Жаңа Рим папасы кім болуы мүмкін?

Жаңа Рим папасы кім болуы мүмкін?

Қазақстан мұсылмандары үшін Бас мүфтидің ауысуы тың жаңалық болса, ақпанның 11-і күні Рим Папасының жасаған мәлімдемесі де жалпы саны бір миллиард екі жүз мыңды құрап отырған католик әлемі үшін күтпеген жаңалық болды. Ол мәлімдемесінде жуырда қызметінен кететіндігін денсаулығы жарамайтындығымен түсіндірді.
XVI Бенедикт (Йозеф Алоис Ратцингер) 1927 жылдың 16 сәуірінде Германияның оңтүстігінде діндар отбасында дүниеге келген. Ол Рим католик шіркеуін 1055-1057 жылдары басқарған Папа ІІ Виктор­ден кейінгі неміс ұлтынан таңдалған екінші пон­тифик. 1523 жылдан 1978 жылға де­йін Папа тағына тек италиялықтар отырып кел­ді. Ал Рим католик шіркеуін екі мәрте француз ұлты өкілдерінің басқарғаны заң жү­зінде мойындалмады. 1978 жылы ал­ғаш рет поляк ұлтының өкілі Иоанн Павел ІІ таққа отырғаны мәлім.
Ратцингер 2005 жылғы 19 сәуірде осы ла­уазымға тағайындалған Римнің 265-папасы болып табылады. Бұған дейін 1415 жылы XII Григорий өз еркімен киелі тақтың жоғарғы басшысы орнын босатқан. Сондай-ақ ол XII Климент кезінен бергі жасы ең үлкен мемлекет басшысы. Жасы қазір 85-те.
Жалпы алғанда, католик шіркеуінің жо­ғар­ғы басшысының толық лауазымы бы­лай болып келеді: ол – Рим епископы, Иса Мә­сіхтің өкілі, апостолдар князының кө­мек­шісі, ғаламдық шіркеудің жоғарғы пон­ти­фигі, Батыс, Италия патриархы, Рим про­винциясының архиепископы әрі ми­трополиты, мемлекет-қала Ватиканның монархы.
1870 жылы I Ватикан соборында Рим Па­пасының сенім мен моральға қатысты істерде қателеспейтіндігі мен күнә жаса­май­тындығы догматы қабылданған. Бір­е­гей теократиялық мемлекет болып табы­ла­тын Ватикан басшысы Рим Папасы осы мем­лекеттің зайырлы әрі рухани көш­бас­шысы болып табылады.
XVI Бенедикт осы қызметті сегіз жылдай ат­қару барысында Константинополь па­триар­хымен диалогты жандандыруға күш салып, 2006 жылдың қараша айында Стамбулда І Варфоломеймен кездесуі үлкен тарихи оқиға болды. Бірақ жағымсыз оқиғалар да кездеспей қалмады. Айталық, шіркеу қызметкерлерін педофилдік әрекеттері үшін жазалау керектігі мәселесі де 2010 жылдары жиі көтерілді. Оның 2006 жылы Регенсбург университетінде (Гер­мания) лекция оқу барысында ис­лам­ды күш көрсету, зорлық әрекеттерімен байланыстырғаны ислам әлемінің үлкен қарсылығын туғызды.
Ал Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастар Тәуелсіздіктен кейінгі 1992 жылдың қазан айынан бас­тал­ды. Өзара ынтымақтастық туралы ке­лі­сімге қол қойылған 1998 жылы Қарағанды қа­ласында Орта Азиядағы бірінші ка­то­ликтік жоғары оқу орны «Мәриям − шіркеу ана­сы» деп аталатын рухани семинария өз жұмысын бастады. Қазақстанның Мемлекет басшысы – бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде осы бағытта саяси қадам жасаған алғашқы президент. Деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта республикада Рим-католик шір­кеуі­нің 79 субъектісі діни қызмет ат­қарады.
2011 жылы Рим Папасы ІІ Иоанн Павел Астанаға келіп, Елбасымен кездесіп, өз сө­зінде «Ашықтық пен ынтымақтастық ру­хы сіздердің дәстүрлеріңіздің бір бөлігін құрайды. Өйткені есте қалмас ескі заман­дар­дан бері Қазақстан түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің бейбіт тоғысқан жері бо­лып келеді» дегені Қазақстан жұрт­шы­лығының есінде.
2012 жылдың 18 қазанында Мемлекет бас­шысы «Қазақстан Республикасы мен қасиетті тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қой­ды. Бұл заң жобасы Рим-католик шір­кеулері діни бірлестіктерін Қазақстан Рес­пу­бликасы заңнамасының діни бір­лес­тіктерді тіркеу және қайта тіркеу мәселелері жө­ніндегі қағидаларын сақтау үшін жасалды. Осыған орай берген түсініктемесінде ҚР Дін істері агенттігі басшысы Қ. Лама Шәріп қасиетті тақпен қатынас орнағанымен, католиктердің Қазақстанда көбейіп кету қаупі  жоқ екенін мәлімдеді.
XVI Бенедикт те атышулы мәлімдемесін жасамас бұрын ҚР Парламенті Сенат төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдап, еліміздің дінаралық әрі ұлтаралық бейбітшілікке ұйытқы болып отырғанына жоғары баға берген болатын.
Бүгінде жаңа Рим Папасы болып кім та­ға­йындалатыны қызу талқылануда. Қазіргі үміт­керлер қатарында Нигерия кардиналы Фрэнсис Аринзенің есімі жиі ауызға ілігуде. Сон­дай-ақ афроамерикалық Питер Терксон мен канадалық кардинал Марк Уэлле де өзгелерден озып тұр.
Конклав (кардиналдар әріптестігі) Рим­нің жаңа Папасын наурыз айының соңына дейін сайлауы тиіс деп күтілуде.
Қорыта келгенде, Рим Папасы ауысса да, Ватиканның өзге елдермен дипло­ма­тиялық қатынастары аса өзгере қой­майтыны анық.
Құдайберді БАҒАШАР, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты, дінтанушы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста