша бар. Соның 45-і был­тыр ашылған болатын. Осының нә­ти­жесінде аудандағы мектеп жасына де­йінгі балалардың 60,3 пайызын бала­бақшамен қамтыдық. 
– Осы жерде бір сұрақ туындап отыр. Бір кездері басқа мекемелерге бе­ріліп кет­кен балабақша ғима­рат­та­рын қай­та­рып алу жұмыстары еліміз бо­­йынша жү­зеге асып жатыр. Сары­ағаш ауда­нын­да бұл шаруа қалай атқарылуда?
–  Иә, біз де бұрындары беріліп кеткен ба­лабақша ғимараттарын қайтарып алу жұ­мыстарын бастап кеттік. Біз шекаралық ай­мақ болған соң кезінде балабақша ғи­ма­рат­тары шекараға застава ретінде бе­рілген. Қа­зір олар жаңадан заманауи зас­та­валар са­лып жатыр. Олардың құрылысы аяқ­тал­ған­нан кейін бірнеше балабақша ғи­ма­ратын толық қайтарып алатын бо­ламыз. Со­нымен қатар бұрынғы колхоз, сов­хоз­дар­дың кеңселерін де қайтарып алып, ба­лабақшаға айналдырып жатыр­мыз.
– Үдемелі индустриалды-иннова­ция­­­­лық бағдарлама шеңберінде жа­са­лып жатқан жұмыстарға да тоқ­талып өтсеңіз...
– Елбасы кәсіпкерлік саласына ерекше кө­­ңіл бөліп отыр. Әрине, ол бекер емес. Елі­­мізде кәсіпкер көп болса, халық ара­сында жұ­мыссыздық деңгейі төмендесе, мем­­ле­кет­тің де, онда тұратын жұрттың да жағ­­дайы жақ­сы болады деген сөз. Қазіргі таң­да ауданда кәсіпкерлік субъектілердің саны 20 мыңға жуықтады. Олар өткен жы­лы 15 млрд теңгенің өнімін шығарды. Біз­дің мін­де­тіміз – кәсіпкерлерге қаржы көз­де­рін та­уып беріп, түсіндіру жұмыстарымен қатар, бас­қа да жағдайларын жасау. Осы мәсе­ле­лерді шешу үшін облыс әкімі Ас­қар Иса­бек­ұлы Кәсіпкерлікті қолдау ор­та­­лығын ашты. Орталық жақсы қызмет көр­­сетіп жатыр. Көптеген кәсіпкерлердің ор­талық жайлы пікірі де дұрыс. Біздің ау­дан­да Кәсіпкерлерге қы­з­­мет көрсету ор­та­лы­ғы­ның өкіл­дігі ашыл­ған. Аудан кә­сіп­кер­­леріне көп сеп­­тігі тиіп отыр. Тағы бір ма­­­ңызды жоба – Үде­ме­лі ин­­дус­триалды-ин­но­вация­лық да­му бағдарламасы. Біз­дің ау­­­дан өңірлік Ин­дус­трия­­лан­­ды­ру кар­та­сына тоғыз жо­ба ұсынды. Олардың жал­­­пы құны 7 млрд 587 млн теңге болады. Со­ның же­теуі Ин­дус­трия­лан­дыру кар­­­та­сы­на еніп отыр. Бұл же­ті жоба іске асқан жағ­дай­­да 426 жұмыс орны ашы­лады. Осы жо­балардың бі­реуі наурыз айында іске қо­­­сы­лып үлгерді. Ол – Дар­ба­за ауылдық окру­гін­дегі «Сарыағаш» құс фа­бри­касы. 42 мың бас құс өсі­реді. Жы­лына 12,5 млн да­­на жұ­мыртқа шығаратын қуа­­ты бар. 25 адам жұмыс істеп жатыр.  Жоғарыда айт­­­қан жеті жобаның тағы бе­сеуін биыл іске қосамыз деп отырмыз.
– Әбдібақыт Тілләбайұлы, енді ауыл­­­шаруашылық са­ла­сына қарай ойыс­­сақ. Ел бо­йынша ең жылыжайы көп аудан Сарыағаш екенін біреу білсе, бі­­реу білмес. Жылыжайлардың жайы қа­лай?
– Дұрыс айтасыз. Бүгінгі таңда ауданда мың­­ға жуық жылыжай бар. Дәл қазір ол жы­лыжайларда өндірілген қызанақ пен қияр тұтынушыларға жол тартты. Рес­пу­бли­каны қамтып отырмыз десек артық айт­қандық емес. Ең бірінші өзіміздің на­рықты қамтамасыз етіп алуымыз керек. Егер ар­ты­лып жатса, сыртқа да шы­ға­рар­мыз. Был­тыр­ғы жылдың өзінде 44 гектар жерге са­лынып, жылыжайлардың саны артты. Жы­­лыжай өнімдерін сәуір, мамыр ай­ла­рында жинап боламыз, сосын күзде бір егіп, жаңа жылдың қарсаңында тағы жинап ала­мыз. Жылына екі рет өнім алатын мүм­кіндіктер толық қарастырылған.
– Жерден өнімді мол жинаймыз. Оған қуанамыз. Бірақ қыста сақтай ал­май, қамбаларымыз дайын болмай, рә­суә етіп жататын жағдайларымыз да кез­деседі. Өнімді сақтайтын қой­ма­лар­дың мәселесін шешіп қой­ды­ңыз­дар ма?
– Ауданымызда сыйымдылығы 12 мың тоннадан асатын қоймалар бар. Былтыр екі қойманы іске қостық. Екеуі де заманауи жабдықтармен жасалған. Қоймалар санын әлі де көбейту жоспарымызда бар. Біздің өнімдер қоймада көп сақталмайды, тез са­тылып кетеді. Бір сөзбен айтқанда, қойма жетіспеушілігі жоқ.
– Мемлекет мал шаруашылығын да­мытуға, соның ішінде асылтұқымды мал басын көбейтуге ерекше назар ау­да­рып отыр. Осы мақсатта «Сыбаға» бағдарламасының негізінде жұмыстар жү­руде. Сарыағаш ауданында осы бағ­дарлама қалай жүзеге асып жатыр?
– Сарыағаштың ортасын жарып өтетін кү­ре жолдың бойымен жүретін болсаңыз, ,же­міс-жидек, бау-бақша өнімдері егілген жерлерден аяқ алып жүре алмайсыз. Оның үстіне ауданымыздың халқы өте ең­бекқор. Дегенмен мал шаруашылығын да­мытатын ай­мақтарымыз да жоқ емес. Жылға, Дар­база, Әлімтау, Жамбыл, Бозай, Бірлік деген ауылдық округтеріміз бар. Бұлардың бар­лы­ғында жайылымдық жер көп. Аудандағы мал­дың негізгі бөлігі осы ауылдық округ­тер­де. Жалпы, бүгінгі таңда ауданда 90 мыңға жуық ірі қара мал бар. 500 мыңнан ас­там ұсақ мал, 20 мыңдай жыл­қы, 1000-ға тарта түйе бар. Сондықтан «Сы­баға» бағ­дарламасын іске асыру үшін осы ауылдық ок­ругтерімізде мүмкіндіктер жет­кілікті. Был­тыр бағдарлама бойынша 430 бас аналық мал алдық. Биыл 700 бас аналық ірі қара мал алуымыз керек. Осының бәрін орын­даймыз деп жоспарлап отыр­мыз. Кейінгі кез­де асылтұқымды мал ба­сын арттыруға көп көңіл бөлініп отыр. Мал­ды қолдан ұрық­тандыру бекеттерін кө­бейту, малдың әртүрлі ау­руларына бай­ланысты істелетін тиісті ветеринариялық жұ­мыстарды жолға қою мәселелері күн тәр­тібінде тұр. Басқа аудан­дар­дағыдай Са­ры­ағаш ауданында да вете­ри­нариялық ме­кеме ашылды. Биыл 12 қол­дан ұрық­тандыру бекетін саламыз деген жос­па­рымыз бар. Тиісті құжаттары дайын тұр. Одан ке­йінгі бір үлкен мәселе – жайы­лым­дарды су­ландыру. Облыс әкімінің тапсыр­ма­сымен бұ­рынғы көзі жабылып қалған құдықтарды қай­та іске қосу үшін түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар мал азы­ғы­ның сапасын арттыру мәсе­ле­сі де күн тәр­тібінде тұр. Оны да қолға алып жатқан жа­йымыз бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста