Жаңа формула: саясат = экономика

Жаңа формула: саясат = экономика

«Нарықтық экономика», «саясат» деген түсінік бар. Бірақ біздің қоғам күні кешеге дейін осылардың бір-біріне қатысы жоқ бөлек құбылыс сияқты қарап келгені анық. Экономика өз алдына, саясат пен қоғам деген мәселе жеке қаралды. Бұл да бір өткен тарих. «Қаңтар оқиғасы» көп жағдайда мәселеге жаңа қырынан немесе бажайлап мән беруді қажет еткені рас.

Алдымызда парадигмалық өзгеріс тұр. Саясат пен экономиканы тең қарау. Енді осы бір формуланың түбіне үңіліп көрелік.

Нарықтық экономика дегеніміз – бәсекеге қабілеттілік. Бәсекеге қабілеттілік дегенде, көз алдымызда бірнеше тіл игерген, өз ісіне білгір, жоғары сұранысқа ие маман, менеджер елестейтіні анық. Мұндай ұғымның туындауына «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» ұстанымының азды-көпті «салқыны» тигенін байқаймыз.

Бәсекеге қабілеттілік нарықтық экономиканың идеологиялық бастауы болған либералды ойлардан басталды. «Адам баласы саясатта болсын, экономикада болсын, жалпы, қоғамның түрлі саласында бәсекеге қабілеттілігімен ғана алға шығуы керек» деген ұстанымнан туды. Мұндай бәсекелестік арқылы қоғамның айнасы болу үшін алдымен жариялылық қажет болды.

Ал саясаттағы бәсекелестікке әрбір партия сайлау додасында жария, легитимді түрде жеңіске жетуі жатады дер едім. Саяси додаға түсудегі мүмкіншіліктің барлық топтар мен таптарға, әлеуметтік және саяси жік өкілдеріне бірдей шарттылықтың болуы негізінде іске асуы.

Президенттің «Хабар» арнасындағы сұхбатында алдағы уақытта «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» тұжырымының орнына саясат пен экономиканың қатар дамытуды бағдар ету кезеңі басталғанын мәлімдеді.

Қазақстанды алдағы күзде саяси реформалардың күтіп тұрғанын аңғартады.

Тағы бір саяси реформа Парламент Мәжілісін күтіп тұр. Көппартиялықтан «жан-жаққа тартады» деп қорықпау керек. Бір-біріне бәсекелес партиялар арқылы Президент айтқан саяси мәдениет қалыптасады. Қазір қазақстандық саяси мәдениетті қалыптастыру жайында жиі айтылып жатыр. Саяси мәдениет бірнеше кезеңдік тұрғыдан қалыптасады дейміз. Бұл енді теориялық тұрғыдан алғанда. Яғни қоғам саясаттану мен өзге де қоғамтану курстары және түрлі деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге т.б. ақпарат ресурстарындағы дискурстар мен мәліметтер негізінде қалыптасады. Оның практикалық бағытына Парламенттегі бір-біріне бәсекелес түрлі партияларды жатқызамыз. Себебі партиялар қоғамның түрлі жіктері мен топтарының мүддесін қорғайды. Қоғамдағы түрлі топтар мен таптардың мүддесі мен мәселесі ең алдымен алаңда емес, Парламент қабырғасында айтылуы керек. Жалпы, оның теориясы да, практикасы да қоғамдық-саяси мәдениетті қалыптастыруға жұмыс жасайды. Қазақстанның саяси жүйесін саяси бәсекелестік кезеңі күтіп тұр.

Руслан АҚМАҒАНБЕТОВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану және саяси технологиялар

кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторант 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста