«Халықаралық сауда» рейтингінде соңынан санағанда төрттікті тіреп тұрмыз

«Халықаралық сауда» рейтингінде соңынан санағанда төрттікті тіреп тұрмыз

Doing Business атты рейтингінің «халықаралық сауда» компоненті бо­йынша Қазақстан 182-орында тұр. 185 елдің арасындағы – 182! Біз соңы­нан санағандағы төртікке табан тіреппіз. Озық 30-ды бетке ұстаған ел үшін бұл – еш абырой әпермейтін, мүлдем ыңғайсыз көрсеткіш. Doing Business-тің бұл көрсеткішіне қатысты қаржы министрі мәселе­ні жуып-шайғанымен, сауда-саттық пен кеден төңірегінде біраз былық­тар­дың бары байқалды. Кеше Мәжілісте Үкімет сағаты өтіп, бас қаржыгер Болат Жәмішевтің баяндамасын талқылаған қалаулылар біраз жайттың басын қылтитты.
Бас қаржыгер қарымды Қазақстан үшін бұл тым төмен көрсеткіш екенін бірден мойындайды. Doing Business рейтинг агент­тігінің бұл бағалауы, шындығында, «халықаралық сауда» көрігі қызбай, кері кетіп тұрғанын көрсетеді. Алайда министр сасқан жоқ. «Рейтинг қалыптасатын көр­сеткіш­терді мұқият қарастырсақ, онда мынаны аңғарамыз: Қытай портынан Ал­маты қаласына жеткізілетін бір контейнер үшін 4600 евро шығын кетеді екен. Осының ішіндегі 3000-ға тарта евросы сол Қытай аумағына кететін тасымалға тиесі­лі. Ал қалған сомасы Қазақстан ше­кара­сынан Алматы қаласына дейінгі тасы­мал мен барлық құжаттарды әзірлеуге, рәсімдеуге кететін шығын болып табылады. Біздің заңнамамыз бойынша сыртқы эконо­микалық қызметтерге қатысатындар­дан сұралатын құжаттар тізбесі көп-ақ», – дейді министр Болат Бидахметұлы. Сосын министр рейтингіде, негізінен, мемлекеттік органдардың қызметі бағаланбайтынын айтып ақталды. Бақсақ, көсегемізді көгерт­пей, кері тартып тұрған бұл рейтинг сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін жасалған екен және олар дәл осыны есептегенде Қытай портынан Алматы қа­ла­сына дейінгі жеткізуге кететін болжамды шығындарды мысалға алған көрінеді. Осыны меңзеген министр «шекарадан Алматыға дейін, әйтпесе Алматыдан ауыл­дарға дейін есептесе ғой» деген емеурінін танытып, онда жағдайдың мүлдем басқа­ша болатынын түсіндірмекке тырысты. Қайткенмен, Қазақстан үшін қай рейтинг болса да маңызды. Сондықтан да министр Болат Бидахметұлы үшін алдағы уақыттағы басты міндет сыртқы саудаға қатысатын­дар­ды қағазбастылықтан арылтып, электрондық ақпараттық үдеріске барынша бейімдеу болып отыр. Дәл осы Doing Business-2013 рейтингісіндегі жайтты талқылау барысында депутат Гүлжан Қара­ғұсова да біраз сөз қылып, нақты мысалмен «қағаздан құтылудың» қажеттілігін алға тартқан еді. Бақсақ, шындығында, әлгі рейтинг тауарлар экспорты мен им­порты кезіндегі барлық процедуралардан өтуге кететін уақыттан бастап, құжаттардың санына, сол секілді жалпы шығынға не­гізде­леді екен. «Айталық, Doing Business мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда тауар экспорты үшін 9 құжат пен 81 күн керек. Ал Грузияда экспорттаушы 4 құжат көрсетсе, бар-жоғы 9 күннің ішінде сыртқа шығара береді. Импортта да солай: Қа­зақстанға кіретін тауарға 12 құжат пен 69 күн, ал Грузияда 4 құжат пен 10 күн ғана. Айыр­ма жер мен көктей», – дейді депутат Гүлжан Қарағұсова. Бұдан бөлек, Қазақ­станның экспорты мен импортына қажетті рұқсатнамалар жиынтығы 83-ке жетіп жығылады екен. Ендеше, артынан сана­ғанда төрттік болмай қайтеміз?
Қытайға күнара «өзіме киюге» деп 1000 шәркей алып шығатындардың жолы кесіледі
Ендігі бір түйінді мәселе – кеденнен ке­летін тауар импортының қым-қуытты­ғына қатысты болып отыр. Әлбетте, бұнда да былық-шылықтар аз емес екенін мойын­дайтындар бар. Әйгілі «Қорғас ісі» де осыған дәлел. Екіншіден, базар біткеннің бәрі тауарды заңды жолмен әкеліп жатыр ма? Тұтылғаны миллиардты құрайды, ал ұсталмағаны базардың көркін қыздырып жатыр. «Кеден заңнамасының қолданыс­тағы тұжырымы, негізінен, Қазақстанда жүргізіліп жатқан екі бағыттағы бизнес бойынша қалыптасқан. Оның бірі  импорт пен экспортқа қатысты болса, екіншісі  елдің ішкі бизнесіне байланысты. Жалпы, Қа­зақ­станға келіп кіретін тауар импорты­ның басым бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі. Ал жеке тұлғалардың тауар импорты де­ген­нің өзі шым-шытырық. Мәселен, ше­кара арқылы тауар өтеді, ол бойынша ке­ден төлемдері жасалады. Ал содан соң жеке тұлға қазақстандық ішкі нарыққа ене салып «жоғалып» кетеді. Өйткені заңнама­ға сәйкес, жеке тұлға шекарадан алып өткен заттарын елдің ішкі жағына апарып, кәсіпкерлік үшін сата алмайды. Сондықтан да әлгі шекарадан алынып өтілген бүкіл тауарды бір кәсіпкер немесе кәсіпорын сатып алады да, сөйтіп, түп тарихы импорт­тан басталған тауар қазақстандық нарыққа шыға келеді», – дейді Болат Жәмішев. Оның айтуынша, мұнда бизнес-үдерістегі әкімшілендірудің алшақтығы бірқатар проблемалар тудырады. Министр мұны «еліміздің ішкі нарығындағы тауар айналы­мы импорт пен экспорттық айналыммен сәй­кеспей тұр» деп түсіндіреді. Осының жолын жеңілдету үшін Қаржы министрлігі алдағы уақытта «өтпелі» бақылауды нақты уыста ұстайтын кедендік және салықтық әкімшілендіруді тұтас жасауды қолға алмақ. Бұл үшін уәкілетті экономикалық опе­раторлар жүйесін дамыту көзделеді. Яғни шекарадан өтетін уақ сауда-саттық­тың қызметі де кейіннен бақылауда тұрады. «Бұл қадамның өзі, біздің ойымызша, жеке тұлғалардың сыртқы экономикалық қыз­ме­тке қатысуын дестимулизациялауды қамта­масыз етуі тиіс. Осы бағытта қолда­ныс­тағы заңнамаға өзгерістер енгізіліп қалуы мүмкін. Ал оның аясында «тауарлар­дың коммерциялық топтамасы» термині ай­қындалуы шарт. Мәселен, қазір шекара­дан өтудің қыр-сырын білетіндер «жеке ба­сыма пайдалану үшін» деп күнара мың­даған шәркейді (тапочка) сырттан дорба­лап әкеліп жатыр. Шындығында, «жеке ба­сыма пайдалануға» мыңдаған шәркей­дің өзі әбден артық екені дау туғызбас. Енде­ше, кеден арқылы кіріп-шығатын жеке тұлға әкелетін затын толықтай, тіпті ол 50 келіге жетпесе де, декларациялауы керек. Біз ешқандай тыйым туралы айтып отырған жоқпыз, экономикалық тәсілдерді ұтымды қолдануды айтып отырмыз. Бір сөзбен айтқанда, «өз басыма пайдаланамын» деп күн сайын дорбалайтындар өздерінің «бет пердесін ашып» кәсіпкер ретінде тіркелсін», – дейді министр Болат Бидахметұлы.
Кедендік одақ оффшор үшін таптырмас тетікке айналып барады
Министр мәлімдемесінен соң, қосым­ша баяндама жасаған мәжілісмен Гүлжан Қа­рағұсова қабылданып жатқан шаралар­ға көңіл толмастығын айтып қалды. Ай­туынша, қауқарлы істер атқарылып жат­қан­дай көрінгенімен, кеден саласындағы көш ілгері басқан емес. Осыны алға тарт­қан депутат, бірқатар кем-кетікті тізіп шық­ты. Кедендік органдарда «бір терезе» қа­ғида­тының әлі сөз жүзінде екенін айтып, элек­тронды декларацияның ауылы әлі де алыс­тығын атап-атап көрсетті. Оған дәлел­дің бірін сөз басындағы Doing Business рейтингісінен де көрсеткенбіз. Ал Кедендік одақ­тағы Қазақстанның қызметі жіті һәм барынша жеке назар аударуды талап ететін көрінеді.
Гүлжан ҚАРАҒҰСОВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Кедендік одақ аумағы аз күннің ішін­де-ақ оффшорға қаражат аудару үшін оң­тай­лы схемаға айналып алды. Өйткені Ке­ден­дік одаққа қатысушы-мемлекеттер аума­ғ­ында шекаралық бақылаудың бол­мауы осыған барынша жағдай жасап отыр. Сондықтан да дәл осы олқы тұсты пай­да­ланатын жалған экспортшыларды бақылау аса қиынға соғып тұрғаны айқын. Сол үшін бүгінгі таңда мемлекетүстілік деңгейде, оның ішінде Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы кедендік орган­дар­дың ақпараттық өзара әрекеттесу қажеттігі аса өзектіге айналып барады. Ал мұндай өзара бай­ланыстың болмауы тауарлар декла­рация­сының сапасына да, шекарадағы тауар­ды рәсімдеуге кететін уақыттың созылуы­на да әсер етпей қоймайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста