Жапон қызы, қазақтың келіні ретінде Елбасы Н. Назарбаевқа иіліп сәлем салды
Бүгін Ақордада Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы Қазақстан әйелдер қауымы өкілдерімен кездесуі барысында жапон қызы, қазақтың келіні Сэрина Сунагава Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа салтымызға сәйкес сәлем салды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.
"Мен жапон қызымын, қазақтың келінімін. "Астана-операның" солистімін. Жалпы қазақ пен жапон ұқсас халықтар. Мен қазақтың салтымен, жапонның дәстүрімен Сізге сәлем саламын", - деп иіліп сәлем салды Сэрина Сунагава кездесу барысында.
Елбасы бұған ризашылығын білдіріп: «Бақытты бол» деді.
Айта кетейк, Сэрина Сунагава "АстанаОпера" театрының балеринасы. Ол өзінің балалық шағын Окенава аралында өткізсе, кейін Санкт Петербор қаласында ресейлік балет мектебін тамамдаған. 2005-2013 жылдар аралығында Астанадағы К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында еңбек етті. 2013 жылдан "Астана Опера" театрында. Опералық әртіс Сүндет Байғожинге тұрмысқа шыққан. Екеуі отбасында Сәния атты төрт жасар қызды тәрбиелеп жатыр.
"Астана- Опера" секілді театрда өнер көрсету менің арманым болған еді. Қазір менің арманымның бәрі осы театрда көрініс тапқан, ол орындалды. Осы үшін Сізге үлкен алғысымды айтқым келеді", - деді қазақтың келіні Сэрина.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу